Главная Статьи Путешествия 2025 жылы Жетісуға 3,5 млн турист келеді

2025 жылы Жетісуға 3,5 млн турист келеді

Алматы облысының туризмдік әлеуеті жоғары. 2025 жылға қарай Жетісуға 3,5 млн турист келеді деп жоспарлануда. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықпен онлайн форматта өткізген бапсасөз мәслихатында баяндады.

Жер Жәннаты Жетісудың туристік орындар өте көп. Соның ішінде Жетісу маржаны – Алакөл. Сондықтан көлдің жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлінуде.

Қазіргі таңда әуежай салынып, теміржол байланысы орнатылды. Ақши ауылына апаратын 23 шақырым жол төселді.

«Туристерге арнап жасалған жағдай нәтижесінде бір маусымда демалушылар саны 1,3 млн адамнан асады. Жыл сайын туристер саны артып келеді. Біз Алакөл жағалуын дамыту жұмыстарын жалғастыра береміз. Мен өткен аптада Прьемер-Министр Асқар Маминның қабылдауында болдым. Іскерлік кездесуде Алматы облысындағы бірқатар мәселелер айтылды. Оның ішінде Үшарал әуежайындағы ұшу-қону жолағын қалпына келтіру және тазарту құрылғылары бар кәріз жүйесін салу жобалары қолдау тапты. Сондай-ақ, өзге де бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік туды»,- деп атап өтті Амандық Баталов. 

Айта кету керек, Алматы облысында тау кластеріне де басымдық берілмек. Бұл мақсатта, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарына тау шаңғы курорты салынбақ.


Дарын ҚҰРМАНҚҰЛ

82