Адам және биосфера: Қазақстанның биосфералық резерваттарына ЮНЕСКО-ның сертификаттары берілді

30 Мая 2018 0 339

2018 жылы мамырдың 29-ында Алматыда 15-ші ЮНЕСКО-ның Шығыс Азияның биосфералық резерваттар желісінің «Тұрақты дамудың модельдерін қамтамасыз етуі» атты аймақтық кездесуі басталды. Іс-шараның ұйымдастырушылары – Алматыдағы ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы, Қазақстанның "Адам және биосфера" Бағдарламасының Ұлттық комитеті,

Шығыс Азияның биосфералық резерваттарының желісінің Хатшылығы. Іс-шараны қолдаған ЮНЕСКО-ның Кореядағы ұлттық комиссиясы, Корея Республикасының Қоршаған орта Министрлігі және ЮНЕСКО мен ИСЕСКО-ның Қазақстандағы ұлттық комиссиясы.
Кездесудің негізгі мақсаты – Шығыс Азия елдерінде биосфералық резерваттарын басқару жөнінде ақпараттық және тәжірибе алмасуы.
Сонымен қатар, Лималық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру үшін ұсыныс жасауына назар аударылған.
"Адам және биосфера"  бағдарламасының негізгі мақсаты – жер шарындағы барлық құрлықтарда адам баласының биосфераға әсерін, ықпалын, табиғаттағы күрделі өзгерістердің адам денсаулығына тигізетін зиянын зерттеу, бақылау және оған дұрыс баға беру.
Кездесудің қатысушылары биосфералық резерваттарының  нақты рөлдерін анықтап, олардың тұрақты дамудың модельдері ретінде потенциалын қарастырып, әлеуметтік және экологиялық жүйелер арасындағы позитивті өзара әрекеттесуін талқылады.
Кездесудің қатысушыларының арасында Шығыс Азияның биосфералық резерваттарының желісінің Хатшылығының мүшелері болып табылған – Қазақстан, Ресей, Қытай, КХДР, Корея Республикасы, Жапония, Мұңғұлия сияқты жеті елдің өкілдері және Қазақстанның қорықтары мен ұлттық табиғи
саябақтарының өкілдері, Орта Азиядан келген қонақтары және халықаралық ұйымдарының өкілдері болды.
Қазақстанның биосфералық резерваттарына ЮНЕСКО-ның сертификаттары берілді. Сертификаттар иегерлерінің арасында Алтын-Еміл ұлттық саябағы,
Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы және Үлкен Алтай трансшекаралық биосфералық резерваты.
Үлкен Алтай биосфералық резерваты Шығыс Қазақстан облысы және шекаралас Ресейге қарайтын Алтай Республикасының территориясында орналасқан, Қатон – Қарағай ұлттық саябағының және Катун биосфералық қорығының негізінде құрылған.

Үлкен Алтай биосфералық резерваты биосфералық резерваттарының арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болып табылады.
Ал Алтын-Еміл ұлттық саябағының экологиялық туризмі үшін қабілеті мол.
Сақ дәуірінің Бесшатыр қорғандары, ғажап болып табылатын теңдесі жоқ әуезді Әншіқұм және Шоқан Уәлихановтың мұражайы туристтерді саябаққа саяхат жасау тартады. Сонымен қатар, саябақтың басты мақсаты – жануар және өсімдік әлемінің биологиялық алуантүрлігін сақтау, қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекеттесуін нығайту.

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

«Атакент» көрме залында бүгінгі таңда туризм, аңшылар мен балықшыларға арналған көрме өтті.

Алматы қаласының қақ төрінде «Атакент» көрме залында бүгінгі таңда туризм, аңшылар мен балықшыларға арналған көрме өтті.

Казахстан и Россия будут совместно развивать туризм

В Петропавловске состоялся форум сотрудничества приграничных регионов Казахстана и России, в рамках которого прошла выставка, посвященная развитию туризма в Казахстане и России.

Геотуран или геодом – это современное мобильное жилище, юрта 21 века.

В Алматы, в Бурундае запущено производство полиэфирных смол специального назначения, первое в регионе импортозамещающее производство подобного рода.

Ошибка!

Kohana_Exception [ 0 ]:Untrusted host turantv.kz. If you trust turantv.kz, add it to the trusted hosts in the `url` config file.

Венруться назад

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

19 Ноября 2018 13:35

Мерке

19 Ноября 2018 13:50

Рыбалка в водоемах Казахстана

19 Ноября 2018 14:05

Сезон охоты

19 Ноября 2018 14:25

Мототур

19 Ноября 2018 14:50

Планета рыбака

19 Ноября 2018 15:15

Рыбалка на каблуках

19 Ноября 2018 15:40

Дела клубные

19 Ноября 2018 16:10

Ралли Казахстан

19 Ноября 2018 16:45

Трофеи Авалона

19 Ноября 2018 17:20

NOMAD EXPLORER: Фестиваль Кокмайса

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram