Инфотур. Шарын.

12 Января 2015 0 2770

 

Шарын шатқалынан Ақсу шатқалына дейін немесе Ақбұлақтағы бас қосу.

   Қазақ мәдениетінің қаймағы Алматы қаласы жайлы сөз қозғағанда шіркін-ай демейтін қазақ кемде –кем. Қарасаң көзің тоймас айдын шалқар көлдерімен, қайталанбас өзіндік сұлу табиғаты, заңғар Алатауы, еренді орманы, әлемде теңдесі жоқ шатқалы дүниенің төрт бұрышынан келетін шет елдіктерді тамсандыру үшін қазақтың маңдайына біткен құт мекен. Шет елдік былай тұрып өзіміз әлі түп тамырына шейін тамашалап, сырына қанығып, құндылығын бағалап,мол әсерге бөленіп, көздің жауын алатын тастан тасқа соқтығысып ағып жатқан бұлақтары, әр бір аршасы мен аққайыңы, талай қарлы жауынды бастан өткізген қара тастың өзінде қаншама ақтарылмаған құпияға толы дүниелер барына толық көз жеткізген жоқпыз. Сол құпияны ашуға бір тамшы болсада үлес қосу үшін алманың атасы Алматыға табан тіредік.

 «Ақ бұлақ» шипажайы

Жол азабын жүрген біледі дегендей шаршағанымызды білдіртпей Алматы облыстық туризм басқармасының мамандары құшақ жая қарсы алды. Себебі осы  жылдың 19-22 қараша аралығында Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының 2015 жылға дейін туристік аймақтарын пайдалану бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарының шеңберінде мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің туристік мүмкіндіктерін пайдалану бойынша семинарына қатысушыларды «Ақ бұлақ» шипажайына орналастырды.

Алматы қаласынан 15 км жерде Талғар ауданының Алатау бөктеріндегі Шымбұлақ шатқалында орналасқан бүгінгі заманның талабына сай күрделі жөндеуден өткен шипажай кезінде космонавттардың ұшып келгеннен кейін денсаулығын сауықтыру орны болып белгіленген екен. Себебі табиғаты әсем, оттегіне бай, 250 метр тереңдіктен шығатын минералды суы, сылдырлап қысы-жазы ағатын өзені, қайың, шырша, емен ағаштары, жүзу бассейін мен спорттың түр-түріне орындары толық дем алып дене сауықтыруға барлық жағдай жасалғандығы көрініп тұр. Өзімізді де сол косманавт ұшқыштарындай сезіндік таңғысын шипажай ауласына көз салғанда.

2002 жылы жаңадан салынған 3 қабатты емдеу орталығы бүгінгі заманның талабына сай диагностика, емдеу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Емдеу орталығында  жүрек, қан-тамырлары, асқазан, ішек, бүйрек, жыныс бездері, бауыр, өкпе, жүйке-нерві, буын, сүйек омыртқа, әйелдер мен ерлердің жыныстық аурулары, аллергия мен тері ауруларына арнайы жобамен емдеу тәсілдері жолға қойылған. Емдеу тәсілдері адамның жасына, қан-құрамына, өмір сүру тәртібіне, тамақтану әдісіне байланысты әр адамға жеке бағдарламамен қолданылады екен.

Емдеу түрлері табиғи, халықтық медицинасына сүйене отырып, шөптің бірнеше түрлерімен, балшықпен, минералды суменен, инемен,  сүлікпен, тұзды немесе оттегімен азондалған ауамен, денені шлактан, улы заттардан тазарту әдістерімен /қан тазарту, бауыр өтін жуу, ішекті минералды сумен тазарту/,  тағамның ішу тәртібін реттеу немесе аспен емдеу, қымыз, шұбатты пайдалану, әртүрлі дене шынықтыру тәсілдерімен ауру денені қалпына келтіру, тоқпен, жарықпен, шунгит тасымен және денені үзу, су астында омыртқаны созу, массаждың әртүрлі әдіс-тәсілдері қолданылады. Шипажайға келген адамдар ем алумен қатар Алматы, Алматы облысының тарихи ескерткіштерімен көркем сәулеттеріне экскурсия жасап, бос уақытында би, ойын-сауық, кино, концерт тамашалап, спорттың түр-түрімен айналысуына барлық жағдай жасалғандығының куәсі болдық.

Майталмандар бас қосқан семинар.

Семинар Талғар ауданына қарасты «Алатау» шаңғы тебу орталығында өтті. Алғаш сөзді Алматы облыстық туризм басқарма басшысы Самат Қуанышұлы алып, өз кезегінде Алматы төңірегіндегі керемет табиғат байлықтарын бағалай келе туристерге деген жағдайдың жан-жақты камтылып, ішкі турзимді дамытуда көптеген жұмыстардың атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Табиғат ананың қойнауына сүңгітіп жіберетін экологиялық туризмды дамыту жолдары  жақсы жолға қойылғандығы жайлы әңгіме қозғалды. Ішкі және сыртқы туризм ассоцациясының президенті Анатолий Анатолиұлы, Қазақстан туристік ассоцациясының координаторы Айгүл Жұматайқызы, Ақмола облыстық туризм бас маманы Серік Рахметұлы, Оңтүстік Қазақстан облыстық туризм маманы Жанар Шәріпқызы, «Алтын Емел» ұлттық саябағының директор орынбасары Данияр Ғалымұлы тағы басқада өз саласының білгір мамандары сөзге шығып, қазіргі кездегі ұлттық саябақтардағы өңірлердегі экологиялық туризм саласын   дамыту жолында көптеген жетістіктер барын айтып өтті. Бұл бас қосуға Қазақ даласының төрт бұрышынан  Батыс, Ақмола, Қостанай, Атырау, Қызылорда, Алматы, ОҚО-нан келген нағыз ішкі туризм саласының мамандары мен БАҚ өкілдері, «Тұран» телеарнасы бас қосты. Семинардан түйгеніміз «бір ел, бір мүдде, бір Отан» қағидасын ұстана отырып, табиғат ананың бізге берген сый «Іле Алатауы», «Алтын Емел», «Шарын шатқалы», «Көлсай көлдері», «Жоңғар Алатауы», Алакөл мен Алматы табиғи саябақтарының әлеуетін арттырып, барымызды бағалап, керемет дүниемізді шет елдіктерге барынша насихаттап, жылдан-жылға табиғи құндылықтарымыздың бағасына жету жолында  күш біріктіріп жұмыс жасау болатын. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Бұл Қазақтың байлығы. Үлес қосу әрбір азаматтың парызы деп түсіндік.

Австралиядан келген қонақ.

Қазақ халқы тар жол тайғақ кеше жүріп талай қиын замандарды бастан өткізседе мойымаған ел. Қонағын құдайындай көрген. Астындағы жалғыз атын сойып қонағының батасын алуда жан салмаған. Қаншама қиын қыстау кезеңдерде белден балшық кешіп тобықтан қан кешсседе құшағын жайып тұрып талай ұлт өкілдерін қойнына сыйдыра білді. Егемендік таңы атып, тәуелсіздік туы көкте желбіріген тұста сол барша ұлт өкілдері болып ел басына түскен экономикалық әл ауқатты арттыруда жұмыла жұмыс жасауда.  Соның бір айғағы  мұхит асып келген Австралиялық түйеқұстар (страустар) бағатын шаруашылық ашуда болатын. Иә көп естігенше бір көргенге не жетсін. Сол түйеқұстармен де кездесудің сәтін салды бұл семинар барысында. Еті, жұмыртқасы, жүні, ерекешеліктері жайлы жан жақты таныстырып жатыр бізді күтіп алған шаруашылық маманы. Жұмыртқасының 10 адамға тамақ болатынын айтып мақтануда. Қазақтың қазы қартасы, жал-жаясындай бағаланбасы анық. Қамбар атаны, Ойсыл қараны, Шопан атаны, Зеңгі бабаны, Шекшек атаны пір тұтқан қазақ үшін енді түйеқұс атасын пір тұтуды қолға алыпты. Бұл да бір қызық дүние.

Шарын шатқалы- ландшафты-палеонтологиялық табиғат ескерткіші. Шатқалдың ішіне көлікпен түсуге тыйым салынатын жаяу бағыт. Шарын  шатқалы Алматы қаласынан 190 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Шарын шатқалы- түрлі пішіндегі «қамалдар аңғары» жер бедерінің геоморфологиялық нысандарына жатады. Және әлем бойынша деп мақтанып тұрып айтуға болады, құндылығы жағынан саяхатшыларды қызықтыратын бірден- бір орын. Өйткені мұндай

қамалдар мен қорғандардан тұратын шатқалдар тек Америкада, Аризона штатында кездеседі. Келіп-кетушілерді көп қабылдайтын нысандардың бірі- Шарын шатқалында жалғыз бақылау өткізу пункті  орналасыпты. Бұл бағытта 2-көру алаңы, 1- түсу орны, 1-автотұрақ жұмыс істеуде екен. Сонымен бірге  қысқа мерзімді жалға алушылар  жұмыс істейді.  Олар 3 қазақ үй, 2демалыс орны (беседка),10 туристерге арналған қамыс үйлермен    ұлттық тағамдар дайындайтын асхана жұмысын жолға қойыпты. Сұлулығы ерекше қызылқұмды тастардан тұрады. Әр түрлі пішінде өзгеше рең беріп тұр, зер сала қараған адамға бір жартастың өзі бірнеше жануардың бейнесін елестетеді. Суреттей білген адам бұл шатқалдан қаншама табиғат кереметін тамашалап, жақсы әсерде қалады. Өйткені мұндағы дүниелерды, табиғатта қайталана бермес құбылыстар осы Шарын шатқалына ғана тән дүние деп бағамдауға болатындай. Бұл да Қазақ жеріндегі байлықтың бірі. Бір өкініштісі қақпа жанында әжетхана бар екен. Осыдан бір ай бұрын барғанамызда сол әжетхана есігі құлап тұр еді, ал бұл сапарда ол есік жерде құлап жатыр. Әттенген-ай, төрт шегені қағар азаматтың болмағаныма деп қынжылдық.

Димаш атамен қауышу.

Шарын ерен саяжайы сапарамыздың жалғасы болды. Кешкі бас қосу ұлтымыздың біртуар перзенті, арыстандай азаматы, абыздай ақсақалы болған Дінмұхаммед Қонаев атамыздың қолдауымен 1973 жылдары салынған құт мекендегі үйде жалғасын тапты. Құшақ жая қарсы алған әріптестеріміз, ақ дастарқанды жайып, абыройымызды аспандатып, ет асып күтіп алды. Күміс көмей әншілер, мың бұралған бишілер келген қонақтарға барын салып өнер әлеміне жетелеп кетті. Бұл мекенде Димаш атамыздың үйінде болып, сұхбаттасып, дастархан басында бірге болғандай қайталанбас әсер қалдырды. Есіктен амансындарма деп атамыз кіріп келетіндей болды да тұрды. Елінің елеулі, халқының қалаулы ұлдары аз болмаған, бірақ Димаш атамыздың орны бөлек. Дастарқан ақ батасы беріліп алғысымызды жаудырып «Ақ бұлақ» қайдасың деп жолға шықтық.

Әнді әуелеткен автобус.

Автокөлік ішінде кілең қазақ елінің түкпір түкпірінен келген эстрада жұлдыздары іспетті ұлттық саябақтармен туризм саласының майталмандары. Ұлттық рухымызды асырар қазақ әндерін нақышына келтіре шырқап, көңілімізді көтеріп, жолымызды қысқартқан кез еді. Себебі мұндай жиында тек бас салып қағаз бетіне шұқшиып, сандармен, түйіткілі табылмаған мәселелерге мән бере бермей, әріптестер арасындағы достықты нығайтуға да аса мән берілгені абзал. Сондай мезетте қазақ әндеріне жетер талғажау болмас. Ән падишасы Шәмші атамыздың, Ескендір Хасанғалиевтың, Марат Омаровтың, Әсет Бейсеуовтың, әр түрлі қазақ фильмдерінде шырқалған жүрек тебірентер махаббат жайлы әндері әуелеген сапар болды. Жаныңа шуақ сыйлаған әндерді шырқауда Алматылық әсем дауыс иелері Индира мен Роза, Жұлдыз, Әсем, Меруерт, Жаңаділ мен Сакеннен асар жан болмады. Айдай сұлу арулар қашанда алғы шепте көрініп тұрды. Бізде кем болмай барымызды салдық. Бірақ Алматының аты Алматы. Ән соңы құда-құдағи әзіл аралас шағын қойылымға ұласа түскенде көпшілік көңілінде шаттыққа бөленген, күлкіге кенелген сәттер өте түсті. Ұмытылмас сол бір кез.

Түйін:

Алматының табиғатына жетер табиғат жоқ. Бірақ әр жердің табиғат сұлулығы өзіне тән ерекшелігімен дараланып тұрады. Шарын шатқалындағы ішкі туризмді дамытуда жүйеленген істерді көріп қуандық. Ал бізде Оңтүстік жерінде осы Шарын шатқалынан кем түспейтін Ақсу шатқалы бар. Әсіресе Шымкенттен Қасқасуға шығар тас жолдың бойында Қарамұрт, Ханарық ауылдары арқылы осы Ақсу шатқалының төменгі жақтарын тамашалауға болады. Шарын шатқалынан асып түспесе кем түспес. Осы Ақсу шатқалының  насихаттап, өзіміздің қала тұрғындарына, көршілес облыстарға жеткізе білсек біз шет елдіктерді күтіп әлек болмайтын едік. Себебі өзімізде барды бағалап, табиғатын тамашалап үлгере алмай жатқанда өзгелер алдында өзіміздің құнды дүниелерімізді білмей тұрсақ қызара бөртпесекте, ұяларымыз анық. Бұл Оңтүстіктің қаймағы бұзылмаған мекені. Біздің ішкі туризмды дамытатын да өзіміз, бағалайтын да өзіміз. Үлес қосу әрбіріміздің парызымыз. Осындай рухымызды асқақтатар жиынның басы қасында болған Алматы облыстық туризм басқарамасының мамандары Вера Василийқызына, Торғын Ермұхаммедқызына, Нұрлан Сейілханұлына және айды аспанға шығарған Айдана қарындасымызға алғысымыз шексіз.

 

Е.Сыздық



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Алаколь – закрытие зимнего сезона

Съемочная группа телеканала «Туран ТВ» совершила увлекательную поездку на озеро Алаколь.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Ошибка!

Kohana_Exception [ 0 ]:Untrusted host turantv.kz. If you trust turantv.kz, add it to the trusted hosts in the `url` config file.

Венруться назад

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

23 Сентября 2018 04:00

NOMAD EXPLORER: Ұлытау мұрасы 6 серия (каз)

23 Сентября 2018 18:00

ыбалка в водоемах Казахстана: Трофеи Авалона в Казахстане 2 часть

23 Сентября 2018 19:30

Беркутчи. Турнир "Сонар"

23 Сентября 2018 19:45

K2 mission impossible

23 Сентября 2018 20:00

Ото всюду обо всем: парк Гуэль

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram