1 – күн. ҚатонҚарағай мекеніне сапар.

05 Октября 2016 0 340

ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ.

 Жүйіткіген жүрдек поездбен жүре отырып, Өскемен қаласына да келіп жеттік. Кешкі сағат 18:00 шамасы. Қазақстанның кезкелген қаласына көрік беріп, жайқалып өскен шырша ағаштарының буынын бекітіп, жапырағын жасыл етіп,  сайын дала төсінде уақыт патшаға ырық бермей өсетін шырша ағаштарының құт тұрағы Өскемен қаласы десек қателеспегеніміз.  Өскемен қаласында көрікті жерлер баршылық. Бірақ, біздің діттеген жеріміз «Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркі. Арманымызды ақиқат деп танымақ болып, бізде жолға шықтық.

 

ҚАТОНҚАРАҒАЙ.

Алыстан мен мұнарлап көрінген «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Тебіндеген темір тұлпарлары - мызды тізгіндей «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жеткен сәтімізде, әкімшілік атқарушы басшылығының апталық жоспарлау жиналысының үстінен түстік. Жиналыстын ізін ала «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры  Ерлан Мұстафинмен сұхбаттасудың реті туды. Сөз кезегінде парк басшысы ішкі туризмды дамыту мақсатында 5-филиалда бірнеше соқпақтар жұмыс жасайтынын алға тартты. Сол соқпақтарды көру бізге арман болды айналамыздағы қоршаған табиғат ананың кереметтерін көзімізбен көргенде. Камера парк басшылығына қарап тұрса, мен тауларға қарап тамсанып тұрдым. Шыныменде осындай табиғат бізде барма деген сұраққа жауап іздеп.

 Қатонқарағай паркы жайлы ақпараттан кейін алтын уақытымызды жоғалтпай  жасыл орманы мен тұмса табиғатымен пенде біткенді көрсе ғашық ететін оазисті мекен «Қатонқарағай» ұлттық табиғи паркінің тыныс – тіршілігімен танысуды бастап  кеттік.

 

Медведка тұқымбағы.

Тау шатқалында орналасқан бұл орман шаруашылығы қылқан жапырақты ағаштар мекені. Сол қылқандылардың мәуелі мекені ол «Медведка» тұқымбағы. «Медведка» тұқымбағы Сібір қарағайлары мен шыршалар қолдан отырғызылады. Бұл орманшылығының негізі 1962 қаланған. 21644 гектар жерді алып жатыр. 40 адам жұсмыс істейді соның 24-і тұқымбақ қорғаны  болған инспекторлар.Тұқымбақтан жыл сайын Қазақстанның түкпір –түкпіріне 300 000-400 000 мыңнан аса жас көшет жіберіледі. Елордамыз Астана қаласының көшелеріндегі жасыл желектері негізінен осы жерден алынады. Орман іші көрер көзге айбатты да, сұсты. Біріне бірі иін тіресіп өскен шырша ағаштары адамзат баласынан өз тіршіліктерін жасырардай самал желмен бірге тербеліп, назданып тұрды.  Көк аспаннан жер ана төсіне төгілген ақша жаңбырға қарамастан, орман тіршілігімен танысудамыз. Алғаш келген адамды өз сулулығымен баурап алатын мекенді аралау біз үшін үлкен бақыт болды. Таза ауамен көкірек керіп тұрып тыныстап алудыңда сәтін салғандай. Көз жауын алатын алқапты аралай жүріп, нағыз қайталанбас ерекше мекен екеніне көз жеткіздік. Тұқымбақтың қызметкерлері еліміздің жасыл желегін көркейтуге үлкен септіктерін тигізіп жатқандығының куәсі болудамыз. «Медведка» орман шаруашылығын да қандай істер жүзеге асып, не өсіріп отырғандықтары жайында 40 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан орманшы Жайсаңбаев Берікбай Бердіғали ағамыз тұқымбақтағы шаруаның болмысына толығырақ қанықтырып терең бойлатуда. Алысты жақындатып, жақынды алыстататын уақыт. Сол уақыттың ағымына қарсы жүзе  жер ана төсіне шырша мен аршаның жас шыбықтарын егіп, жайқалтып отырған тұқым бақ  нағыз саф ауаны өндіретін берекелі жер десекте болғандай екен. Аршалы қарағайлы орманында отырғызылған жас көшеттерге жағдай жасап, арам шөбін жұлып,  еңбек ететін жандар баршылық.  Солардың бірі Жалғасбекова  Шынар әпкеміз екен. Балаш мәпелеп, алақанға салып аялап өз баламыздай күтіп баптаймыз дейді өз кезегінде Шынар әпке. Ағаш өсіру үшінде ағаш ұнтағын пайдаланады. Рас, себебі нақ осы ағаш ұнтақтары әлі жасыл желек жамылмаған, буыны бекіп, жас тамыршалары жер ана төсіне жайылып үлгермеген арша мен шырша ағаштарының көшеттерін қыс ауасында қардан, күзде селді жауыннан қорғайды. Аршалы қарағайлы орманында бүршік жарып, көктеп жер ана төсінен қылтиа өскен қылқан жапырақты жас көшеттердің арам шөбін жұлып ғана қоймай түбін қопсытып, жерін жұмсарту жұмысыда бар.Тұқымбақ 58 гектар алқапты алып жатыр. Сібір балқарағайы жылына 50-70 сантиметрге дейін өсіп отырады дейді орман шебері Қасымбеков Бөленхан. Қарай –қарай көз талдыма әлде сұлулыққа тойдықпа әйтеуір бір марқайып келесі нысанды тамашалуға жолға шықтық. Ондағы ойымыз тағы нендей тамаша бар екен деген ой болатын.

 

 

АЛТАЙ ФИЛ.

Көздің жауын алар жауһарларын көзбен көріп, тілмен суреттеп, таңдай қағып тамсанудың реті келіп тұр. Дәл осы «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің саяхатшыларға арналған туристік 9 соқпақ бағыттары бар.

Бізде тоғыз соқпақты бағыттың бірі «Алтай» филиалына қарасты «Бақ» учаскесіне  қарай жол тарттық. Ашық аспан астында орналасқан бұл мекен экологиялық туристік сала болып табылады. Сарымсақты соқпағының және Бақ учаскесінде жайқалып тұрған табиғат жаратылысымен келген жанды еліктірер сансыз жануарларының  қауіпсіздігін қамтамассыз ету мақсатында таң сәріден құрым кешке дейін ат сауырын терлеріп орманшылар қалытқысыз қызмет етеді екен. Таулы аймақты шарлауға дайын аттары да көлеңкеде байлаулы тұр. Бірі болмаса біріне мініп шаба жөнелгің келеді. Оның да сәтін салар деген оймен алдымен бақты аралауға кірістік. Бақтың тыныс-тіршілігімен «Алтай» филиалының директоры Қасымов Ерік Тұрсынханұлы тансытырып жүр. Бақ ішін не жаяу немесе атпен аралап тұмса табиғатпен танысу тиімді. Туристерге арнап аққанатты киіз үйде тігілген. Онда туристерге еркін демалуға, қазақ халқының ұлттық сусыны қымыздан дәм татуға мүмкіндіктері мол. Киіз үй іші ұлттық салт – дәстүрге сай безендірілген.  «Бақ» учаскесінде келген кез - келген  демалушыға барынша жағдай жасалған. Тіптен арнайы соғылған монша мен дала табиғатының кезкелген тосын құбылысына, жаздың аптабы мен қыстың аязына бейімдей соғылған қонақ үй кешендеріде 70 адамға лайықтап түрлі жиын-той, немесе құдалық өткізуге де лайықты жасалған шағын табиғат аясындағы жазғы демалыс орны да бар. «Алтай» филиалының аумағында кездесетін жан-жануарларды ақпараттық тақтайшадан да көруге болады. «Бақ» учаскесінде мекен ететін жыртқыш аңдар мен жан-жануарларды арнайы бақылау орны арқылы орманшылар жіті бақылап отырады. Тіптен қыс мезгілінде қардың қалың болып түсуіне орай, арнайы жем салуға арнап жасалынған астауларға келген аңдарды бақылау үшін  жасырын камераларды да пайдаланатындығын айтуда орман шебері Тоқбаев Сұлтанбек.  Қай орманда болмасын қызыл кітапқа енген қазіргі таңда жойылып кетудің аз алдын да тұрған өсімдіктер кездесері анық.  Мұнда өсіріліп бапталатын өсімдіктерге арнайы тақтайшалар қойылып, олардың табиғат аясында табиғи қалыпта жетілуіне жағдайлар жасалғандығының куәсі болдық. Сондықтан сирек кездесетін өсімдіктерге жағдай жасап, оқушылармен бірлескен шаралар өткізіп, өскелең ұрпақты табиғатты аялауға, қоршаған ортаны қорғауда ұлтжандылыққа тәрбиелеуде орасан зор пайда әкеліп отырған «Қатонқарағай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне қарасты, «Бақ» учаскесі жұмысын жандандыруда деп айтуға тұрарлықтай. 

 

АҚБҰЛАҚ САРҚЫРАМАСЫ.

Біз осы Алтай филиалына қарасты  Сарымсақты соқпағындағы туристік насындарды тамашалуға жолға шықтық. Жол жөнекей таң қаларлық оқиғаның куәсі болудамыз. Бір қара бір ақ иттің жүні бағалы саналатын 50 шақты меринос қойын бағып жүрген сәтін тамашаладық. Міне қызықтың көкесі осы Қатон жерінде екен. Есебін тапқан екі асайды деген осы шығар. Бізбен бірге парктың бірнеше қызметкері мен бірге мекеме басшысыда еріп жүрді. Өзге парктерде жұмыс сапарымен жүргенде басшыларды кору арман болушы еді, Ерлан Мұстафин ағамыз бірге жүрді. Тіпті біздің жағдайға келесіздік болмасын дегендей квадроциклында көлікке артып алыпты. Онысыменде таулы аймақтың жолдарын жүріп өттік. Табиғаты мен тірліктің етене ұқсастығын осы басшыдан байқадық. Өз ісіне берілгендігі көрер көзге көрініп-ақ тұрды.  Сарымсақты соқпағына барар жолда әктасты күйдіру пешін  көрдік. Бір заманда бабаларымыз төңіректегі жарқабақтан үлкен тастарды тасып осы орынға алып келіп жиып, астына от жағып, тастардан әк алып қажеттеріне жаратқан екен. Сол күндерден бүгінгі күнге жеткен тарих ізі таңбаланған орынмен бізде таныс болдық. Орманшылардың айтуымен Ақбұлақ сарқырамасына қанығып келеміз. Бірақ оған жеткенше де көз жауын алар қоршаған ортаны тамашалаудамыз. Әр-бір асудан кейін буырқанған өзен, арысы бұлақтар алдымыздан сыңғырлап ағып жатқаны. Тіпті шаршап-шалдықсаңыз тынығуға арнап орманшылар қолынан шыққан тыныстайтын, шайлайтын орындарда сіз үшін жасалғаны көрініп тұр. Қалада өскен мен үшін ат үстінде бірнешге сағат отыру мұң болар деп едім, бірақ табиғат ананың ғажайып көрінісі ол ауырлықты ұмыттырып жіберді. Бірнеше шақырым артта қалған сәтте әліде барар жолдың ұзақтығы айтылған соң филиал директоры  Ерік Тұрсынханұлын жұмыс барысында басынан өткен қызықты әңгімелерден айтып отыруды қолқаладық. Бірде жасырын  фототұзақ қою барысында аюмен болған қызықты оқиғаны ести отырып бұрылыстан шыға келген керемет көріністің куәсі болдық. Алыстан ашық алаңқайдан биік шыңнан  құлап жатқан Ақбұлақ сарқырамасы қылаң берді. Құзар шыңынан құлай аққан Ақбұлақ сарқырамасы «Алтай» орманшылығына қарасты аймақтағы  Сарымсақты соқпағына жататын бірден-бір брендке айналған туристік нысан деген пайымға келдік. Сарқыраманы көруге асыққаным соншалықты жол-жөнекей масадан өорғану үшін киіп алған басымдағы тордың желмен ұшқанына да қарамай жылқыға қамшы басудамын. Таудың сүт кенжесіндей сылаң қаға бұралып шолпының сыңғырындай мөлдір суының тамшылары жер ана төсін қыдықтай Қатонқарағайды жаңғырта аққан тау суының тазалығын көрген жанды еріксіз таңдай қақтырады. Аттан түсе сала сарқыраманың сұлулығына жақыннан көз салуға асықтым. Сарқырама 30 метр шамасындай биіктіктен құлауда. Жерге тиген жерінде көгілдір көлшік бар. Тура бір жарнамадағыдай мөлдір судың көркі тамсандырып барады. Күн салқындығы болмағанда бір сүңгіп аларма еді шіркін. Сарқыраманың көрінісін ешбір суретші суреттей алмас деген оймен, қабырғадағы қыз бен жігіт бейнесіне қараумен болдым. Атам қазақ табиғат ананың осындай кескін-келбеттерін көргенде махббат символдарына айналған ғашықтардың аттарымен аттас аңыздары желісін шығарған ғой деп ойладым. Елімізде осындай ғажап мекендер бола тұра мұхит асқан қандастарымызға таң қаласың. Бұл мекенге алғаш табан тіреген менің өзім енді ешқайда барып әуре болмайын, мен үшін жердегі жұмақ Қатон жерінде екен деген тұжырым жасадым. Қатон жерінде саф ауамен тыныстаған адамның өкпесі кең құлаштай жазылып, алпыс екі тамырдан қан жүгіріп, рахат күй кешері сөзсіз. Сол саф ауамен тыныстай отырып, Ақбұлақ сарқырамасын қимай Бақ учаскесіне оралдық. Жолға шыққан бетте жауын сіркірей кетті. Бірақ  Бақ учаскесіндегі монша мен табиғат аясында киелі қара қазанға асылған ет бізді күтіп тұрғанда жауыннан қорыққан біз болмадық. Қайта туған жердегі ғажайып табиғат бізді қуаттандырып, денемізге жауын тигізбей қорғап тұрғандай болды. Мұндай мекенге аяғымыз жетіп, із қалдырған біздер үшін қандай ауа-райы болсада тосқауыл бола алмас. Бұл туған елге деген махаббаттан туындаған ойлар болатын....Біз көрген кереметті сізде көремін десеңіз онда Қатон жеріне келер жылы барып демалуды бүгіннен бастап басты мақсат тұтыңыз.

 

Өлкетанушы: Ерлан Сыздық

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Оңтүстіктің ішкі туризмдегі мүмкіндіктері немесе ақпараттық тур бізге не береді.

Түнгі Шымқала. Сыры мен шынын ішіне бүккен түнгі Шымкент. Біреулерді тамсандырар, біреулерді таңқалдырар сыйқыры бар алып шаһар.

Қаратау қорғаны немесе Бимахан Оразбақұлы жайлы бір үзік сыр.

Топырағын түртсең тарих сөйлейтін қасиетті шаһар Түркістанда таң арайлап атып келеді. Мейлінше төгілген күн сәулесінің қызуымен көне қалада бұғып жатқан шежірелі тарих тіл қатардай елеңдейсіз

АЛАКӨЛ АЛАБЫНДА

Алматы-2 темір жол вокзалы. Алматы қаласының темір жол вокзалы қашанда сапырылысып, тіршілігі қайнап жатады. Жаздың аптапты ыстығында кісі қарасы тіптен молаяды. Осы тұста көп кісі Алматы вокзалынан Алакөл шипажайларына бағыт түзеп, сапар шегеді.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

23 Января 2017 22:30

Экспедиция с Оразалы Сабденовым г.Тараз

23 Января 2017 23:40

Турнир Беркутчи

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram