Инфотур Батыста

12 Января 2015 0 3432

Маңғыстаудағы инфотур.

Туризм қазіргі әлемде кез-келген мемлекет экономикасының дамуына ықпал ететін ауқымды сала. Осы заманғы әлемдік экономикада туристік   болашағы бар сала, кейбір елдерде мемлекет кірісінің негізгі көзі болып қалыптасқан. Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан  тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер сапында саналады, сондықтан болар барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне, тарихи-мәдени орындарына үлкен қызығушылық білдіреді. Туризм экономиканың басым салаларының бірі ретінде белгіленген «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың міндеттеген  туризмді дамыту мәселелеріне  қазіргі уақытта ерекше маңыз беріледі.

Бабаларымыз ақ найзаның ұшымен ақ білектің күшімен қасық қаны қалғанша қорғап, аманат еткен, сұлулығына көз тоймас, ұшан қиыры көрінбейтін, ұшқан құстың қанаты талар, шығысымен батысын жалғап жатқан шойын жолмен зулаған поезд Маңғыстау қайдасын деп зулатып келеді. Бір кездері Ұлы Жібек жолында елмен елді елдестіріп, татулық пен бірлікке, экономикалық өрлеуге бастау болған Ұлы дала қаншама тарихи кезеңдері мен оқиғалардың куәсі бола білген Маңғыстау жерінде облыстық туризм басқармасының қолдауымен  «Турист» ЖШС-і ұйымдастырған «Жұмбақ Маңғыстау» деген  мұнайлы өңірдің туризмін дамытуға арналған инфотурға (Инфотур-ақпараттық таныстырылу-іс шарасы) шақырту алғаныма қуандым. Себебі бұл шараға Қазақ даласында іщкі туризмды дамытып жүрген  20 шақты кілең майталмандармен бас қосып, олардың туристерге беретін жергілікті өнімімен ақпараттық бағдарламаларын үйрену, сол бағытта жұмысты үйлестіруге әрі ақыл-кеңес алуға деген зор мүмкіндік болса бір жағынан Түркістан төңірегіндегі туристер көріп тамашалайтын орындарды насихаттау болатын.    362 әулиенің мекені саналған Маңғыстау – Қазақстан Республикасының ішкі туризм саласын дамытуда үлкен мүмкіндігі бар өңір. Бұл жер шөл даланың керемет ландшафтарының барлық түрін, қарт Каспийдің көкшіл суы мен шексіз құмды жағажайын, көшпелі сәулет өнерінің жарқын да, қайталанбас үлгілерін, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениетін өзіне сіңіріпте, сіміріпте алған. Маңғыстауда туризмді дамытудың басым бағыттарының бірі өлкенің- экономикасын дамытуға негізделген, солай бола тұра бүгінгі таңда осы сала қызметін тұтынушылардың әлемдік нарығында облыстың туристік ресурстарын белсенді насихаттаудың аса өзекті мәселелерін қарастыру мақсатында осындай ақпараттық жиын ұйымдастырылған болатын. Шет елмен Қазақстанның түкпір-түкпірінен Алматы, Ақтобе, Атыраудан, Астраханнан және Қырғыз елінен де келген ішкі туризмде жұмыс жасап жүрген Турфирма,  телеарна  және БАҚ өкілдері қатысқан бұл жиынның берері мол болатын. Алғашқы бас қосуымыз қаламен таныстықтан басталды. Жұмсақ орындықты автобуспен қаланың көрікті жерлерін аралап жүрміз. Жолбастаушымыз Ажахметова Гүлнар ханым өз саласын жетік меңгергендігі көрініп тұр. Ақтау жайлы деректерді барынша майын тамызып 
суреттеп, әспеттеп әсерлі етіп таныстыруда. Зәулім қонақ үйлер, сауда орталықтары, жағажайдағы демалыс орындары, музейлер көздің жауын алады. Кешкісін  «Ренесанс» қонақ үйінде өткен Атырау. Орал, Ақтобе, Ақтаулық қыздардың қатысуымен өткен «Каспий аруы» атты қыз  сынының куәсі болдық. Бас жүлде Ақтаулық қыздың еншісінде қалды.Ертеңгісін сапарымызды Шақпақ ата қабырғаны ойып жасаған  мешітін тамашалаудан бастадық. Шақпақ Ата жерасты мешiтi – Шилiқұдық алқабы, Сарытас шығанағының оңтүстiгiнде орналасқан. Жолбастаушымыз Коровина Людмила ханым. Өз ісінің маманы екені көрініп тұр. Әрбір айтқан әңгімесінің майын тамызып тұрғаны. Тыңдаған сайын тыңдағың  келе береді. Мешітке кірмес бұрын Людмила ханым бізді ескі қорымдағы қошқар тастармен таныстырды. Бұл жерасты мешiтi басқа жерасты мешiттерiне қарағанда өте әсем, көрнектi құрылыс. Мешiт крест тәрiздi, 4 бөлмеден тұрады, осiндегi орталық бөлмесi күмбез тәрiздi, қабырғаларында араб әрпiмен жазылған жазулар, көптеген суреттер бейнеленген. Күмбездiң жоғарғы бетiнде квадрат жобасымен, ақбортасты сазбалшықпен отырғызылған құрылыс орналасқан.

Құрылыстың 4 жағынан 4 желдеткiш тесiгi бар. Олар жарық жарық түсiру ролiн атқарады.

        Белгiлi зерттеушi ғалым Медоев 1969 жылы бұл көрнектi құрылысты былай сипаттаған: “Ғимарат ежелгi шығыстың сәулет өнерiнiң үлгiсiмен күмбезделiп жасалған. Мешiттiң iшi мен есiктерiнiң мәнер өрнектерi көрушiнi қызықтырмай қоймайды. Ел аузындағы аңыз бойынша Шақпақ-ата қалмақтармен соғыста атағы шыққан батыр болыпты. Бұл қасиет иесiнiң қаруынан шайқас кезiнде шақпақ тастан ұшқын секiлдi от шашырайды екен, сол себептен ол Шақпақ-ата атаныпты. Мешiт бөлмелерiнiң қабырғаларында кiтаптар қоятын терезелер ойылған, олардың үстiне шамшырақтар қоятын арнайы тұтқалар ойылған. Iшкi және сыртқы қабырғаларында көптеген ойылған және сызылған эпиграфикалық жазулар, композициялық суреттер, ою-өрнектер салынған. Зерттеушiлердiң пiкiрiнше бұл өрнектер әрбiр ғасырда бiрi ерте, бiрi кеш салынған. Шақпақ ата Шопан атаның ұлы екен. Дін ислам жолында халқына қалтқысыз қызмет еткен жан екені көрініп тұр. Бөлме іштеріндегі қабырғадағы бес саусақ іздері бес уақыт намазынды ұмытпа дегенді меңзегендей. Жоғарғы қабатына көтеріліп қорым аумағын жоғарыдан тамашаладық.Табиғат кереметіне көзіміз жеткендей болды. Шақпақ ата мешіті табиғат ананың көмегімен әрлене түскен. Желдің, жауынның көмегімен сан-түрлі сұлулыққа бөленіп тұр. Мешіт бірнеше бөлмелерден тұрады екен. Зияраттап келіп жатқандар қарасы көп. Шақпақ ата мешітінен шығып Құмақапы шатқалына қарай бет алдық. Жартас астында, үңгірлі орында бізді дастархан мәзірі күтіп тұрды. Шөлпілдетіп шұбатта келді алдымызға. Шұбат артынан етте қойылды алдымызға. Табиғат сұлулығын  тамашалай жүріп қарнымызда ашқандықтан ет дегенде бет барма деп қол салдық алдымызға қойылған дәмге. Үңгір үстіне шығып жан-жағымызды тамашалап суретке алдық. Нағыз туристерді алып келетін жер екендігіне көзіміз жетті жан-жағымызға барлай көз салғанда. Дастархан батасынан кейін Торыш мекеніндегі тасты шарларды тамашалауға жүріп кеттік. Көз алдымызда қайталанбас жұмабаққа толы мекен. Әр-түрлі жануарлар пішіндегі тастардан көз алмай қарап тұрмыз. Аралап арасында жүрміз. Шет елдік туристерден бұрын өзіміз таң қалып жатырмыз. Кең байтақ даламызды Алла Тағала қаншама кереметтерімен дарытқан екен деген ойға шомдық. Жергiлiктi аңыздардың бiрiнде Маңғыстауға жерді жаулаған шегірткелер тәрізді қаптаған жаулар келіпті делінеді. Тұрғындар қолдарын көкке жайып, көмек сұрай жалбарыныпты. Кенет аспан ашылып  күн күркірейді, найзағай ойнап, нөсер жауын болады. Жаудың барлығы бір сәтте тасқа айналып кетеді. Торыш жерінің домалаған сансыз тастар алқабы - шар тәрiздес конкрециялар осылай пайда болған екен дейді аңыз сарыны.  Геологтарда оларды жаратушы процестер туралы қалыптасқан нақтылы пікір жоқ, әрине бұл ежелгi мұхиттың қызметімен байланысты жаратылғаны сөзсіз дегенді алға тартады екен. Жел мен аптап конкрецияларға жарылған немесе сынған шарлар, жұмыртқалар, саңырауқұлақтар, ұшатын тәрелкелер, кішкентай аңдардың  әсем көріністері барлығы осы шарлы алқапта топталғандай. Нағыз жұмбақ Маңғыстауға енді тап болғандай әсерде қалаға қарай бет алдық. Кешкі салқынмен таласа жүріп теңіз жағасын тамашаладық. Шараға қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп жатыр. Каспидің түнгі толқынына қарсы жүзіп суға да түсіп алдық. Жанға жайлы, көңіліңді сергітер судың кереметіне тоймай ертенгі сапарға дайындығымызды жасау үшін бөлмемізге қайттық. Түнгі жұлдыздар да жымыңдасып бізді қимай тұрғандай. Ертеңгі күніміз бүгінгі күнненде қызықты болатынына көзіміз жетті.  Таңғысын ертелеп Қараман ата жер асты мешітіне соғудың сәтін салды. Бұл жиыннан тысқары сапар болатын. Көп естігенше бір рет көзбен көргенге не жетсін. Нағыз жер асты мешіті деп осыны айтарға. Қараман Ата жерасты мешiтi – Шетпеден 35 шақырым жерде, Бекi елдi мекенiнiң батыс жағында орналасқан. Мешiт тау шатқалының төменгi қабатынан ойып жасалған, негiзiнен 3 бөлмеден тұрады. Жалпы көлемi 4 га жердi қамтиды. Бөлмелердiң ең биiгi 2,5 метрге жуық. Үлкен бөлменiң төбесi тастан құралған бағандармен бекiтiлген. Екi бөлменiң төбелерiнен жарық түсетiн дөңгелек терезелер ойылған. Ел аузындағы аңыздар бойынша, Қараман-ата Шопан-атаның тумаласы, замандасы, батыр, дiн уағыздаушы. Жергiлiктi халық көршiлес елдiң арасындағы даулы жағдайды шешу үшiн Қараман-атаның аруағына сүйенiп, анттасады екен, сонда iстiң ақ-қарасы бұлжытпай шешiледi деп сенген.  Бір кездері елі үшін жан қиған бабаларымыз бастарына әділетсіздік күні туғанда ант беріп анттасатын киелі мекен екен бұл Қараман ата жер асты мешіті. Мұнда берілген ант елеусіз қалмайды екен. Егер кімде-кім антын бұзып, келеке етіп жатса онда қандайда бір келеңсіз жағдайға душар болады екен. Аңызы мен деректері өз алдына бір тақырып. Құран бағыштап зиярат етіп болған соң тобымыздан қалып қоймай Қарақия ойпатына жеткенше асығыс жолға шықтық. Жолбастаушымыз Данилевская Александра болатын. Бір байқағанымыз әр бағытта іскерліктерін шыңдаған жеке-жеке жолбастаушылардың бары болды. Қарақия ойпаты  әлемнiң ең терең ойпаттарының бірі саналады. Оның шұңқыры өте үлкен болып келеді. Ең  терең жері – әлемдік мұхит деңгейінен 132 метр төмен орналасқан ойпаттың түбін  Батыр деп аталатын көлемдi сор жапқан. Ойпат өткен замандағы мұхит өмірінің қалдықтары бар ашылып қалған қабаттармен молайып отырады -деп ақпаратты ағызып келеді Людмила әріптесіміз. Ойпаттың сұлулығы өзгеше. Сексеуілді алқап, қамысы шулаған шағын көл, құстың неше атасы осында жүзіп жүр.Жазық алқап, ақтасты қырлар барлығы нағыз туристік нысандар. Әдейілеп қолмен жасап қойғандай. Өздеріндегі табиғат жаратылысының кереметтерін елге паш етіп жатқандарына қарап сүйсіндім, қуандым. Бұл қазақтың байлығы екеніне көңілім көншіді.

Кіру бағасы 4000 теңгені құрайтын суға шомылатын жағажайдағы демалыс орынын тамашалаумен жалғасты бұл күніміз. Каспиге шомылып рахатқа бөленіп жүрген, шекара асып өзге елдің экономикасын көтермейтін ұлтжанды жерлестерімді көргенде марқайып қалдым. Шет елдегідей тобықтан құм кешіп, суға шомылып, неше түрлі су көліктерімен серуендеп, жанға жайлы демалатын орын өзімізде де бар екеніне қуә болдым. Бізде де  жағажай демалысының жетімсіреп қалмағанына қуандым. Өз жерімде мұндай тамаша орын болмасада өз елімде болғанына риза болдым.

Соңғы күніміз қалаға келген қонақтарды жайғастыратын қонақ үйлермен танысу болды. Қалыпты бір орындық қонақ бөлмелер, бағасы мен сапасы жоғары саналатын люкс бөлмелер, қарай берсең көз жауын алатын сұлу да жылуы мол жатын орындарды көріп тамашалап танысып шықтық. Қонақ үйлердің бірі теңіз жағасында, енді бірі жағалауға жақын маңда, бірі қала орталығында, енді бірі қала шетінде, бірақ әр-қайсысының бір-бірінен артықшылығы болмаса кемдігі жоқ. Бір түні 17000 мың тенгеден 864000 мың тенге тұратын бөлмелерді көріп таң қалдық. Едені, қабырғасы  бекірелі аквариум мен қоршалған  ресторанда түскі ас ішіп шаттыққа бөлендік. Ақтау қаласындағы қорық мұражайыныңы есігін ашудыңда сәтін салды бұл күні. Мұражай қызметкерлерімен өзіммен бірге ала барған деректерімді тапсырып олардан да өзіме қажетті ақпараттар алып әріптестеріммен бір шүйіркелесіп алдым. Музейден асығыс көк аспанмен таласқан көкшіл Каспийге келіп жеттік. Мұнда бізді яхта күтіп тұрды. Алдағы уақытта теңізде қайықпен серуендеу туризмін жолға қойсақпа деген ойларымен бөлісті. Сол себептіде бізді яхтаға мінгізіп алып Каспиймен серуендетті. Көріністі сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін болмады.  Кешкісін бірнеше күнгі сапарымызды қорытындылау үшін облыс әкімінің орынбасары Рахымбек Маршалұлы Әміржанов және жергілікті БАҚ өкілдерімен сұхбаттасып пікір алмасуға ұласты. Еліміздің әр өңірінен келген әріптестерім өз ойларын ортаға салып, сапар барысында қандай кемшіліктер мен алдағы уақытта жұмыс жүргізу барысында қандай мәселелерге көңіл бөлу керектігін ортаға салды. Бұл тақырыпты Рахымбек Маршалұлы сұрастырып отырды. Осы сұхбатта байқағаным басшылықта жүре тұрып Каспий өңірінде ішкі туризмге деген көзқарасты алдыңғы шепке қоятынына көзім жетті. Бір өкініштісі сұрақта, жауапта орыс тілінде жүріп отырды. Сөз кезегі келгенде менде өз ойымды ортаға салдым. Бүл бірнеше күндік сапарда байқағаным осы өңірдегі киелі де тарихи орындар Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Масат ата, Сұлтан Үпі, Есен ата жайлы деректер көп айтылмағандығы, оларға баратын жолдардың әлі де болса жөнделмей жатқандығы, шет елдік туристерден гөрі өзіміздің зияратшыларға деген жағдайдың ортайып тұрғандығы, қонақ үйлерде ұлттық нақышта дүниелердің кемдігі, қала ішінде киіз үйлердегі қымызханалардың жоқтығы, қазақтың ұлттық киімін келіп кетуші туристерді күтіп алуда қолданбайтындығын оны насихаттау жұмысы кемшін кеткендігін, ұлттық аспаптарда жыр жырлатып күй күмбірлету,  қонақтарды солай күтіп алу жағын жолға қоюды сұрандым. Ұлттық тіліміз қазақ тілінің мәртебесі алда тұрса деген ойымды бөлістім. Кездесу соңы қоштасу дастарханына ұласты. Мәдинада Мұхамед Түркістанда Қожа Ахмет Маңғыстауда Пір Бекет деп айтылуы әсте тегін емес. Еліміздің рухани астанасы Түркістан шаһары мен Маңғыстау өңірі бір-бірімен тығыз байланысты десек қателеспейміз. Себебі Маңғыстау өңірі тек қойны толған мұнайымен, Каспийі шүпілдеген бекіресі ғана емес қаймағы бұзылмаған тарихи-мәдени- рухани мұраларға барынша бай өлке. Әсем табиғат, жел мен жауынға мүжілген тау тастары, қыр етегіне тырбия өскен жыңғылдар, дәмі кәусәр бұлақтары тұмса табиғатты әсерлі етіп көрсетіп-ақ  тұр. Ұйымдастырушы облыстық туризм басқарма  бастығы  Байжауова Гүлжан Маңғыстауқызына, «Турист» ЖШС-ның директоры Слюсарева Евгения Михайылқызына және осы сапар барысында біздің қас қабағымызға қарап, бар жағдайымыздың болуына бас-көз болған  Айгүл Жасыбаеваға алғысымыз шексіз болды.Үш жүз алпыс екі әулиелі Маңғыстауды қимай-қимай қоштастық. Іс-сапар уақыты көзді ашып жұмғандай өте шықты. Жүрдек поезға отырған соң да алған әсерден айыға алмадық. Көргеніміз бен көңілге түйгеніміз мол болды. Бұл шарадан алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қазақтың шырайлы өлкесі мұнайлы өлкесі әлі талай туристке таңдай қақтырары сөзсіз. Кереметті көрдік. Үйренеріміз мол болды. 

 

Е Сыздық



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Алаколь – закрытие зимнего сезона

Съемочная группа телеканала «Туран ТВ» совершила увлекательную поездку на озеро Алаколь.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Ошибка!

Kohana_Exception [ 0 ]:Untrusted host turantv.kz. If you trust turantv.kz, add it to the trusted hosts in the `url` config file.

Венруться назад

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

13 Ноября 2018 08:00

Ралли Казахстан

13 Ноября 2018 08:40

Трофеи Авалона

13 Ноября 2018 09:10

NOMAD EXPLORER: Фестиваль Кокмайса

13 Ноября 2018 09:50

Живая книга

13 Ноября 2018 10:15

Дневник федерации

13 Ноября 2018 11:15

Мифы и легенды

13 Ноября 2018 11:30

Мерке

13 Ноября 2018 11:40

Рыбалка в водоемах Казахстана

13 Ноября 2018 12:00

Сезон охоты

13 Ноября 2018 12:20

Мототур

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram