Ақжалдың ажары мен Шеңбердің шахтасы.

28 Июля 2016 0 857

Таңғы шай.

Ұлытау мұрасы экспедициясының бесінші күні. Экспедиция мүшелерінің бірі өзен жағасында түнесе біздер өзен жағасының төменгі жағындағы Серік Ахатұлының үйінде түнеп шықтық. Серік Ахатұлы өзен жағасында қора жайын салып мал бағып, шаруашылығын дөнгелеткен азамат. Бибісі Роза женгеймен бірге үш ұл екі қыз тәрбиелеп, ұлды ұяға,қызды қияға қондырып 5 немересінің алақанынан су ішіп отырған жайы бар екен. Серік аға экспедиция мүшелеріне алғыс айтып ақ жол тілеп қала берді. Өзен жағасында, қыр үстінде күн шуақта шайлағанға не жетсін.  Шаршағанды басатын, сарайыңды ашатын  табиғат аясында қайнатылған шайдан асқан рахат барма. Әсіресе айналаңда жаны-жайсан мен өзіңді бір ауыз сөзден ұғатын достарың болғаны қандай тамаша. Өткен-кеткенді еске алып күліп ләззат алған бір ғанибет емеспе. Бірақ экспедиция барысында әліде баратын жерлеріміз болғандықтан жолға жиналғанда дұрыс.

Ақжал  немесе қазақтың Марсы

Діттеген жеріміз Шеңбер ауылынан 18 шақырым жердегі Ақжар деген мекен. Жолсыз жолдармен жүйтки отырып, Шеңбер ауылынада келіп жеттік. Мұнда Ұлытау қорығының басшысы Бақтияр Қожахметов Тамдыға жол бастап  баратын жолбастаушымызды дайындауы керек болатын. Бірақ ауыл ішінен оларды кезіктере  алмағандықтан өзіміз жүре беруге тура келді. Ауыл бір кездері кен игерудің арқасында гүлденіп, тоқырау жылдары өндіріс тоқтаған соң жетім баланың күйін кешкені көрініп тұр. Бірақ әлі де болса тіршілік бар.Көзге  бала-шаға көріне қоймаған соң жастар жағы қалаға көшкен ау деп ойладық. Ақжалға бара жатқан жолда сәтін салып  Бақтияр Қожахметовты кезіктірдік. Бір өкініштісі жауын-шашынның көптігінен, өзендер арнасы асып-тасып жатқандықтан Тамдының тамашасын тамашалай алмайтын туралы хабарды бөлісті Бақтияр Қожахметов.  Бақтияр ағамен кездесуден кейін  Ақжал  қайдасың деп жүріп кеттік. Экспедиция барысында талай кереметтің куәсі болдық. Терісаққан көктемінен кейін бізді таң қалдыратын дүние жоқ шығар деп ойлаған болатынбыз. Бірақ мұнымыз бекер болып шықты Ақжал мекеніне табан тірегенімізде.  Ақжал шыныменде таңдай қағып таң қалыдратын жер екен. Үстіңгі қабатындағы топырағы қызыл түсті, ал табаны сары түсті, үстіндегі тастар күн шуағынан жылтырап жатқаны. Алыстан көрген адам шыны шашылап жатырма деп қалады. Былай қарағанда бір кездері теңіздің асты болғанға да ұқсайды. Өйткені теңіз толқыны келіп соғылудың әсерінен пайда болған құмды жағалау сияқты. Енді бірде ертегідегідей ерекше мекен. Алыстан қарасаң жемтігін күтіп жатқан қызыл арыстанның табандары сияқты. Енді бір жағынан қарасаң тыныстап жатқан айдахар іспеттес. Акжалды аралаған сайын аралай бергің келеді. Бірі бірінен асып түспесе кем түспейтін жалдардын көрінісі баурап барады. Экспедиция мүшелеріде бір-бірімен жарысып шарлап жүр ғажап мекенді. Бұл сұлулықты екі аяқтыда адам баласы тамашаласа, төрт тұяқтыда киіктер мекен етсе керек. Киіктің бас сүйегіде кездесе кетті осы сәтте. Не нәрсе болса да Жаратушы иеміз бар бояуды араластырып адамзат баласын өзінің құдіреттілігіне бас идіріп тандандыра беру үшін осы мекенді жаратқандай. Ия жаратушы біздің жерге кереметті армансыз үйіп төге салғанының куәсі болдық Ұлытаудың мекенін аралай жүріп. Әсіресе Ақжал жері фототілшілер үшін таптырмас орынға айналды. Таңнын атысы-күннің батысы олар үшін Ақжал қаншама керемет суреттердің көрінісін туындата беретіндей. Түскі асты Ақжалдың кереметіне көз тастай отырып қамданып жатырмыз. Біріміз құдды бір құдамыздың төрінде жатқандай болсақ, енді біріміз жайғасып отырмыз. Қазақ елінің төрт бұрышы өзгелер түгілі өзімізді таң қалдыруда, ал өзгелер көрсе тіпті бұл мекенді сөссіз Марс планетасы  деп қалар еді. Бұл ойымызды экспедиция мүшесі Айбек Фазыловта қоштай кетті.Уақыты келіп біздің кинотуындылар шығатын күнде алыс емес шығар. Біздің экспедициянын туныдыларын көргеннен соң бұл мекенге де қызығушылар табылып қалар. Осындай таңғажайып еліміз, жеріміз барда  талайларды тамсандыра беретінімізге шүбәсіз сенуге болады. Ия шын мәнісінде солай деп Ақбота қарындасымыз салған «Ия солай, ия солай Қазақ елі осындай» деген әнмен ұштасып жатыр. Күн ұясына батпай әлі де баратын жеріміз болғандықтан Ақжал жерін қимай-қимай жолға жиналдық. Алған әсерлерінен экспедиция мүшелері біразға дейін арыла алмайтындығына көз жетеді. Суретке алғандары бұл жерде болмаған өзге мүшелерге ғаламтор желілері арқылы таныстырыпта алады. Бір кездері осы мекендермен бабаларымыз жүріп өткен түйе керуеніндей бізде тізбектеліп  Ақжалға келе жатқан жолда көрінген  Жакуда ишан мешітін көруге асығып барамыз.

Жакуда ишан мешіті.

Көзді ашып-жұмғанша жол талғамайтын көліктеріміз шанды аспанға шығара мешіткеде келіп жетті. Бұл неде болса тамаша жерлерді көре түсейік деген туған елге деген сүйіспеншілік болатын. Жазиралы алқапта жападан жалғыз тұрған мешітке де келіп жеттік. Теңіздегі кемелер адаспасын деп дөнес жерге тұрғызылған  жарығы бар биік мұнара  іспеттес. Заманында бұл  мешіт мұнарасы да  осы жапан түзде адасқан талай керуендер мен бейбақтардың бағыт-бағдарын реттеп жіберген болар. Күн адассаң азан жаңғыры  шығар, түн адассаң шырағы жанып тұратын Алланың үйі небір қиын күндерді, кешегі қиын-қыстау сұмқайттының замандарында үдере жан сауғалап көшкен талай жұртқа пана болған шығар. Талайлар жетіп намазын оқығанда болар біздің экспедиция мүшелері сияқты. Мешіттің шатыры жоқ демесен кейпі жақсы сақталған. Ол да болса сол заманның адамдары болашақ ұрпақ алдындағы ар намысты ойласа керекті. Бүгін салып ертен құлайтын мешіт болса Алла алдында  кешпес күнаға, ұрпақ алдында масқара болмайық дегеніда. Ал бұл күннің құрылысы болса ғасырларға жетерме еді. Тіпті сол күннің белгісі болған баспалдақтарыда әлі де жақсы күйде сақталыпты. Құрылысқа тыңғылықты көңіл бөлгені осыданда көрініп тұр.Марс пен мешіт үйін көріп шыққан экспедиция мүшелері ендігі кезекте ауыл дүкені бізді несімен таң қалдырар деген оймен  Шеңбер ауылындағы дүкенге де бас сұқты.

Қорғасын шахтасы.

Өзеннен өтіп ауыл шетіндегі 19-20 ғасырларда ағылшындар игерген қорғасын кен орнына келіп жеттік. Мұнда сол күндердің елесіндей болып шахта құрылысының қалдықтары тұр. Әсіресе мына қорғасын алу үшін ұңғылаған адам бойындай ұңғыма тіке сол қорғасын қазылған шахтаның ауыздарына алып барады екен. Бұл арқылы бірнеше бағыттарға қарай шахта жолдары  айқын көрініп жатыр. Бұл шахталар  еуразия континентіндегі ең алғаш рет қорғасын алу үшін қазылған кен орындары болып табылады. Міне Қазақ жері Ұлытаудың мекені ішкі туризмді дамытуда осындай ғаламат нысанға ие бола тұра қаңырап бос жатқаны қынжылтады. Жер астындағы да үстіндегі де байлығы далада шашылған ел біздей болсын. Қолда бардың қадірі бағаланатын кезгеде жетерміз деген ниетпен тағы бір тарихымыздан сыр шертер орынға қозғалдық.

Махат сағанасы.

Махат сағанасына да келіп жеттік. Көрер көзге кәдімгі қызыл қыштан қаланған кесене. Несімен бізді таң қалдырмақ деген оймен кесене ішіне де кіріп шықтық. Сөйтіп қарапайым ғана кесене ғой деп тұрғанымызда нағыз қызықтың көкесі осында екен. Кесенені Махат деген қария салдырыпты. Ішкі жағында екі бөлімнен тұратын жертөлесі бар. Бірі ер адамға енді бірі әйел адамға арналыпты. Мұздатқыш қызметін атқаратын жертөлеге Махат ата қайтыс болған әулеттің ұрпақтары бір жерде болсын деген ниетте салдырыпты. Қызық. Дүниеден қайтқан адамды жерге көмбей аққа арулап орап, осы жертөлеге қояды екен. Алдында қойылған адамды шұқырға сырғыта салады да жаңа мәйітті соның орнына қояды . Соңғы мәйіт 1994 жылы қойылыпты, ақ матасы ашылып сары сүйегі көрініп жатқаны. Бірінші көрген адамның денесі түршігіп кетерліктей. Кесене құрылысы тыңғылықты салынған. Сапасына көп көңіл бөлінгені көрініп тұр. Сыртында айшықталған оюлары да бар.   Бүгінгі күнімізде өз мәресіне келіп жетті. Ұлытау жері бізді таңғалдырудан шаршамады,  ал біздер сол тамашаны көруден шаршамадық. Тек күннің қалай өтіп кеткенін байқамай қалыппыз. Кененбай көліндегі ертенгі күн бізді несімен таң қалдырады деген ой мазалаған күйде кештіде батырдық.....

Өлкетанушы: Е. Сыздық

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

29 Июня 2017 08:10

Авантуризм

29 Июня 2017 08:45

Люди Х

29 Июня 2017 08:55

Рыбалка в водоемах Казахстана

29 Июня 2017 09:20

Экспедиция NOMAD EXPLORER:Тайны Устюрта 3 серия

29 Июня 2017 09:40

Беркутчи

29 Июня 2017 09:50

Морская рыбалка

29 Июня 2017 10:50

ГНПП: Қатонқарағай 2 бөлім

29 Июня 2017 11:30

Трофеи Авалона

29 Июня 2017 12:00

Простые радости

29 Июня 2017 12:30

Дневник федерации

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram