Ер Едіге рухына тағзым немесе ішкі туризмды насихаттаудағы ұлы көштің бастауы.

15 Августа 2016 0 525

Алғыс.

      Кененбай көліндегі таңымызда атты. Экспедиция мүшелері үшін бұл 7 күн болатын. Яғни экспедиция сапарыда бүгінгі тамашалайтын жерімізден кейін өз мәресіне  де келіп жетпек. Демек әлі де баратын жерлеріміз баршылық деген сөз. Экспедиция мүшесі шығыс Африканың  биіктігі 5895 метірлік Килиманджароны бағындырған Алматылық Эльвира Амангелдіқызы сапар барысында өзге әлемге тап болғанын жасырмай, туған жердің кереметін бойға сіңіру үшін уақыт қажет екендігін алға тартып, ендігі кезекте шет елге деген сапар екінші кезекте тұратынын айтып ойын бөліссе, Украйналық  қонағымыз  Роман  Пономаренко тау тасты аралап көшпенділер ізімен жүре отырып, мұндағы халық салт-дәстүрді бағалайтынын айта келе өзін өз үйіндегідей сезінгендігін, қазақтың қонақ жайлылығына тәнті болып біраз уақытқа дейін бесбармақтың дәмі естен кетпейтінін айтып марқайса. Экспедиция барысында талай қиындықты еселеуге сүбелі үлес қосқан Алматылық Азамат Мұхаметжановта сапардың күндері бірінен бірі асып түсіп, талай қызықтар  таң қалдырғанын, әсіресе Терісаққан көктемінен алған әсері көкпе дейін естен шықпасына тоқталды. Ұйымдастырушыларға шексіз алғыс білдірудіде ұмыт қалдырмады.

Айбас Дарасы.

Мұхаммедрахым ағаның қонақ жайлылығына тәнті болған біздер Едіге шыңына шығуға асығыстық жасамадық. Біршама Кененбай көлін қимай барып, жолға шықтық. Жолшыбай мал шаруашылығын дөнгелеткен үйлерден өттік. Ат басын бірінші болып Айбас Дарасы аталатын ескерткішке бұрдық. Мұнда да Мұхаммедрахым  аға жол бастап жүрді. Алыстан екі үйірдің айғырлары кешегі өткен күннің батырларындай жекпе-жекке шығып жатқанының куәсі болдық. Айбас Дарасы-Ұлытаудағы қола дәуіріне жататын ежелгі ескерткіштердің бірі. Оны 1956 жылы Әлкей Марғұлан басқарған Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Ескерткіштер кешені кейінгі қола дәуіріне жататын тас қоршаулар, обалар, ежелгі түркілер кезеңінің белгілері сақталған бейіттер мен Қазақ хандығы тұсындағы қорымдардан және екі жағын су қоршап тұрған тастан өрілген қамал-бекіністен тұрады. Айбас дарасындағы ескі молалардың  барлығы дерлік тоналған, қиратылған.Таспен қоршалған обаның диаметрі 20 м, биіктігі 1,4 м. Қабір жалпақ тас плиталар мен жабылған, қабырғаларын тік қойылған тақта тастармен өрген. Бұл зират Бегазы-Дандыбай ескерткіштеріне ұқсас және кейінгі қола дәуіріне жататын осы аттас мәдениеттің таралу шекарасының ең батыс нүктесі болып есептелінеді.

Ер Едіге.

Ескерткіштен тағатсыздана шыққан экспедиция мүшелерінің ойында Едіге шыңын бағындыру барын іштей сезіпте жүрміз. Тауға жеткенше асықпыз. Балшығы мен шалшығының кедергісіне қарамай баса көктеп барамыз. Талай қиындықты еселеп қалған біздер көптен күткен межелі орынғада келіп жеттік. Бұл талайдың арманы, көптің көңілінің қайталанбас көрінісі болған арманды мекен, Ер Едігедей батыр оғыланның мекені еді.Соңғы күшімізді жинақтап, ұшар басы көзге көрінбей тұрған тауды бағындырмақ болып жоғарылай түстік. Тізбектелген экспедиция мүшелері бірімен бірі жарысып барады. Сырт көз қарап тура бір сапарға алғаш шыққан күнбе деп қаласың. Шаршағандарының өзі шаң қаптырып барады. Бұл ұлы мекенге деген махаббаттан туындаса керекті. Ер Едіге – 1352-1419 жылдар аралығында  өмір сүрген тарихи тұлға. Әмір Темір заманында өмір сүрген көреген мемлекет қайраткері, ерен ерлігімен қоса әділ билігімен де есімі аңызға айналып, Алтын Орда  хандарының ақылшысы, халық қамқоры болған Едіге батырдың Тоқтамыспен арадағы соғыстарын арқау еткен аңыз-әңгіме, дастан-жырлар халық арасына кең тараған. Атақты Мұрын жыраудың "Қырымның қырық батыры" жырындағы Едіге киссасында Едігенің шежіресі мен бірге батырлығы да ұрпақтан ұрпаққа жалғасқаны молынан шертіледі. Онда: Аңшыбай батыр, одан Баба Түкті Шашты Әзізден алған  бастау Нәрік батырдың Шора батырымен жалғасады. Міне, сол аралықтағы батырлардың бәрі өздерінің ата-баба жолын, батырлық дәстүрін жалғастырған ішкі, сыртқы шапқыншы жаудан елін, жерін қорғап келген атақты батырлар, билер боп өткен. Едіге Алтынорда ханы Тоқтамыспен тұстас болған. Ал Тоқтамыстың 1380-1395 жылдары Алтын Орданы билегені, СауранСығанақ шаһарларын орталық еткені тарихтан белгілі. Едіге сол Тоқтамыспен тізе косып, кейін ЕділЖайыққа дейінгі жерді өзіне қаратып, Ноғай ордасының негізін каласады. Ал Тоқтамыс болса 1391 жылы 18 шілдеде Құндызша өзенінің бойында, 1395 жылы 15 сәуірде Терек өзені аңғарында Әмір Темір әскерлерінен жеңіліс тапты. 1397 жылы Едігенің қудалауына ұшырап, Литваға қашты. 1399 жылы Ұлы Литва князі Витовтпен одақтасып, Алтын Ордаға жорық жасады. 1399 жылы 12 тамызда Темір Құтлығ пен Едіге әскерлерімен Ворскла өзені бойында болған шайқаста тағы да жеңіліске ұшырады. Араға 7 жыл салып барып 1406 жылы Түменге жақын жерде Тоқтамыс Едіге мен Шәдібек әскерлерімен шайқасып, қаза тапты. Ал Едіге болса 1396 жылдан бастап Алтынорда хандығын 15 жылдай билейді. Ноғайлы ордасын кеңейтеді. Кейін1419 жылы Сарайшық қаласының жанында Тоқтамыс балалары кегін қайырып, Едігені өлтіреді, ел-жұрт Едіге бидің денесін Ұлытауға әкеп қояды. Ол манда "Едіге тауы", "Едіге обасы" деген жерлер бар. Дала перзентінің бойындағы даналық бұғанасы қата бастаған шақта-ақ белгі берген. Бізге жеткен аңыз-әңгімелерде Едігенің хан алдында қаймықпаған қайсарлығы ақыл мен пайым-парасаттылығы турасында көп айтылады. Ел жадындағы Едіге әрі батыр, әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі ақылгөй дана. Сондықтан халық арасында "Ер қамын жеген Едіге" деген қанатты сөзбен:

Едіге деген ер екенЕлдің қамын жер екенЕл шетіне жау келсеМен барайын дер екен,

деген жыр жолдары  ұрпақтан ұрпаққа жалғасты. Мынау міне осы жырға арқау болған, заманында дархан далаға сыймай кеткен Тоқтамыс пен Едігенің басына қойылған белгі тастар.

Түскі ас.

Едіге шыңы жердің биігі ғана емес, заманалар тас бетіне әжім салған рухани биіктік болып саналады. Содан болса керек, айналасы қасиет тұңған, уақыт қабырғасын мүжіген алып тастар, өзен суы теріс ағызғанға көнбейтін асау, хандар мен бектердің мәңгілік байыз тапқан мекендері көңіліңізге түрлі ой саладыЖердің асты мен үсті тұтас байлыққа толы қасиетті жердің топырағы да құнарлы, сол құнардан азықтанған малдың етін қорек еткен адамдары да дархан келеді емеспе. Сол дархан көңілдің ләззатын мына біздер экспедиция мүшелері  Едіге шыңының етегінде түстену барысында қанықтық.

Едіге шыңын бағындыру экспедициясының кейбір мүшелері үшін сапар соңы болатын. Бірнеше күндерді бірге өткізген етене жақын араласып кеткен достар үшін қоштасудан асқан қиындық жоқ. Бірақ амал нешік. Құшақ айқара құшақтасып, бір атаның баласындай болған біздер үшін бұл қоштасу тек келер экспедицияға дейін болмақ. Осы орайда Сакен Сейфуллин ағамыз осы сапардан естелік ретінде достарымызға ұлтымыздың ұлы перзенті Сакен Сейфуллин атамыздың 120 жылдық мерейтойына арналып шығарылған төсбелгіні естелік етіп тағуда. Бұдан асқан құнды сыйлық болмас сәрі. Уақыт жоғалтпай келесі экспедицияны да талқылап алдық.

Вело шеру.

Экспедиция мүшелері экспедицияның нүктесін қою мақсатында Ұлытау төріндегі велошерудің ашылу салтанатына қатысуға Едіге шыңын артта қалдырып барады. Көзді ашып жұмғанша Улытау төрінеде келіп жетті. Ұлытау төрі бізді әнмен әуелетіп қарсы алды.  Велошеруде басталды. Аяқбасқыштарын екпіндете басқан жастар легі зулатып барады. Арасында Польшалық Лукаста, аға буын өкілі Серік Қалиевте бар. Вело шерудің мақсаты аудан ішінде өткен күндерден сыр шертер, бүгінгі күнге дейін жеткен тарихи  мекендерді аралап, тағылымды тарих іздерімен жүріп өту болатын. Ол  істің де асығы алшысынан түскен күн болды бүгін. Қорыта келе экспедиция барысында көзбен көрген  жаратылыстың табиғатқа берген осыншама әсемдігін сөзбен айтып жеткізу тіпті мүмкін емес. Ұлытау... Бір өзіңнің бойыңа қаншама көркемдікті жиып тұрсың десеңші?!... Сеңгір көкті шаншып өтіп, айналасына тәкаппарлана қарайтындай. Сан мың ғасырдың куәсіндей болған таудың белдеу-белдеу қатпарлары бейне бір жүз жасаған қарияның жүзіне тереңдей енген әжімдей өткен күннен сыр шертеді. Әсіресе,  өскелең ұрпақ үшін дәстүрімізді сақтап қазақи болмысты қалыптастыра білген ауылдары, әрбір тасы, әрбір төбесі аса құндылыққа ие. Жалпы, ойлы көзбен, табиғатқа махаббатпен қараған жанға айналадағы әрбір дүние үндестікпен қарайтындай көрінеді. Бір сәт туған жердің табиғатын тамашалап, жан-жағыңа көз тастасаң, Тәңірдің осыншама шебер екеніне еріксіз таңдай қағасың. Біз аузымыздан тастамай, айта жүретін қаймана қазақтың қаймағы бұзылмаған «нағыз сұлулық» деген ұғымы осы шығар,сірә. Мұндағы қайталанбас біз көрген дүниелер, жарыса жатқан жартастар, сылдырай аққан бұлақтар, жап-жасыл шалғын белдеулер, жусанды алқаптар, Зердеш баба мекендеген, Асан ата қастерлеген, ұлылар ұлықтанған, батыс елі мойндаған  дархан даланың ажарын еселендіре түскендей. Манаурап, тып-тыныш жатқан бір ғажап әлем. Ұлытау  бүгін ішкі туризмды насихаттауда ұлы көштің басында тұр. Ұлттық құндылығымызды, рухани дүниелерімізді паш етуде  оқ бойы озып,  биік тұғырдан көрінді.  Қысқасы, мұндағы біз көрген сұлулық қаланың қолдан соққан тамашасынан мың есе артық болғандай ерекше сезімде қалдырды. Бірақ, оны тек көзбен көріп, жүрекпен сезіне алсаңыз ғана. Ол үшін ұлтжандылық танытып біздің экспедицияның қатарынан табыла білсеңіз болғаны.

Өлкетанушы: Е.Сыздық



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Қатонқарағай-3 бөлім.

«Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркінің шығысында орналасқан «Өрел» орманшылығына да келіп жеттік. Орман өмірі – кім - кімді де бей жай қалдырмасы анық. Жаныңа қуаныш сыйлап бақытқа бөлейді

Оңтүстіктің ішкі туризмдегі мүмкіндіктері немесе ақпараттық тур бізге не береді.

Түнгі Шымқала. Сыры мен шынын ішіне бүккен түнгі Шымкент. Біреулерді тамсандырар, біреулерді таңқалдырар сыйқыры бар алып шаһар.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

24 Марта 2017 01:40

Алғаритм

24 Марта 2017 02:10

Рейд по следам рыбных браконьеров

24 Марта 2017 02:20

Катонқарағай 4 бөлім

24 Марта 2017 02:55

Ночная рыбалка на озере Балхаш

24 Марта 2017 03:20

Қақпаншы

24 Марта 2017 03:50

Рыбоводные приключения с А.Винокуровым

24 Марта 2017 04:15

Алаколь- дом отдыха "Айгерим"

24 Марта 2017 04:45

Nomad Explorer: Улытау мурасы 1 серия

24 Марта 2017 05:05

г.Кентау 60 лет

24 Марта 2017 05:30

Шашлык из сома

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram