Главная Статьи Природа Ақбөкенді жалмаған жұт

Ақбөкенді жалмаған жұт

Ақмола облысының аумағында жыл басынан бері 207 ақбөкеннің өлі денесі табылған. Соның ішінде 139-ы аталығы болса, 68-і аналық киік.



:goat:Арқадағы ақбөкендердің басына тағы зобалаң орнады. Бұған дейін екі аяқты айуандардың қатыгездігінен қырылса, енді оларды көктемдегі жұт жалмап жатыр. Байқоңырдан зымыран ұшқанда Арқаның ауа-райы күрт өзгеріп, қыстың өзінде жаңбыр жауады. Қорғалжын тұрғындары алғашқы жауын биыл 18 ақпанда жауғанын айтады. Одан кейін үш рет жауған. Тіпті, наурызда 7 сағат толассыз жауған жауыннан, күннің бір жылынып, бір суығанынан қатқан көк мұздан түз тағылары тағы жайрады. Сайын далада, төбе-төбенің басында қырылған киіктердің өлексесі шашылып жатыр.


:goat::goat:Құзырлы комитет (Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті) жыл басынан бері бір ғана Ақмола облысының аумағында 207 ақбөкеннің өлексесі табылды деген ақпарат берді. Мұндай факті Астрахань, Егіндікөл, Қорғалжын, Целиноград аудандарының аумағында тіркелген. Бұл Қорғалжын қорығы аумағында ғана табылғаны ғой. Жергілікті тұрғындар Партсъезд, Талдысай, Баршын, Соналы ауылдарының территориясында киіктердің көп қырылып жатқанын айтады. Нақты қанша киік қырылғанын ешкім санай алмайды. Бірнеше мыңға жеткені анық.

:goat::goat::goat:Аштықтан жан сауғалаған ақбөкендер азық іздеп жанұшырып, ауыл-ауылға дейін кіріп кеткен. Жуырда сондай бейнежазбаның екеуін алдым. Бірі – Баршында, екіншісі – Сабынды ауылында түсірілген. 10 шақты киік Қорғалжын ауылына кіріп кетіпті. Текті жануарлардың әлсіздігін пайдаланған бір оңбағандар текелерінің мүйізін кесіп алыпты. Айтпақшы, «Охотзоопром»-ның қызметкерлері қарды күреп, далаға шөп шашқанымен түз тағылары ол шөпті жемейді екен. Қорғалжынның халқы киік түгілі, жылқылардың да құлын тастап, көтерем болып құлап жатқанын айтып, дабыл қағуда.

:goat::goat::goat::goat:Киелі жануарлар жұттан адамдардан араша сұрауда. Бірақ бұл зобалаң да адамның қолымен жасалғанын білмейді-ау. 1993 жылы да осындай жағдай болып, арып-ашыған ақбөкендер ауылға, мал қораға тығылған. Бәріне ауа-райы кінәлі дейміз-ау! Бұрын-соңды қыстыкүні жаңбыр жаумайтын еді. Қазір Байқоңырдан зымыран ұшса, қыстыгүні де жаңбыр құйып тұрады. Ресейліктер малдың, жан-жануарлардың жүдеген кезін күткендей ұшырады. Биылғы жұт – осыған дәлел.

:rocket:Байқоңыр қазаққа сор болып тұр, қайтейік! Жуырда Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов Үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдап, Байқоңырдан құрамында гептилі бар шикізатты зымыран отыны ретінде пайдаланатын зымыран-тасығыштарды ұшыруға тыйым салу мәселесін қарауды ұсынды. «Байқоңырдан ұшырылған алғашқы ғарыш кемесінен бастап (1959 жылдан бері) Қазақстан жеріне және Алтай өлкесіне 600-ден астам зымыранның қалдықтары құлаған. Уыты аса жоғары «қоқыстың» салмағы – 3 мың тоннадан асады! Байқоңырдан ұзақ уақыт бойы «Протон», «Циклон», «Днепр», «Циклон-М» зымырандары ұшырылып келді. Олардың қозғалтқышына сұйықтық ретінде диметилгидразин мен гептил қолданылды. Гептилдің қауіптілігі сол, бір литр суға микрограмы араласса, адам өліміне әкеледі.Мәжіліске Жезқазған өңірі тұрғындарынан Байқоңырға қатысты хаттар келуде. Халық әсіресе космодромның қоршаған ортаға жағымсыз әсері салдарынан аймақта жүйке жүйесі мен ісік ауруларының көбейіп кеткеніне қатты алаңдауда. Қарағанды облысы онкологиялық аурулар бойынша республикадағы бестікке кіреді» деді депутат. Жөн сөз. Халықтың сөзін жеткізді. Алайда, депутаттың бұл жанайқайына Үкімет басшысының құлақ асатынына сенбеймін!

:rocket::goat:Екі жыл бұрын, 2019 жылы 29 наурызда Әлімжан Құртаев бастаған Сенат депутаттары (А. Бейсенбаев, С. Еңсегенов, М. Жолдасбаев, М. Көбенов, Е. Мамытбеков, Е. Сұлтанов, М. Бақтиярұлы, Н. Қылышбаев) Премьер-Министр А. Маминге киіктерді қорғау бойынша жеке заң қабылдау жөнінде ұсыныс айтып, сауал жолдады. Үкімет басшысы сол кезде заңдарға енгізілген өзгерістерді тізбелеп, «жеке заң қабылдауды орынсыз деп есептеймін» деп сырғытпа жауап қайырды. Ол киік атуға мәңгілік мораторий енгізу, Қорғалжын-Теңіз аумағында ұлттық парк құру, ақбөкендерді қорғайтын ұйым мен қоғамдық қор құру туралы бастамаларды да қолдаған жоқ.
:rocket::goat::rocket:Қазақстанда киіктерді мұндай жұттан қорғайтын жүйе жоқ. Себебі, ондай жүйе де, заң да жоғары лауазымды шенеуніктерге керек емес! Бұлай қол қусырып отыра берсек, түз тағылары тұқымымен тұздай құриды. Ұлттық парк ашу туралы идея осы мақсатта айтылған. Жемқорлардың «асқазанындағы» миллиардтардың бір бөлігін осы мақсатқа жұмсасақ, Алланың алдында өте бір сауапты іс жасаған болар едік.

:rocket::rocket::rocket:Соңғы 15 жылда Байқоңырдан ұшқан зымырандардың 4 ірі апаты тіркелді: 2006, 2007, 2013 және 2018 жылдары. Соның соңғысы Ұлытау ауданының аумағына құлаған «Союз МС-10» және «Союз-ФГ» зымыран-тасығыштары. Қазақ ғалымдары топырақты тазартуға 10 жылдан 30 жылға дейін уақыт қажеттігін дәлелдеген. Байқоңыр бізге сор болды! Сорымыз емей немене, Ресейдің құлаған бір зымыраны топырақты 20-30 жылға зақымдап, күйдіріп жібереді екен. Демек Ресейден Байқоңырды жабуды халық болып талап етуіміз керек!

🤔🤫Қазақстанға Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді. Біздің Сыртқы істер министріміз Мұхтар Тілеуберді онымен кездесуде Байқоңырдан ұшқан зымырандардың кесірінен қазақ даласында жазықсыз жануарлардың қырылып, адамдардың ауруға шалдығып жатқанын айта ала екен?!. Әй, қайдам? Абайтанушы ғалым Сұлтан Ыбырай айтқандай, «ақбөкен байғұстың тағдыры қазақтың өз тағдыры сияқты»...болып тұр.

145