Жастар таныған Димаш ата.

19 Июля 2017 0 857

Жастар таныған Димаш ата.

 

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жайында айтылған сөздер, естелікте, деректі фильмдерде бар. Өткенге ақиқат, бүгінге аңыз, қазақ халқының дара перзенті жайында жаңа бір кітап тұсауын кесіп жатыр дегенді есітіп қуандық. Д. А. Қонаевтың музей үйінде Қазақстанның игі жақсылары, зиялы қауым өкілдері басқосты.

Бұл кітап өзге кітаптардан тіптен ерекше, бұл «Жастар таныған Димаш ата» деген атаумен жарық көріп отырған кітап. Кітаптың мәні мен мазмұны жастардың Д.А.Қонаев жайындағы оның өмір мектебінің қандай болғандығы жайындағы өзіндік таным жетістіктері болып отыр. Кітапта Д.А.Қонаев жайындағы естеліктер мен қолжазбалары, өмір тарихы сөз болады. Кітаптың салтанатты тұсау кесу рәсімінен соң қонақтар қонақ кәделерін тарту етіп, жас қаламгер яғни кітап авторына қаламының қарымдауын тілеп тартуларын тартып алғыстарын білдірді. Қонаев музейі үйінің директоры Болысбек Батталханов сөз алып келген қонақтарға алғыс білдірді.

Кітаптың жарық көруіне қолдау көрсеткен Ботабеков Роман Бейдалыұлыда өз пікірін ортаға салып, Д.А.Қонаевтың мұрасын насихаттаудың маңызы тұрғысында сөз қозғады. Келген қонақтардың барлығына дерлік кітап тарту етілді.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жайында ізгі жақсылардың бәрі өз естеліктерімен бөлісті. Кеш барысында музей үйінің қызметкерлеріне Д.А.Қонаев атындағы төс белгі тарту етілді. Кеш өте тартымды әсерлі болғандығы сырт көзге көрініп тұрды. Рухани байлық, рухани мұра адамзат баласының ең асыл мұрасы, бой тұмары. Келер ұрпаққа аманат етіп қалдырар рухани мұраларымыз көбейе бергей деп тілек еттік.



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

«Атакент» көрме залында бүгінгі таңда туризм, аңшылар мен балықшыларға арналған көрме өтті.

Алматы қаласының қақ төрінде «Атакент» көрме залында бүгінгі таңда туризм, аңшылар мен балықшыларға арналған көрме өтті.

Казахстан и Россия будут совместно развивать туризм

В Петропавловске состоялся форум сотрудничества приграничных регионов Казахстана и России, в рамках которого прошла выставка, посвященная развитию туризма в Казахстане и России.

Геотуран или геодом – это современное мобильное жилище, юрта 21 века.

В Алматы, в Бурундае запущено производство полиэфирных смол специального назначения, первое в регионе импортозамещающее производство подобного рода.

Ошибка!

Kohana_Exception [ 0 ]:Untrusted host turantv.kz. If you trust turantv.kz, add it to the trusted hosts in the `url` config file.

Венруться назад

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram