Қатонқарағай-3 бөлім.

09 Марта 2017 0 676

Өрел филиалы.

 «Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркінің шығысында орналасқан «Өрел» орманшылығына да келіп жеттік. Орман өмірі – кім  - кімді де бей жай қалдырмасы анық. Жаныңа қуаныш сыйлап бақытқа бөлейді. Өрел орманшылығының мекеме үйінің маңы ағаштан ойылып жасалған тиындар мен  жайқалған жасыл желекке, гүлдерге толы. Осы дүниелерге қарап тұрып ұжымның еңбекқорлығы мен өз жұмыстарына деген шын берілгендіктерін көруге болады. Өрел филиалының туристерді бірден бір қызықтырып тартып тұратын туристік соқпағы бар екен. Сол соқпақ жайлы мағлұматтар алу үшін бізде асығыс темір тұлпарға қондық. Ауыл шетінен бастау алатын туристік соқпаққа атпен ғана баруға болатынын тілге тиек етуде филиал орманшысы Назарбек Әбуұлы. Соқпақтың балын тамызып жеткізген Назарбек ағаның әңгімесінен кейін сол Тыныш жатқан көлді көргенше асық болдық.Темір тұлпарды тізгіндеп, уақыт жоғалтпай, соқпақтарды көріп үлгеру үшін қырларды еңсеріп келеміз. Бірнеше қырқаны асқанда алдымыздан ат көліктерін реттеп орманшылар шыға келді. Сонда ғана кереметті көру үшінде әл қуатымызды құрбан етуге тура келетінін білдік. Темір тұлпар тізгінен  ер тоқымы келіскен ат тізгінін ұстауға тура келді. Барар жерімізге бағытымыз анық. Жол жөнекей орманшылар өз қолдарынан шыққан тағы бір туындыны көрсетпекке бұрылды. Бізде қарсылық білдірмей ілесіп келеміз. Алыстан көрінген ол орынға жеткенше асықтық. Ондағы ойымыз елін шексіз сүйген орманшылар туристерге арнап тағы қандай ғажайып дүниені туындатқан екен деген сұраққа жауап табу болатын. Орман тасасына тығылған шағын демалыс орны, етегінде  еркелеп сылдырай бұлақ ағуда. Тамаша көрініс. Ғажап мекен.

 

Тыныш аққан Тыныштық көлі.

Негізінде бірнеше күн барысында байқағаным Қатонқарағай жерінің сұлу табиғатын көліктен түсіп атпен аралаған дұрыс екен. Өйткені қаймағы бұзылмаған құт мекендегі табиғат ананың жаратқан ғажайып көріністерін тек осы қазақ атамның көне заманнан көлігі, сусыны, тамағы болған Қамбар ата жануарымен ғана тамашалап сұлулықтың тұңғиығына сүңгіп жетуге болатынына көз жеткіздім. Сол қиялға беріліп келе жатып Тихое көлінде жетіп қалдық. Жарықтық орманшылардың өз істерінің шебері екеніне қалай сүйсінбейсің, шаршап-шалдығып жеткенде бір сәт тынығып алатын мына керемет ағаш үйшіктерді көргенде. Көлді көріп, көңіліміз орнына түсе, мерейіміз асқақтап қалғаны анық. Аттың сауырын суытпай қайта атқа қондық. Ат үстінде жүрсекте маңайымызды шолып, «Өрел» филиалына қарасты орманда өсетін қызыл кітапқа енген, емдік қасиеті мол өсімдіктерменде танысу шет қалмады. Жүйрікті жуасыта, арғымақты ақ таңдарда мініп, тулаған теңіздей самал жел мен тербелген ақ қайың, еңселі емендерді, аңы мен құсын ардақтаған орманшылар бүгінгі күннің қас батырындай. Орман тыныштығын қорып, күннің ыстығы мен желдің өтін еңсеріп, еңселерін биік ұстап табиғат ананың аманатын келер ұрпаққа мұртын бұзбай жеткізуде. Ерен еңбек еселене бергей.

 

Аршаты филиалы.

«Аршаты» орман шаруашылығына барар жолда сан алуан өсімдіктер мен жайқала  өскен гүлдер көздің жауын алады.Табиғат ананың ғажабына қайран қаласың. Бүтін бір жұмақ мекені дерсің. Таңдай қағып, тамсанасың. Сирек кездесетін өсімдік түрлері табан астында тұрса қалай таңданбасқа. «Аршаты» шатқалында қыркүйек айы мен желтоқсан айына дейінгі аралықта аңшылық маусымы болып саналады. Бұл аралықта келген кез келген аңшыға барынша жағдай жасалып, арнайы мамандар қызмет көрсетеді.

 

Сарқырамалар отаны.

Туристерді қызықтырар туристік тың мекен ол әрине сарқырамалар мекені мен сайын дала төсінде сайран салып жүрген сары суырлар. Жолдың қос беткейін ала иін тіресе қаз бауырлай орналасқан мама таулардан құлай аққан, енді бірде сұлудың қос бұрымындай өріле ағып жатса, енді бірі текшелерден секіре бұлаң ағуда. Қаншама сарқырамаларға таңдай қағып, тамсанып жатып, бізден де басқа сарқыраманың асау толқынына арбалып, көзін ала алмай отырған суырларды да көзіміз шалды. Табиғатқа тамсану адам мен аңға жіктелмейтініне көзіміз жетті. Ұлттық парктің қызметкерлері бізге ғажайып бір сарқыраманы көруге ұсныс жасады. Жасалған ұсыныстан бастарта алмадық. Ұсыныстың астарында үлкен бір сый жатқанын кеш аңғардық.  Осы сапар барысында атауы жоқ сарқырамаға басшылықтың ұйғарымымен ТұранТв сарқырамасы деген атау берілді.

 

Бұқтырма көлі.

Сарқырамадан шығып Бұқтырма көліне қарай көлікпен жолға шықтық Бұқтырма көліне қарай барар жолда алып –алып сан түрлі тастарды көрдік. Соның ішінде ең ірісі алып тау тасы. Дембел тастың сыры мен шыны бүгінгі күнге аңыз немесе тарихи дерек көзі. Бұлай деуімізге алып тастың өн бойына жазылған жазбалар. «Өз тарихын тасқа қашап қалдыру», -  кімнің болсын арманы. Бейне бір тасқа қашалып жазылған заманауй карта, кей адамдардың орындалған арманының куәгері. Бұқтырма көлінің маржан тамған мөлдір суы  адам  баласының жанына тыныштық ұялатып, құлашыңды кең жайғыза, рахат тарту етеріне көзіміз жетті. Керемет ағаштар. Сүлбесі бұзылмаған сұлу табиғат. Бұқтырма көлі Бұл жердің табиғаты керемет. Бұқтырма көлінің маржан суы өзінің тамаша көріністерімен және балық аулау орындарымен белгілі. Су бетінде аспан бейнесі. Судың мөлдірлігі мен тұнықтығы табиғаттың көркемдігінмен өрнектелген.  Жер ана төсіндегі сұлу айдынды әсем көл  - Бұқтырма көлі. Қызыл қарағайдың шайырын алып, балалықты еске оралтудыңда мүмкіндігі болды. Қатонқарағайдың қай жеріне ат басын бұрмасақта алдымызға ұсынары бал қымыз, шәрбәті шекер сары қымыз. Бір Катонқарағай өлкесінде орналасып жатса да, әр бөлімшеден тартқан қымыздарымыздың дәмін де айырма болып жатты. Бірақ, қымыз баба сусыны. Жазира жазығыңдай жаныңды жадыратар айналдым қазақ баласы, айналдым қазақ даласы.

 

Қорытынды.

 Орманның қақ ортасында орналасқан, суы тұнық, ағысы тынық әсем бір көл бар. Ол сізбен біз көрген «Тихое» көлі. Ғажайып табиғаттың тұмары болғаны тұнық көл. Онан соң қазақ жерінің ең қиыр шетінде орналасқан Аршаты ауылын көрдік. Аршатыға барар жолда, Хан Абылайдың сарбазындай сап түзеген тауларды тамашаладық. Арнайы салынған аңшылардың үйіне түстік. Аңшылықтың рұқсат етілер уақытын білдік. Жауынгерлер өз қолтаңбаларын қалдырар алып, қара Дембель  тасты көрдік. Таудан құлап аққан, сан түрлі сарқырамаларға кезіктік. Ұлттық парктың тартуы болған жаңа бір сарқыраманың азан шақырылып қойылмасада, бата қайырып шын ниетпен аталған «Тұран ТВ» сарқырамасын елге қауыштырдық. Бұқтырма көлін көрдік. Көлдің ғаламатын тілмен суреттей алмай, табиғаттың суреткерлігіне қайран қалдық. Қазақстанның өзге жерінде мекен етпейтін Хариус балығының дәмін таттық, бал қымыздан таңдай жібіттік. Осы бір алған әсермен ендігі барар бағытымыз Берел филиалына қарай ат басын бұрдық. Алдағы сапар бізді несімен таң қалдырар екен деген оймен Берел филиалына қарай жолға шықтық.

 

Өлкетанушы: Ерлан Сыздық.

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

20 Октября 2017 09:10

Или- Балхашская регата

20 Октября 2017 10:00

NOMAD EXPLORER: Тайны Устюрта 1серия (рус)

20 Октября 2017 10:30

Водохранилище Бадам. Чемпионат РК среди юниоров по байдарке

20 Октября 2017 11:00

Инфотур город Туркестан

20 Октября 2017 11:30

Ясауи 850 жыл

20 Октября 2017 12:00

ГНПП: Отырар орманы 2 часть

20 Октября 2017 12:20

Инфотур город Шымкент

20 Октября 2017 12:40

Рыболовный форум

20 Октября 2017 14:10

ГНПП: Отырар орманы 3 часть

20 Октября 2017 14:30

Дело вкуса: Шашлык из сома

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram