«Үстірт құпиясы» экспедициясы шақырады.

01 Апреля 2017 0 265

Жыл өткен сайын Қазақстандағы ішкі туризмды дамыту мәселесі жан-жақты көтеріліп жатыр. Туған жеріңді аралап, табиғатын тамашалап, тарихын танып білу ол бабалардан қалған асыл мұраны көзбен көру  өміріңнің ең қызықты сәттерінің бірі болатыны ақиқат. Маңғыстау жеріне баратын «Үстірт құпиясы» экспедициясының  барлық қатысушыларына бұл сапарда тарихи мәдени ескерткіштер әлеміне саяхаттауға, табиғат ананың жаратқан ғажайыптарын көруге, Қазақстанның кереметтерін тамашалауға зор мүмкіндік береді.

 Nomad Explorer-ішкі туризмды дамытушы тобының басшысы Сейсембаев Марғұлан Қалиұлы болып келеді. Мұндай экспедиция 2016 жылы Ұлытауда ұйымдастырылған болатын. Ол сапарда Ресей, Украйна мен Қазақстан елінен 90 қатысқан болатын. Енді Маңғыстау жеріне саяхатты бастайтын кез келді.

2017 жылдың сәуір айының соңы мен мамыр айының бас жағында 7 күндік Nomad Explorer-«Үстірт құпиясы» атты экспедиция өз жұмысын жасайды. Ол 2017 жылдың сәуір айының 29-шы жұлдызында кешкі сағат 18:00 де басталып 2017 жылдың мамыр айының 7-ші жұлдызында аяқталады.

Экспедицияға қатысушылар автокөлікпен 1400 шақырымды бағындырып, көптеген тарихи және архитектуралық ескерткіштерді, қасиетті де киелі орындарды, табиғат кереметтері мен адам қолымен тұрғызылған ғажап ғимараттарды тамашалайды.

Қазақстанның көптеген тарихи ескерткіштерінің көпшілігі осы Маңғыстау жерінде болғандықтан, экспедиция мүшелерінің жанына керемет естеліктер қалдыратыны сөссіз.

«ТұранТв» телеарнасы Nomad Explorer- «Үстірт құпиясы» экспедициясының ақпараттық әріптесі саналады. Экспедиция барысында «ТұранТв» телеарнасы бастан аяқ қатысушылармен бірге болып, сапар соңында 7 күнге созылған экспедиция жайлы бейнефильм жасайтын болады.

Экспедицияның бағыты мен бағдарламасы:

  1. 2017 жылы 29-шы сәуір күні кешкі сағат 18:00 де экспедиция қатысушыларының Ақтау қаласында жиылуы.
  2. Экспедицияның басталуы-30.04.2017 жыл (алдын-ала жиылатын орын қаладан шыға берістегі Toyota Center ауданында)
  3. Экспедицияның бітуі-2017ж-7 мамыр күні.
  4. Экспедицияның жол ұзақтығы 1400 шақырым шамасында (160 км күніне:

1-күн 30.04-Ақтау-Тамшалы-Жығылған-Сұлтан үпі-Қапам сай (түнеу)

    2-күн 1.05-Қапам сай-Шақпақ ата-Торыш алқабы-Шерқала-Айрақты (түнеу)

    3-күн 2.05-Айрақты-Тұзбайыр-төменгі Тұзбайыр (түнеу)

    4-күн 3.05-төменгі Тұзбайыр-жоғарғы Бозжыра-төменгі Бозжыра (түнеу)

    5-күн 4.05-төменгі Бозжыра-фестиваль (түнеу)

    6-күн 5.05-төменгі Бозжыра-Сенек құмдары-Тоқмақ мыс (түнеу)

    7-күн 6.05- мыс Тоқмақ-Қарақия-Ақтау қаласы аэропорт.

    6 мамырдан 7-ші мамыр түнеу Қарақияда, бұл соңғы нүкте. Қарақия Ақтау        қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан.

Экспедиция жайлы толық мағлұматтар мен барлық ақпаратты www.facebook.com/nomadexplorer.kz  және экспедицияға қатысушылар мен қызығушыларға арналып ашылған  www.outfitter.kz сайтындағы парақшадан алуға болады.



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Телеканал "Тұран Тв" представляет проект "Рыбалка в мегаполисе"

....вместе со Станиславом Радзишевским мы порыбачим и на пруду,и на канале,и на реке...

Пляжная столица Казахстана.

Озеро Алаколь постепенно приобретает транспортные возможности, соответствующие статусу пляжной столицы Казахстана.

Жастар таныған Димаш ата.

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жайында айтылған сөздер, естелікте, деректі фильмдерде бар. Өткенге ақиқат, бүгінге аңыз, қазақ халқының дара перзенті жайында жаңа бір кітап тұсауын кесіп жатыр дегенді есітіп қуандық.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

17 Августа 2017 17:00

Инфотур город Туркестан

17 Августа 2017 17:40

Ясауи 850 жыл

17 Августа 2017 18:00

Живая книга

17 Августа 2017 18:20

Рыбалка в водоемах Казахстана

17 Августа 2017 18:30

Встречи в рыбацкой деревне

17 Августа 2017 19:10

Книга Абай. Оразалы Сабденов

17 Августа 2017 19:30

фильм о сайгаках

17 Августа 2017 20:00

2 международный турнир по футболу им.Каппарова

17 Августа 2017 20:30

Трофеи Авалона

17 Августа 2017 21:00

Ото всюду обо всем

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram