Отырар орманындағы біз білмейтін ішкі туризмды дамытуға сұранып тұрған нысандар

21 Октября 2016 0 538

Отырар орманы.

    Оңтүстік өңірінде қасиеті мен киесі топырағынан бастау алар құт мекен  Отырар  ауданын  білмейтін қазақ кемде-кем. Көшімізді түзбестен өзге емес шек ара асып шет түзер шекараның арғы бетінде тіршілік кешіп отқан түркі дүниесі біледі десек артық айтпағанымыз. Отырар өлкесіне табаны тиген адамның ең алдымен баратын жері исі мұсылман баласының тұмары болған Арыстан баб кесенесі. Еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін баба рухына тағзым етіп, тәу ету арман ғана емес парыз. Арыстан баб кесенесіне барар жолда өз тарихын Шыңғысхан дәуірінде тасқа қашап жазған, күні бүгін топырақ астында сырын ішіне бүккен көне Отырар қаласы бар. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан көне қаланың тарихы Отырар кітапханасынан бастау алады. Бізге жеткен тарихи деректер бойынша Отырар билеушісі Қайыр ханның үкімімен Шыңғыс хан әскерінен Отырар кітапханасын жау көзінен жасырған. Отырар күні бүгін құм астына көмкеріліп жатса да, оның тарихы мен гүлденген дәуірі жайындағы деректер аспан астын мекендеген түркі халықтары үшін мәңгілік. Отырар бүгінде ішкі туризм саласындағы ашық аспан астындағы мұражай ретінде бірден бір баға жетпес нысан. Отырар ғұламалар шыққан құт мекен. Тарихтан тағлым етсек, күш атасы Қажымұқан, саз атасы  Шәмші Қалдаяқов тағысын тағылар осы киелі мекеннен түлеп ұшқандар. Отырар қалашығы мен Арыстан баб кесенесінен өзге ішкі туризмге сұранып тұрған,  көпшілік жіті біле бермейтін мекеме бар. Ол «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі». Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында орын тепкен мекемені ел біліп елей бермейді. Көпшілік қауым үшін мұндағы тіршілік атаулы таңсық. Бұл мекемеге сексеуілді алқапта, алғашқыда таңырқай  қарайтын жануарлар әлемі де, еліміздегі көне таудың бірі Қаратауда қарайды. Мекеменің күнделікті тыныс-тіршілігі қарбалас. Өйткені қоршаған ортамен, табиғат ананың жаратылысын қорғау басты парыздары деп білетін мекеме ұжымы үшін атқарып жатқан жұмыстары шаш етектен. Тек сырт көз қараған адам ғана бұлар не істейді деген сұрақты қою мүмкін. Ал мекеме ішіне мойын сұғар болсаңыз, отпен арпаласып, табиғат пен етене жақындасып, тіршілік атаулыны келер ұрпаққа көз қарашығындай сақтап қалу үшін күресіп жүрген жандарды көресіз. Мекеме орман шаруашылығына қажетті техниканың барлық түрімен қамтамасыз етілген. Екі қолдың күші келе бермейтін жерлердегі арам шөптерді тазарту үшін  ауыр техниканың бірі сонау кеңестік жүйенің көзін көрген мұражайлық экспонат деп айтуға болатын  Дт тракторының түтінін будақтатып Нарсейіт Құралбай ағамыз егістік даласында жүріп жатыр. Арам шөптен тазартылған  жерді жеңіл техниканың күшімен қайта өңдеп орман шаруашылығының тұқым бағында бой түзеген жас көшеттерді егуге дайындық жұмыстарын Ермахан Досалы жүргізуде. Егілген жас көшеттердің күтіп баптауынан бұрын оның қас жауы өрттен сақтауға шаруашылық ұжымы сақадай сай екендігінің куәсі болдық. Өртке қарсы химиялық станциясының меңгерушісі Мәмбетәлі Есенхан ағамыздан алған нұсқаулықты тиянақты орындап, әрі  орман төңірегінде орын алатын тілсіз жауға  Камардин Нарымбетов жетекшілік еткен өрт сөндіру жедел тобы  кез келген уақытта өрт шыққан жерге дер кезінде жетіп, үлкен қауіптің алдын алуда аянбай тер төгуде. Ал сол техниканың кез келген уақытта сақадай сай тұруы үшін инженер механик Шоқаев Әбдіқалидай жігіт ағасы әр бір техникаға баласындай қарап алақанға салып отырған жайы бар.  Орман шаруашылығының негізгі байлығы болып келетін сексеуіл және де басқа жасыл желектердің өрттен де бөлек жаулары жеткілікті екен. Өсіп жетілгенше баланы күткендей күтіп баптауда оны арам шөптермен зиянкестерден қорғауды Бәженов Қуанышбектей аптал азаматтар қолға алса, сол қорғалудың арқасында орман алқаптарын молайту жұмыстарын Сүлейменов Боранбайдай өр рухты азаматтар таңның атысы күннің батысы жұмыстарына адал екендіктерін паш етуде. Орманды алқаптар сексеуілі самсап, табиғат ананың көркін аша түскені  тамаша көрінісқой. Бірақ сол көріністі бұзып, қоршаған ортаға зияндарын тигізіп сұғанақтық жасайтындардың да саны азаймай тұрғаны көңілге кірбің түсіреді. Екі қолға бір жұмыс табылғанына қарамай күнделікті нәпақасын онай жолмен тауып, мемлекет меншігіне зиянын тигізіп орман  қызметкерлерінің еселі еңбектеріне балта шауып,   арам пиғылдарын іске асыра алмай қырағы орманшылардың қолына түсіп істері сотта қаралып, мемлекет қоржынына қомақты айыппұл төлеп жатқандары да аз емес. Бір өкініштісі жау алыстан келмей, іштен шыққан жау жаман кейпін кигізіп жатқаны жан ауыртады. Сондықтанда табиғатқа балта шапқан адамның ісі  өзгенің емес өзіміздің  кіндік қанымыз тамған туған жеріміздің табиғатына, қазақ еліне жасалған қиянат екенін ұмытпаған абзал.

 

Шәуілдір орманшылығы.

Шәуілдір орманшылығына жеткеншеде біршама уақыт өтті. Кең байтақ даламыздың төсінде орын тепкен осы орманшылық  өзге әлем іспеттес. Дала төсі қазақтың қалы кілеміндей жайқалып жатқаны. Отырар жеріне табан тіреген адам баласы осы далада жыңғыл мен көктемде жол жиегін қаулап шығатын жабайы  лалагүлден басқа не көруге болады деген сұрақтыда қосымша қояры сөссіз еді. Бұл орманшылықта ішкі туризмды дамытуда өзіміздің тұрғындар мен бірге шет елдік туристерге  қызықтайтын дүниелерді көрсетуге болатынына көз жеткіздік сексеуілді алқапқа бас сұққанымызда. Орманшылықтың қызметкерлеріне арнап үй тұрғызыл -ған. Қажетті өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Тіпті төңіректі жолсыз жолдар мен шолып шығу үшін аттың құлағында ойнайтын орманшыларда қызметтеріне бек кіріскен. Олардың соңынан бақылап тұру үшін арнайы биік мұнара да орнатылған. Замануй үлгіде күн сәулесінен қуат алатын құрылғыда міне осында тұр. Басшылық тарапынан  жұмыстарына тыңғылықты қарайтындарын осыданда байқауға болады. Демек миллиондаған алқабы бар орманшылық басшылығына артылған жүк жеңіл еместігіне көз жетткіздік Отырар орманы және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік мекемесінің директоры Шафқат Хандуллаев мырзаныі әңгімесін тыңдаған сәтте. Алқапты шарлауда басталды. Миллиондаған жылдар бойы осы жазираны алып жатқан көне өсімдіктің бірі сексеуіл ағашы. Тек осындай аптапты ыстық жазықты жерлерде ғана өсетін, шөлге төзімділігі де керемет. Тура бір тар жол тайғақ кешкен қазақ халқының тағдыры десекте болады. Тоқырау жылдары отын тапшылығы сезілгенде репрессияға ұшыраған қазақ зиялылары сияқты бұлда оталып  кете барды. Күнделікті нәпақа көзіне айналып, күн көрістің қамы үшін балтаға жем болып  кетті емеспе. Сол қиын күндерді бастан кеше жүріп қаншама балтаның жүзіне тура қарап қасқайып тұрған мына жас сексеуілдер бүгінгі күннің бейкүнә сәбилеріндей бейбіт күнде жапырақ жайып тұрғанына шүкір делік. Бұлда болса өз сәбиіндей мәпелеп, алақанға салып аялаған мына орманшылардың арқасы деп білген дұрыс. Сол орманшылармен бірге мына кесіртке екеш жәндікте осы күннің сақшыларындай сексеуіл басында төңіректі шолып, қоршаған ортасын, еліне, жеріне, жау жағадан, дұшпан етектен тартатын сәтті ескерткісі келетіндей бақылап тұр. Кейде біздер осы жәндік құрлы болмай табиғат ананың несібесіне қырғидай тиетініміз бар. Ендігі кезекте оның бәрі артта қалып қолда бардың қадіріне жетер күнге де келіп жеттік. Жас сексеуілдерді күтіп баптауда орманшылық басшылығы  осы алқаптың шаңына аунап өскен, кіндік қаны тамған құт мекеннің әр бір бұтасына қырағы көзбен қарайтын жергілікті жастардыда жұмысқа қызықтыра біліпті. Жас та болса туған жерге деген ұлтжандылығымен орман күтушісі Үсен Манарбек қызмет етіп жүрген жайы бар.

 

Жануарлар әлемі.

Шәуілдір орманшылығында тағы бір қызықты дүние ол жабайы жануарлардың болуы. Жолшыбай келе жатып қаша жөнелген дала сұлулары қарақұйрықтарды кездестірдік. Сексеуіл арасынан ытқып шыға келгенде алғашқыда ешкіме не бұл деп түсінбей қалдық. Кейін орманшылар айтқан соң барып көзіміз жетті. Кәдімгі сұлу мүсінді денесі жалт-жұлт еткен  қарақұйрық. Бізде көліктен түсе сала қыр асқан қарақұйрықтардың артынан түсіре бастадық. Алқаптың шөбі шүйгін болғандықтан семіз екен. Мені жақсылап көріп ал дегендей қасқайып тұра қалғаны. Дала таңғажайыбы деген осы шығар. Қызықтың нағыз өзіне осы сексеуілді алқапта кездесеміз деп кім ойлаған. Орманшылармен бірге қайтар жолда алдымызды телеарнадан ғана көріп жүрген ешкіемер немесе келес кесіп өтпесі барма. Кілт тоқтай қалдық. Шын мәнісінде алғаш рет жақындықтан көріп тұрғандықтан қорқынышты көрінеді екен. Бұрын соңды тек телеарнадан көріп жүрген біздер үшін бұл баға жетпес қайталанбас сәт болды. Орманшылар алғашында айтып келе жатқанда мән бермеген болатынбыз.  Енді міне   тура бір динозаврлар туралы ертегінің кейіпкерін көргендей болдық. Олда қорқып тұрған жоқ қайта айбат шегіп бізге сес көрсетіп тұрғаны. Сес көрсетерде ішіне жел сорып ісініп шыға келеді екен. Тура бір өзге кезеңнің жануары мен кездесіп тұрғандай боласың. Тағы болса орман шебері Қырқымбайұлы Бағдаттың айтуынша бұл біз көрген ешкіемердің  жай ғана кішілеуі екен. 

 

Қорытынды.

 Міне осындай өзге табиғатта қайталана бермейтін жануарлар әлемі мен  сексеуілді алқап Отырар орман шаруашылығына қарасты Шәуілдір орманшылығында кездеседі десең әсте ешкім сене бермес. Отырар орманшылығы  ішкі туризмге сұранып тұрған нысандардың бірі екендігіне көзімізді жеткіздік. Күннің аптап ыстығына қарамай, туған жердің табиғатын, кешегі күні жойылып кетудің сәл ақ алдында болған сексеуілді алқапты қайта қалпына келтіріп, соны егу барысында өз еліміздің азаматтарын, жастарын студенттері мен мектеп оқушыларын көптеп тартар болсақ игі істің бастамыс болар еді. Сол жағынан мемлекет аздап қолдау көрсетсе бұл дегеніміз жер ана байлығына деген сүйіспеншілікпен қоршаған ортаға деген махаббаттың артқаны, туған жерге деген ұлжандылықтың мағыналы мәйегі болары сөссіз еді. Сол көпшіліктің жұмыла көтерген жүгінің арқасында Отырар орманшылығында жыңғыл мен құмнан басқа мұнда көретін не бар деген сұрақтың тыңғылықты жауабы табылар еді. Сол жауап арқылы орманшылар енбегі еселеніп, бақ қонып құт дарыған дархан даламыздың төсіндегі ғажайып алқапта өріп жүрген қарақұйрық пен ешкіемерді тамашалауға ЭКСПО-2017 көрмесіне келген туристерден аяқ алып жүре алмай қалар едік. Жаратушымыз сол күнге жеткізсін

деп, ал жоғарыдағы басшылардан қолдау болсын деген ниетпен Отырар орманы және жануарлар әлемін қорғау мекемесіне  қарасты Қаратау орманшылығын тамашалауға жолға шықтық. Жолшыбай Алатау батырдыңда мәңгілік байыз тапқан биік төбесі көзге шалынды. Олда болса бүгінгі ұрпағына аманат болған осы атырапты алқапқа көз салып қорғап жатқандай сезілді.

 

Өлкетанушы: Ерлан Сыздық



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

25 Мая 2017 20:00

Дневник федерации

25 Мая 2017 20:50

Встречи в рыбацкой деревне

25 Мая 2017 21:30

Дело вкуса

25 Мая 2017 21:50

ГНПП

25 Мая 2017 22:05

Рыбалка в водоемах Казахстана

25 Мая 2017 22:20

NOMAD EXPLORER:Үстірт кұпиясы 1 серия (каз)

25 Мая 2017 23:20

Трофеи Авалона

25 Мая 2017 23:40

Клевый берег

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram