Алма ағаштың гүліндей-ай, текеметтің түріндей-ай...

22 Мая 2018 0 98

 Іс-шараның ұйымдастырушысы – Алматы облысының туризм басқармасы. Фестивальдің мақсаты – Жоңғар (Жетісу) Алатауының аумағында орналасқан Жетісу аймағының көрікті жерлерін насихаттау, Сиверс алмасын аймақтық бренді ретінде көпшілікке таныту. Жабайы жемісті Сиверс алмасы Жетісу Алатауының баурайында, Жоңғар Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында өседі. Сиверс алма ағашын алмалардың атасы десек те болады. Бүкіл әлемде кездесетін алма ағаштардың 15 мыңнан астам сұрыптарының түп-тамыры болған алма ағашы
мен Сиверс алмасының арасындағы жақындығының генетикалық талдамасы дәлелдеген. Олай болса, Қазақстанды, Жетісу аймағын, Алатаудың жоталарын – ежелгі алманың отаны, алма жемісінің алғаш шыққан жері деуге болады.
Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық саябағының мақсаты сирек кездесетін қорық қорларын, биологиялык алуантүрлігін сақтау және табиғи ресурстарын пайдалану, реттеу. Ұлттық саябақтың төрінде Сиверс алма ағаштары бой түзеуде. Көктем шыққанда, мамыр айының басында мыңдаған алма ағаштар тау бөктерінде ақ тұмандай, арайланған қызғылт таңдай гүлденіп, адамдардың көңілін қуантады.

Жапонияда жыл сайын сакура шиесінің гүлденуі мерекесі өтсе, Қазақстанда
Сиверс алмасының гүлденуі де фестиваль ретінде өтіп, жақсы дәстүрге айналуы қажет. Сол дәстүрлі фемстиваль арқылы мыңдаған туристерді Жетісу аймағына тартуға себеп болуы мүмкін.

Бұл іс-шара экологиялық туризмының және этникалық туризмның салаларының дамуына әсер етіп Сиверс алмасы Жетісу аймағының, Сарқан ауданының аймақтық брендіне айналмасына үлкен бастау болмақ.

Фестивальға Алматы қаласының және облысының туристік фирмаларының жетекшілері, БАҚ өкілдері, жергілікті тұрғындары, шетел қонақтары қатысты. Әуелеген ән тыңдап, ұлттық ат ойындарын көріп тамашалады. Сонымен қатар, туристік ойындарына қатысып, ұлттық тағамдарынан дәм татып, қымыз ішіп, пайдасы мол таудың балының дәмін татып ғана қоймай сонымен қатар тауда өскен сирек кездесетін дәрілік шөптердің денсаулыққа пайдалы қасиеттерімен танысты.

Фестиваль қонақтары №3 туристік соқпағымен тауға шығып, табиғаттың көркімен қауышып, алма ағаштарының гүлденген сәтіне бөленді.
Фестивальдің соңында қатысушылар  іс-шараны ұйымдастырушыларымен алған әсерлерімен бөлісті. Нәтижесінде аймақта ішкі туризмді және экотуризмді дамыту жөнінде пікірлер білдірді.

 


ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Адам және биосфера: Қазақстанның биосфералық резерваттарына ЮНЕСКО-ның сертификаттары берілді

"Адам және биосфера" бағдарламасының негізгі мақсаты – жер шарындағы барлық құрлықтарда адам баласының биосфераға әсерін, ықпалын, табиғаттағы күрделі өзгерістердің адам денсаулығына тигізетін зиянын зерттеу, бақылау және оған дұрыс баға беру.

Человек и биосфера: сертификаты ЮНЕСКО казахстанским биорезерватам

Человек и биосфера: сертификаты ЮНЕСКО казахстанским биорезерватам

Лучше нету того цвета, когда яблони в цвету

Фестиваль цветения яблони Сиверса

Ошибка!

Kohana_Exception [ 0 ]:Untrusted host turantv.kz. If you trust turantv.kz, add it to the trusted hosts in the `url` config file.

Венруться назад

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram