Болгариялық Ванга таныған Қарақұмның қарашалы Қарамолда

28 Января 2015 0 2790
Поезда көршім Қазалы өңірінің тумасы Аманжол аға болды. Жолға шыққанда құдай қосқан көршің, әңгімешіл, тереңнен сыр шертетін, әр-түрлі оқиғалардың басын шалатын адам болса деп тілейтінмін. Бұл жолы Алла сәтін салып осы ағаны кезіктірді. Аманжол аға Пайғамбар жасқа келіп қалған екен. Танысып болған соң не қызмет істейтінімді сұрады. Өлкетану саласы екенін, осындай ел аралап деректер жинаұтап, насихат жұмыстарын жасайтынымды естігенде төбесі көкке жеткендей болды. Айналайын інім осы сені маған Алла өзі кезіктірген шығар деп қуанып қалды. Әңгіме төркіні осы тұста ақтарыла кетті. Аманжол ағамыз Қазалы өңіріндегі Қарақұмда Тапа деген елді мекенде құмның ішінде тұрады екен. 20 жылдан бері құм арасынан табылып жатқан қаншама тарихи жәдігерлерді жинақтап жүрген жайы бар екен. Бірақ сол жәдігерлерді ешкім мән беріп, алып барған мұражайлары аса бір қызығушылық танытпайтындығын алға тартты. Бірнеше мекеменің табалдырығын тоздырыпты. Ақыры көңілі қалып өкпесі қарақазандай болып, ренішін маған айтып сыр ақтарды. Менде әңгімесін қалт жібермей қызығып тыңдап отырмын. Сөз арасында  Аға, сіздің өңірде қандай тарихи-рухани орындар бар дегенімде, оу бізде үш жүзге Пір болған Мүсірәлі  кесенесі, Сараман-Қоса мұнарасы, Бегім ана мұнарасы, Қосым баба, Қуандық әулие, Жанқожа батыр, Қорқыт бабамыздың кіндік қаны тамған Жанкент қаласы, ескіні айта бермей берідегі әлемді аузына қаратқан көріпкел Болгариялық Ванга таныған Қарақұмның қарашалы  Қарамолда әулиеде бізде ғой дегенде қызыққаным сонша поездан бірге түсіп қалғым келгені. Ағаның әңгімесі еліктіріп барады. Ағылып тұр. Алматыдан құдалықтан келе жатқан ағамыз бар сырын ақтарып шер тарқатты –ау, арасында бет орамалымен терін сүртіп қояды. Мені күтіп алып, сол орындарға алып бара аласызба, деректерін жинақтап газет беттеріне беруге жақсы екен әрі насихат жұмыстарыма да тың дүниелер болатын еді дедім. Аға келісімін берді. Сәтін салып жатса кел деп Қазалыдан түсіп қала берді. Ақтөбеден келген соң Қазалыға деген сапар ойымнан еш шықпады. Арада бірнеше уақытта өте шықты. Бір жыл дегенде сәуір айында Қазалы қайдасың деп жолға шықтым. Аманжол аға құшақ жая қарсы алды. Астымызда  Нива көлігі. Автокөлік жүргізушісі Тауасаров Қазулла Аймаханұлы. Ветстанцияның кіші мал дәрігері болып қызмет етеді. 2-ұл, 1-қыз тәрбиелеп, ұлды ұяға қызды қияға қондырып ердің жасы 50 асқан жігіт ағасыда сапар барысында қызықты әңгімелерімен бөлісетіндігін айтып өтті.  Аманжол ағаның үйі құмға жартылай көміліп тұр. Үйіне енгенде құдды бір өзге әлемге енгендей болдым. Бірнеше жылдан бері жинақтап жүрген заттары шкаф үстінде қатарласып жиылып тұр, Көздің жауын алады. Бейнетаспамды қосып ағадан сұхбат алудыда бастап кеттім. Сөреде тұрған дүниелерді фотоға түсіріп жүрмін. Сұхбатымыз бір сағаттан аса уақытқа созылды. Осы заттарды тауып жүрген жерлерін аралатып көрсетті. Темір балқытқан ошақтардың орындары, тастарды майдалап уатып, қажетті жебе ұштарын жасаған орындарда көзге көрініп тұр. Айта берсең ашық аспан астындағы мұражайға тап болғандаймын. Сол кездегі Жанкент, Ресей, Самарқан аралығына қатынаған  керуен жолдары әлі күнге дейін құпиясын ішіне бүгіп жатыр. Біз ағаның үйіне келе жатқанда жолшыбай бізбен 100 шақырымды осы керуен жолы ілесіп отырған болатын. 100-ден аса жәдігер жинақтап қойыпты. Кішігірім мұражайға айналдыруға болатын дүниелер. Мүсірәлі пірдің кесенесіне құран бағыштадық. Дана Қорқыттың туылған қаласы Жанкентті тамашаладық. Бар күш жігерін елін қорғауға қиған Жанқожа батырға тағзым еттік. Сапарым әлі де жалғасын табатынына көзім жетті ағаның айтқан әңгімелерін естігенде. Әсіресе Қарамолда жайлы айтқандары  қызықтыра түсті. Әңгіме төркіні ағытыла кетті. Аманжол аға ел ішінде Қарамолда аталып кеткен 1992 жылы 100 жасында қайтыс болған Әлмұхаммед Қалдыбайұлы деген қария туралы  былайша әңгімелеп берді: «Қарамолданың әкесі қарапайым шаруа адам болған екен. Ол 12-13 жасында елге келген көшке ілесіп, Ташкентке кетеді. Сөйтіп сондағы  «Көкілташ» медресесінде ілім алып, елге сегіз жыл дегенде оралады. Жылдар бойы хабарсыз кеткендіктен ата-анасы Әлмұхаммедті қайтыс болды деп ойлап, сыртынан жаназасын оқып, жетісі, қырқы, жылдық асын да өткізіп қойған екен. Сонымен елге оралған соң Қарамолда адам емдей бастайды. Біздің Қазалы өңірінде ол кісіге емделмеген адам кемде-кем шығар. Өзі көп сөйлемейтін, сабырлы болатын. Абайдың өлеңдерін жатқа айтатын, Лев Толстойдың шығармаларын оқитын. Емделуге келген адамдарға: «Менің қолымнан не келеді? Бәрі Алла-тағаланың қолында, Алладан жәрдем сұраңдар», – деп отырушы еді. Емдегені үшін ешкімнен ақы сұраған емес. Содан соң оқытылуға тағы да келейін бе деп сұраған адамдарға: «Сонша жерден жолақысын шығындап, уақытыңды кетіріп шаршап неғыласың, Алладан медет сұра», – деп ақыл-кеңес айтқандарын естігенмін. Менің әкем ол кісіден біраз жас кіші болса да, арақ ішпейтін адам болған соң ба біздің үйге келіп, аралас-құралас болып тұрған.
Күні бүгінге дейін адамдар ол кісінің үйіне балаларын апарып, сүндетке отырғызып қайтады. Қара шаңырақта бүгінде 72 жастағы ұлы Жақсылық отыр. Өткен аптада менің құдам екі немересін апарып жатқызып келді. Жәкең баласын ертіп барғандарға: «Бәрі Алланың қолында, бейітінің басына құран оқып, төсегіне аунатып көріңіздер, Алла қаласа, сүндеттеліп қалар», – дейді. Шынында да осылай жасағанда бала сүндеттеліп қайтады. Әрі балаларды киелі адамның батасын алып қайтсын деп апарамыз. Жәкеңнің де ілімі күшті. Ол кісі Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, кейінгі ұрпаққа үлгі етіп отырады.     
1963-64 жылдары Қарамолдаға Болгариядағы Ванга украиналық 3-4 адамды емделуге жіберіпті. «Қазақстанда құмның арасында бір қария кісі отырады, сендердің науқастарыңның емі сол кісіден», –  деген екен. Анық қандай аурумен ауырып келгенін біз білмейміз, ол кезде жастау едік. Бірақ естігеніміз бар. Оны ұлы Жақсылық бізге былайша әңгімелеген еді: «Әкеме емделуге жер-жерден адам келуші еді ғой, – дейді ол. – Ванга жіберді деп келген сол адамдар екі қап консерві әкелгені есімде. Мұсылмандар үйінен тамақ бермейді деп естіпті. Әкем мал сойдырып күтіп алды. Кетерінде әкелген консервілерін бізге тастап кетті. Ол кезде консерві дегенді көрмегенбіз, таңсық қой, соны жеп мәз болғанымыз есімде. Ол кезде біз бала едік қой»-деп күлген екен. Ағаның әңгімесі таң атысы күн батысы жалғасын таба берді. Көз алдымда Бегім ана мен Сараман-Қоса мұнаралары сағымданып тұрды. Бұл орындар жайлы да өздеріне бергісіз аңыз-әфсаналары бар.
Жүз жасаған Қарамолда – Әлмұхаммед Қалдыбайұлы туралы аңызға бергісіз әңгімелер осындай. Қазалы сапарынан көргенімізбен түйгеніміз көп болды. Қазақ даласының әр өңірі өзіне тән сыр-құпиясын сақтай білгендігіне көз жеткіздік. Сәтін салса сапарымыз әлі жалғасын табар деген оймен елге оралдық.

 

 

 Ерлан Сыздық -Тұран Телеарнасы



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Алаколь – закрытие зимнего сезона

Съемочная группа телеканала «Туран ТВ» совершила увлекательную поездку на озеро Алаколь.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Ошибка!

Kohana_Exception [ 0 ]:Untrusted host turantv.kz. If you trust turantv.kz, add it to the trusted hosts in the `url` config file.

Венруться назад

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

23 Сентября 2018 04:00

NOMAD EXPLORER: Ұлытау мұрасы 6 серия (каз)

23 Сентября 2018 18:00

ыбалка в водоемах Казахстана: Трофеи Авалона в Казахстане 2 часть

23 Сентября 2018 19:30

Беркутчи. Турнир "Сонар"

23 Сентября 2018 19:45

K2 mission impossible

23 Сентября 2018 20:00

Ото всюду обо всем: парк Гуэль

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram