Главная Статьи Путешествия Іле-Алатауында визит-орталық ашылды

Іле-Алатауында визит-орталық ашылды

«Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғашқы визит-орталық өз жұмысын бастады. Аюсай шатқалында орналасқан орталықта келушілерге арналған танымдық орталық қызмет атқаруда. Туристер үшін салынған арнайы кешеннен, сіз ұлттық парк туралы толық ақпарат ала-аласыз.

Визит-орталықтың модулі экологиялық материалдардан жасалған. Ғимараттың негізіне бетон құйылмай, оның орнына металл байлауы бар геобұрандалар қойылды. Жобаны танымал сингапурлық архитектор дайындаған. Ғимарат Аюсай шатқалының ландшафтына үйлесіп тұр. Визит-орталық WI-FI интернет желісіне қосылған.   «Аюсай» визит-орталығы үш модульден тұрады. Әр модуль шамамен 200 шаршы метрден қралған.  Осы тәжірибені пайдалана отырып, Алматы облысындағы өзге де ұлттық парктерде визит-орталықтар салынуы мүмкін. 


Дарын ҚҰРМАНҚҰЛ 

70