Оңтүстіктің ішкі туризмдегі мүмкіндіктері немесе ақпараттық тур бізге не береді.

18 Января 2017 0 374

 Оңтүстіктің ішкі туризмдегі мүмкіндіктері немесе ақпараттық тур бізге не береді.

Түнгі Шымқала.

   Сыры мен шынын ішіне бүккен  түнгі Шымкент. Біреулерді тамсандырар, біреулерді таңқалдырар сыйқыры бар алып шаһар. Күні мен түні біріне – бірі ұқсамас өзгешелікпен адам жанын жылытар Шымкент. Өнер мен өнегенің ордасы болған Шымкент. Тарихи орындар мен мекендердің бесігі болған, ордалы орда Шымкент. Түні қаншалықты сұлу болса, түнгі аспанына тілміріп шаһарды шарлаған яки шаһарға атбасын бірінші реті бұрып отырған қонағына қонақжайлылық танытып жылылық сыйлайтын Шымкент төрінде ішкі туризм саласын дамытып жатқан  мамандар басқосты.

 

Оңтүстік туризм орталығы.

Қызара атқан қызыл күн жаңа тіршіліктің үндеушісіндей ұясынан шығып көкаспан төріне қарай бой көтере бастады. Күннің нұры кең даланы шуаққа бөлеп, ұйқыдағы қаланы оятуға асығып жатты. Шымкент қаласының ең әсем  «Қайнар» қонақ үйіне Қазақстанның барлық өңірлерінен жиылған ішкі туризм саласының мамандары таңғы астарын ішіп, Шымкент қаласының туризм орталығына қарай атбасын тарттық. Оңтүстік ішкі туризмді дамыту орталығының ең басты мақсаты мен міндеті оңтүстік өңірдегі ішкі саясаттың дамуы мен өркендеуі, оңтүстіктің киелі де қасиетті мекендерін, туристерге ұсыну осы арқылы ішкі туризмді дамыту. Оңтүстік туризмнің ішкі саясаты үшін ең аса маңызды негізгі мекен Түркістан өңірі. Бізде түркі әлемінің тұмары болған Түркістанға қарай жолға шықтық.

 

Түркістан сапары.

Тарих бедеріне өзіндік қолтаңбасын қалдырған көне шаһардың бірі Шымкент қаласынан ұзай түркі әлемінің түп негізі Түркістанға аяңдай бастадық. Оңтүстік ішкі туризмді дамыту орталығының қызметкерлері тарихи орындардың тарихи жайында ақпарат беріп, рухани  азықтандырып жатты. Тізгінді белгілі журналист, ұлтжанды ағамыз Кеңес Исмайлов пен белгілі өлкентанушы Алексей Гончаров алды. Сопылық ілімді қазақ даласына таратқан, ислам дінінің ділмары Қ.А.Яссауи кесені. Кесененің құрылысы мен ондағы қолданылған өрнек пен мәтін мәселесі әле күнге дейін сан түрлі тұспалдар мен жорамалдар жетегінде жүр. Адамның ғана емес қалықтаған құстың өзі тәу етер тарихи һәм рухани мекен. Қазақтың кеңдігі мен теңдігін, дархандығы мен даралығын айғақтайтын Тайқазан. Хан мен қара деп бөлмей қазақ сахарасында сахилығы мен ел алғысына бөленген тектілердің мәңгілік мекені болған, қазақ хандығының алтын бесігі, ақордалы астанасы болған Түркістан. Күнбезі күннен қуат алар, мұсылман қауымы ғана емес алыс – шетелден келетін туристердің дені дәл осы ескі шаһар Түркістанға табан тірейді.

 

Яссы қаласы.

Күні кеше тарихқа үн қатқан, қазақ халқының қалқаны болып жау өтінен қорғаған, өкінішке орай күні бүгін тек аспан астындағы тарихи қала атанып қалған көне Яссы шаһары. Арада алты ғасырдай уақыт өтседе сыры мен шынын бойына бүгіп, мүлгіп жатқан Яссы қаласы туристер үшін таптырмас тарту, алар әсері ерекше орын.   Өз тарихыңды білу бір бөлек, оны өзгеге таныту тіптен басқа. Тарихы мен мақтанып туризмін әлемге ұсынып отырған Греция мен Түркия, Италия сынды елдердің көне шаһарлары Яссы қаласының көркі мен қала сызбасы жағынан алып қарастырсақ, Яссы қаласы көне қалалар төресі болар еді.

 

Күмбірлеген домбыра.

Тарихи мекеннің құдіреті ме әлде домбыраның қадірі мен киесі ме кім білсін? Жаны мен жүрегі тебіренген Алматылық қонақ Айдын Ақыш қос ішекті бір қағып, туристерге арналған естелік заттар дүкенін әсем әнмен тербеді. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп тегін айтылмаса керекті. Домбыраның назды үні, қос ішектен төгілген әсем ән жан тербеді. Жүйіткіген темір тұлпар, ауыздығы мен алысқан арғымақтай алыс жолды жақындатып, көзді ашып – жұмғанша дала төсінде орналасқан ашық аспан музейі болып мемлекет қарауына өткен көне Сауран шаһарына келдік.

 

Сауран шаһары.

Сауран қаласы Түркістандағы Ахмет Яссауи кесенесінен 40 шақырым қашықтықта орналасқан. Сауран қаласы орта ғасырларда гүлденудің жоғары деңгейіне жетіп, күллі Шығыс жеріне танымал болған алып шаһар. Сауранның Қызыл кірпіштен өріле қаланған қала қабырғалары жерден 1 – 1,5 биіктікте орналасқан.  Көне Сауранның ішкі туризмнің даму үшін алар орны ерекше. Егер турим саласында жұмыс жасап жүрген жандардың бәрі жұмыла жұмыс жасап, туристердің Сауранға келуіне ықпал етер болса гүлденіп, өсіп, тарихи маңыздылығы арта түсеріне сеніміміз кәміл? Туризм ақпарат орталығының бастамасымен атқарылып отырған шараның мәні мен мазмұны туризмнің дамуы мен өркендеуіне ықпал жасау. Осы жөнінде ақпараттық тур қонағы Әлібек Байшүленов өз пікірін ортаға салды.

 

Дені саудың – тәні сау.

 Денсаулықты жақсартудың жалғыз бастауы – спорт. Оңтүстік өңірде спорттық базаларды дамыта отырып, туристерді тарту заман талабы. Мұнда су спорт түрлері мен ескек есу спортына жағдай жасалып, арнайы база жасақталған. База ішінде келушілердің су спорт түрлерімен жаттығып ғана қоймай, дәмді тамақтануына, еркін тынығуынада жағдай жасалған. Арнайы бөлмелер мен төсек орындармен қамтамассыз етілген.

 

«Алтын Дән» демалыс аймағы.

«Алтын Дән» демалыс аймағы туристер үшін жылдың қай мезгілінде болмасын, демалуға ең қолайлы орын. Демалыс айлағының котедждері таза қарағай ағашының шегенінен салынған. Демалушылар тау баурайымен серуендей отырып, тау жоталарына шығып, кең тыныстап табиғаттың әсем көрінісіне сүйсіне алады. Адам денмаулығына аса пайдалы су процедуралары жетік дамыған. Туристер мен демалушыларға арнап, жылытылған екі ашық бассейн бар.  Сонымен қатар атпен серуендеу, велосипед және квадроциклдер, бильярд, қарда жүргіш, кинотеатр, балалар және спорт алаңы, сондай-ақ, караоке орталығы бар. Заманауи жабдықталған демалыс орнына кез –келген шетелдік туристерді шақырып, жергілікті ішкі туризмді дамытуға болады. Бұл жайында Астана қаласынан келіп отырған Жұлдыз Мұхтарған өз ойын өрнектеді.

 

Швейцарияны асыптүскен Қасқасу.

 Экологиялық таза демалыс орнының бірі Қасқа су демалыс айлағы. Мұнда демалушыларға барынша жағдай жасалған. Таза экологиялық ағаш үйлер мен адамды табиғатқа жақын қылар дәнекер жабайы аңдар бар. Қатонқарағай мен Алматы өңірлерінде кездесетін маралдарды көзбен көрдік. Теңбіл бұғылар еркін кезіп, табиғат анаға өзгеше көрік беруде. Мұндай ғажайып оңтүстік Қазақстан өңірінде бар десе әсте сенбес едік. Десекте, оңтүстік қазақстанның таулы аймағында мұндай кереметтерде болып жатады екен. Тау баурайында орналасқан  мұндай демалыс орын Оңтүстіктің ішкі туризімінің дамуына тигізер пайдасы мол екеніне көз жеткізудеміз.

 

Тау самалы.

Қасқасудан кейін «Тау самалы» шаңғы тебу демалыс аймағына ат басын бұрдық. Мұнда Шымкент өңірінің басқа демалыс айлақтарынан бірден бір ерекшелігі  шаңғы спортына жақсы жағдай жасалған. Аспалы тасымал орындықтарына көтерілмес бұрын қауіпсіздік шараларын қатаң қадағалап, адам өміріне ешқандай қауіп төнбеуі үшін сақтық шараларын жоғарғы деңгейде қамтамассыз еткен. Қардың қалың жаумауына орай демалыс айлағына келушілер қарасын көре алмадық. Есесіне қар қалың болып, тау бөктерін қар басқанда мұнда келіп шаңғы тебер адамдардың санының артарына сеніміміз мол. Нағыз қызған шақ сонда болмақ. Шаңғы тебу алаңына аспалы тасымал орындықтары арқылы көтеріліп бара жатып, таудың құзар биігіндегі ақша қарларды артта қалдырып, ұзай бердік. Аспалы жолмен биіктікке көтерілген сәтімізде құрылысы басталып, ірге тасы қаланып жатқан  ғимаратты көзіміз шалды. Ол еліміздің жүрегінде орын тепкен  Бәйтерек символының қасынан бой түзеген  Кремль мейрамханасы еді. Қос таудың шыңына салынып жатқан  ғимараттың қос елдің достығы мен татулығының бір нышанындай көрдік. Тау туризмі үшін ең қажетті қасиеттерді бойына жиған Тау самалы демалыс орны ішкі туризм үшін аса маңызды нысан. Құс ұшар биіктіктен тау туризімінің жүрегі болған Тау самалы қонақ үйі көзді арбайды.

 

Сарыағаш Арай Делюкс.

 Ақпараттық тур барысында тура бір жыл мезгілінің екі кезеңінде жүргендейсің. Тау самалы демалыс айлағында ақ ұлпа ақшақар көрсек, Сарыағаштағы Арай Делюкс шипажайында  жер ана төсі жасыл желекке оранып, гүлдер қауызын жарып, түрлі түске еніп, құлпыруда. Сарыағаштағы Арай Делюкс шипажайына келіп табанымыз тиген сәттен бастап, мекеме қызметкерлері бізге өздерінің атқарып жатқан қызметтері мен мекеменің негізгі бағыттарын түсіндіріп, Сарыағаш суының адам ағзасына келтірер пайдасы жайлы айтуда қалыс қалмады. Ақпараттық турға қатысушыларда зейін салып өздеріне қажетті мағлұматтарды тыңдауда. Сарыағаш шипажайымен жұмыс жасап, туристер легін тарту барысында мол мағлұматтар легі артықтық етпейді.

 

Қорытынды:

Ақпараттық тур арқылы Қазақстанның әр өңірінен келген туризм мамандары оңтүстіктің тарихи орындары мен таулы аймақтардағы демалыс орындарын, шипа жайларын аралап қажетті ақпараттарға қанықты. Ақпараттық тур барысында Оңтүстік жері 2017 жылы Астана төрінде болатын ЭКСПО көрмесіне келетін млн даған туристерді қабылдауға дайын екендіктерін көрсете білді. Бірнеше күн бойы туризм мамандарын тамсандырған Оңтүстік өңірі шетелдік туристергеде таңдай қақтырары сөзсіз. Олай болар болса, Оңтүстіктің туризмі дамып, жанданған күнді де көреріміз алыс емес деген ойдамыз.

 

«ОҚО-ның Туризм Индустриясын дамыту орталығы» қауымдастығының басшысы Ахбердиева Гульмира Асатыллақызына және «Ontustik tourism Center» басшысы – Жасұлан Түлебековке алғыс білдіреміз .

 

Өлкетанушы: Ерлан Сыздық.



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Қатонқарағай-3 бөлім.

«Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркінің шығысында орналасқан «Өрел» орманшылығына да келіп жеттік. Орман өмірі – кім - кімді де бей жай қалдырмасы анық. Жаныңа қуаныш сыйлап бақытқа бөлейді

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

28 Апреля 2017 18:00

Трофеи Авалона

28 Апреля 2017 18:30

Мой Казахстан

28 Апреля 2017 19:05

Сезон охоты

28 Апреля 2017 19:50

Живая книга

28 Апреля 2017 20:00

Символ озера Маркаколь и человек

28 Апреля 2017 20:30

Рыбалка в водоемах Казахстана

28 Апреля 2017 20:45

Дела клубные

28 Апреля 2017 21:15

Встречи в рыбацкой деревне

28 Апреля 2017 21:50

Экстрим плюс

28 Апреля 2017 22:05

Унесенные ветром странствий

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram