Кененбай көлі, Алтыншоқы, Ханорда.

29 Июля 2016 0 597

Кененбай көлі бірінші рет келген адамға осыншама кереметті бір күнде тамашалап бола аламба деген сұрақты туындататыны рас. Бір апта жатсаңда көзің тоймасына шүбә жоқ. Өзені арқырап сарқырамасы сарқырап жатқан керемет көрініс. Экспедиция мүшелері де бір бірімен амандасып шүйіркелесуде. Тура бір бірнеше күннен бері  көрмей сағынысып қалғандай. Әлі де баратын жерлеріміз болғандықтан көлік доңғалақтарын реттеп жолға шықтық.  Сөйтіп көптен бері көкейде жүрген тіпті талайларға арман болған тарихи мекен, сонау европа елдерінің елдігін еселеткен елеулі оқиғаның себепкері көреген Әмір Темірдің ізі қалған  Алтыншоқыға  да табан тіредік.

 

Алтыншоқы.

 1391 жылы  200 000 -әскерімен Алтын Орда ханы Тоқтамысқа Самарқандтан жорыққа аттанған Әмір Темірдің қалың қолы сәуір айында Сарыарқаның кіндік жонында жатқан Ұлытау тауларының шетіне ілінеді. Кезінде Жошы ханның атақонысы болған бай өлкенің таза ауасы мен суын, шүйгінді жайылымдарын көрген билеуші қаншама күндер бойы жорықта болған, Бетпақдаланың шөл даласын кесіп өтем деп шаршап-шалдыққан әскеріне бірнеше күн осы жерде тынығуына мұрсат береді. Ұлытау өлкесінің ғажайып көрінісіне тәнті болған ол «адамдар ризашылықпен еске алып жүруі үшін» тастан ескерткіш белгі қойып, оған өзінің осы жерде болғаны туралы жазып қоюды бұйырған. Міне сол заманда болған бұл тарихи оқиға әлем жұртшылығына тек алты ғасырдан соң ғана белгілі болды. Ал белгітасты 1935 жылы қазақ жерінен тауып, әлемге жария етуге бірден-бір себепкер болған адам – қазақтың болашақ ғұлама ғалымы, тұңғыш академигі Қаныш Сәтбаев еді. Ол жағдай туралы Қаныш Имантайұлы 1989 жылы «Ғылым» баспасынан шыққан «Ғылым және мәдениет туралы таңдамалы мақалалары» деген кітабындағы 1941 жылы жарияланған «Доисторические памятники в Джезказганском районе» атты мақаласында жақсы саралап өткен болатын. Бұл – екі тілде жазуы бар үлкен жартас сынығы. Қаныш Имантайұлы өз жазбасында аталмыш жәдігерге қалай кезіккенін айта келе, қап-қара амфиболит тасқа әдемі араб шрифтімен 10 жол арабша сөз түскенін айтады. Ғалым оның мәтінін ажырату мүмкін болмағанын ескертіп, тек алғашқы жолындағы мұсылманша кәдімгі дұға сөзін ғана оқи алыпты. Сол күні кеш болғандықтан, Қанекең ертеңінде белгітас жатқан шоқыға бірнеше адаммен қайта келеді. Олар қара тасты мықты деген геологиялық балғамен ұрып байқағанмен бетіне сызат та түсіре алмапты. Үш адам болып жұмылғанмен жұмбақ жазуы бар ерекше тасты орнынан жылжыта алмайды. Содан кейін жазулар жақсы көрінуі үшін әріптерді тіс жуатын ұнтақпен ағартып отырып, экспедицияда коллектор болып істейтін Сергей Александрович Рожнов деген кісіге «Фотокор» атты аппаратпен суретке түсіртеді. Бұл геолог естелігінде былай деп жазыпты: «Осындай олжаға кезіккен Қаныш Имантайұлының көңілі сондай көтеріңкі болды. Ол Шәріп екеумізге: «Оу, жігіттер, біз Алтын Шоқыдан алтыннан да бағалы қазынаға кезіккен сияқтымыз» деді.

Кейін сапардан оралған соң Қаныш Имантайұлы табылған белгітас жайлы Мәскеудегі Ғылым академиясына хат жазып, фотосын жібереді. Айтылған олжаның құндылығын бағамдап, қызығушылық танытқан Ленинградтағы Эрмитаждың директоры академик И.А.Орбели 1936 жылдың күзінде Қарсақпайға аға ғылыми қызметкері Морозов бастатқан арнайы ғылыми топты аттандырады. Олар қара тас­ты арбаға тиеп, 500 шақырым жердегі Қызылордаға жеткізіп, одан әрі отарбамен Ресейге алып кетеді. 1937 жылдың басында Морозов Ленинградтан хабарласып, Қаныш Имантайұлына тастағы жазуды профессор Поппэ зерттеп, мән-мағынасын ажыратқанын айтып, мәтінін баяндайды. Қазіргі таңда ол тас Эрмитажда тұр. Расындада бүгінгі ұрпақ экспедиция мүшелеріде сол тарихи оқиғаның куәсі болуда. Осындай  елеулі оқиғаларды елге насихаттап жүрген Тұран Тв телеарнасы елдің сүйікті арнасына айналуда. Алтыншоқыдағы алған әсермен зулата отырып Хан ордаға қарай бет алдық.

 

Хан орда.

Әлікей Марғұланның зерттеулерінде бұл қала Алашахан деп белгіленген. Тек кейінгі уақыттарда Хан Ордасы аталып жүр . Зерттеушілер әртүрлі пікірде. Бірі қыпшақ кезенің, енді бірі кейінгі уақыттар дейді. Нақты тоқтамға келе алмаған. Бақтияр Қожахметовтың айтуы бойынша мұнда көшпенділердің ордасы болған деседі. Тұтқиялдан шапқан жаудан қорғану үшін салынған қамал қорған. Айналасы щапқан жаудың аттары қарғып өтпесін деп ор қазылып су жіберілгені көрініп тұр. Жанында тағы бір қамалы болған ол халық малын қорғау үшін пайдаланған екен. Бұл ханорда Қыпшақ оғыз заманында Ұлытаудан Сібірге қарай өтетін Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, сауда-саттыққа ыңғайлы , мал-жанғада табиғаты қолайлы болған. Сол кездегі шағын жаудан қорғанған жазғы ханордасы. Айналасында ханорда қызметшілері тұратын  киіз үйлер болған. Ең бастысы Ұлытаудың ұлылығын сол кездерде мойындаған ел тауға жақын орын теппеген. Себебі адам факторының әсерінен табиғат жаратылысы түрлі өзгерістерге ластануға ұшыраса киелі таудың киесі ұрады депте сенген және тазалықты таудың сұлулығын сақтап бағасына жете білген. Мұны ел билеушілеріде халқыда түсіне  білген. Бір жағынан киелі тауды көздің қарашығындай сақтап қорғаған. Осы тұста Марғұлан Қалиұлы ертенгі экспедицияның соңғы күні жайлы жоспарды таныстырып өтті. Ханорданың төрінде тағы бір экспедиция мүшелері елдеріне қайтуға бел буды.

 

Кенебай көлі.

Ханорданы арта  қалдырып Кененбай көліне де қайтар сәтте болды. Көлге жақындаған тұста керемет көріністің куәсі болдық. Махаббат пен пәктіктің символы болған аққу құстардың судағы жүзіп жүрген сәтін тамашаладық. Аққуы жүзген айдын шалқар көлі бар деп осындайда айтқан. Көлдегі көріністің қайталанбас осы сәттері телеарна түсірілімдері үшін сөссіз баға жетпес құндылық болмақ. Қазақтың дастарханы қашанда қонақ үшін жайлып  жиылмаған.Үй иесі  Мұхаммедрахым Әжібаев ағамыздың бибісі  Гүлшайра Бітімбаева түнде келген 20 адамды, күндіз келген 20 адамды  бәйек таппай күте білген қырықтың бірі қыдыр қонған жан екен. Дастарханы аста төк, балдай тәтті сары қымызы сілекейіңді шұбыртып барады. Бірінен кейін бірін сырлы кесені қылқытып жатырмыз. Кенебай көлінде балық аулау шаруашылығын дөңгелеткен Мұхаммедрахым ағамызда өз кезегінде ішкі туризмның дамуына сүбелі үлес қосып жатқан жайы бар.4 ұл өсіріп 6 немере сүйіп отырған аға буын өкілі осындай шаралардың болғанын құптауда.

Экспедиция мүшелері үшін жан-жақты қызмет етіп жатқан аспазшылар тобыныңда түскі асты қамдаған кезі. Бүгінгі ас мәзірі өзбек ұлтының тағамы, қызылорданың сыр маржаны күріші,  Ұлытаудың сүрленген етінен жасалған палау. Дастархан жаңартылып, палаудың келуіне дайындалу барысында бірнеше күннен бері арамызда талай биіктіктерді еңсеріп жүрген, тіпті сонау шығыс африка елінің танзания жеріндегі  биіктігі  5895 метірлік Килиманджаро биіктігін бағындырған қазақтың сары қызғалдағы Тагирова Эльвира Амангелдіқызының арамызда жүргенін біріміз білсек біріміз білмеппіз. Әлия мен Мәншүктің ізбасарлары әлі де бар екенғой деп қуанып та қалдық. Сары қымыз тәттілігін қойса мен жылқы ұрлауымды қояр едім деген екен бірде барымташы атамыз. Гүлшайра апамыздан тағы да сарықымызын сұрап ішіп жатқан жайымыз бар. Сарықымызды сапырып жүргенімізде түскі аста үйге кіргізіле басталды. Алдыңа ас қойдым екі қолды бос қойдым дегендей, білекті сыбанып тастап қолды палауға салып жатырмыз. Ет тәттілігін қойса мен ұрлығымды қоярмын депті бір барымташы. Дастархан басынан орын жетпегендері ынғайына қарай тамақтанып жатқаны, бұл да бір қызық.

 Кешкі балық аулау.

 Көзді ашып жұмғанша кеште батты. Соған қарамастан экспедиция мүшелері көл жағасында әлі де балық аулауда.

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

26 Июня 2017 22:30

Мудрец из рода саков

26 Июня 2017 23:30

ГНПП : Алтын Эмель

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram