Терісаққан көктемі шақырады.

20 Июля 2016 0 1340

    Терісаққан көктемі этнофесивалы алыс жолдан ат терлетіп келген бізді "Ұлытау мұрасы" экспедициясының мүшелерін  несімен тамсандырмақ. Облыстан жырақта орын тепкен осы бір шағын ауыл несімен ерекшеленеді. Бірнеше телеарналармен тілшілердің басын біріктірген нендей құдірет, міне осы сұрақтардың жауабын Терісаққан ауылының жылдағы дәстүрлі түрде өткізіп жатқан бие сауу, айғыр қосу этнофестивалын тамашалау барысында табатын боламыз.  Ауыл мектебінің ауласына қаз-қатар тізілген киіз үйлер тігіліпті.  Мәре-сәре болып балалар ойнап жүр, ауыл адамдары да абыр-сабыр.

 

Үлкен мерекеге дайындық жүріп жатқаны бірден байқалады.  Қаймана қазақтың әдетімен бұл жиында таңғы 9 да басталады дегенімен 11-12 лерде басталуыда әбден мүмкін еді егер ұйымдастырушылардың бірі қорық басшысы БақтиярҚожахметов микрофонды қолға алып жиналған қауымды этнофестивалды тамашалауға шақырмағанда.

Ақ дастархан.

Сонымен көптен күткен жиынды тамашалауға жиылған көпшілік екі топқа бөлініп кете барды. Терісаққан ауылында бар жоғы 30 шақты шаңырақ бар. Әр үйде бір немесе екі үйірден жылқы байлайды. Көктем шығысымен қонақтарға арнап сақтаған  қымыздарын, сүрленген еттерін, құрт-ірімшіктерін тағы басқа ұлттық тағамдарын ақ дастарханын жайып жіберіп  үйіп төгуде. Ақсақалдар бастаған қауым шаңырақ иесіне байлы болсын дастарханын майлы болсын деген ақ ниет тілектерін айтып дастархан мәзірінен дәм татуда.  Дастарханға жайғасып үлгергені қолды бірінші болып салып жіберіп  тіл үйірер дәмнен тартуда. Ал үлгермегені жай шетте тұрып ауыз тиюде. Қонағын құдайындай сыйлаған қазақ үшін бұдан асқан бақыт жоқ шығар сірә.Содан барып шаңырақ бибілері қолдарына май алып құлындардың маңдайына, арқандарына, ноқталарына ырымдап  жағуда, осындай ырым жоралғыны жасап барып бие саууға кірісуге не себеп. Бұл да өз кезегінде қазақ халқының ұмытылып бара жатқан салтының бірі сияқты. Сол жөн жоралғыны жаңғыртып, келер ұрпаққа жеткізген нендей қасиет. Сол сұрақтың жауабын шара барысында тауып көрмекпіз. Әр отбасының дастарханынан дәм тата жүріп, келесі үйдің дастарханы несімен ерекшеленіп тұрады деп ойлапта қоясың.  

Тіпті дастархан мәзірі былай тұрсын жаңа сауылған бие сүті саумалдыда құлын мен тура бір бала күнінде уызға жарымаған балашадай таласа шелекті басқа көтеріп сіміріп жатқандарда аз болмады. Сырт көз қарап қызығып та қызғанып та қаласың. Әр үйдің отағасына ұйымдастырушылар тарапынан естелік сыйлықтар да табыс етілу жағы ұмыт қалмады.

Сақталған қымыз-сүрленген ет.

Дастархандағы астың сәніде мәніде жыл бойына сақталған қымыз бен сүрленген етте болды, тамсанғанда танданғанда сол қымызды ащылығына қарамай елден бұрын жетіп барып сіміруде.

Қымызға үлгермегені тұз сіңген сары етке қол салуда. Қазақтың дархан даласының әр бұрышынан жиылған экспедиция мүшелерінің  мұндай сақталған қымызды бірінші рет ішіп тұрғандықтарын сырт көз қарап түсінуге де болатын еді. Қонақ жай қазағым қонақтарды дастарханға шақырып әлек болуда. Шақырудыңда өз мәні бар екен. Келген жұршылық қымыздың жасалуы туралы біліп әрі ақ жаулықты анамыздың ақ батасын алсын дегені екен.  Анамыз шын ниетімен жиылған көпшілікке батасын беруде. Жарықтық ана көңілі балада, баланың көзі етпен қымызда болды. Бие сауу, айғыр қосу дәстүрі бір сәтке ұмытылып кеткендей болды. Шағын ғана дастархан көңіл кеңдігінен болу керек барша жұртқа жетіп жатты. Бұлда болса ауыл  дәмінің  қашанда берекелі де мерекелі екенін тағы бір дәлелдеп өткендей. Сол мерекелі де берекелі дастархандағы ұлттық сусынымыз өз елімізден шекара асып өзге елдің абыройын асқақтатып жатқанын естігенде қынжылып қаласың. Бірақ бұл балдай сары қымыз құнарлығымен де құндылығыменде, тіпті ерекше дәміменде тек қазақтыкы болып қала бермек. Өйткені мұны сақтау мен жасау технологиясы тек қазақ деген ұлы елдің халқына ғана тән қасиет. Халқы тұрмақ шүйгін шөбі мен дала жусанына жайылған жылқының сүті, тобылғыға ысталған күбісінде бұрқ -сарқ сапырылып жатқанын бірі білсе бірі білмес.  

 

Бізде де ұят жоқ, айғырда  қайдан болсын.

Етке есеріп, қымызға масайрап екіге бөлінген тобымыз бірлік түбі береке дегендей бірігіп сала берді. Ауыл шаңын аспанға шығарып барға қанағат, бергенге берекет деп айғыр қосу қызығына да ден қоя бастады. Шет ел асып келген қонақтарымыз бұл өзі не жиын, етке тойдырды, қымызға бөктірді, енді неге жайылып жүрген үйірге айғырды бір қосып қойса сол жүре бермейме деген сұрақ заңдылығына да Марғұлан Қалиұлы жауап беріп жатты.  Қазақта айғыр өз үйіріне шаппайды деп жатады. Бұл дегеніміз тектлігін сақтаған мінезінен болса керек. Қазақты да осыдан барып жылқы мінезді деп бекер айтпаған екен-ау деп ойлайсын. Сол себептіде биылғы дүниеге келген құлындар келер жылы үйірге қосылғанда өз әкесімен буданға түспейді. Сондықтанда жылына үйірге жаңа айғыр қосылып тұрады.

Ал бұл дегеніңіз жай ғана айғырды жібере салдың, ол үйірге қосылып кете барды емес, ол нағыз тартыс пен талас,  шайнас пен тепкілестің алаңы. Үйірге жіберілген айғырды биелер үйірі бірден қабылдамайды. Алдымен мама биелер қауымы бір тексеріп алайық дегендей оқырынып, маңайларына жуыта қоймайды. Тіпті биемін деп жуасып тұрмай сәтін салса қос аяқтап тұрып айғырдыда шықпыртып алмақ. Сатұр-сұтыр тепкілесіп жатқаны. Манадан бері дастарханды жағалап кеткен экспедиция мүшелері енді нағыз қызықтың куәсі болуда. Бал қымызданда артық қызықтың бар екеніне енді көз жеткендей. Тек мықтылығын дәлелдеген айғыр ғана үйірді үйіріп барып, өз әрекетіне кіріседі. Ондада ептілікті қажет етеді. Бірнеше әрекеттен кейін барып  салаңдатып салып жіберіп дегеніне жеткенде ғана барып айғырды үйірде мойындағандай болады. Осы сәттегі көңілдерін қуаныш кернеп, қол соғып қолпаштап жатқан  қонақтардыңда көңіл күйін түсінуге болатындай.

Жанайдар батыр немесе өшпес өнеге.

Кенесары хан  өз батырларының ішін­де Жанайдар Орынбайұлын «Бас батырым» деп бағалаған. Оған көп­тің алдында батасын берген. Жанайдар батырдың хан батасын ал­ған батыр атанғаны да тарихтан бел­гілі. Өз қатары арасында өжеттігі мен ерлігі, алғырлығы мен айбары, ақылы мен айласы асқан хас батыр Жанайдар жайлы ел ішінде айтылып жүрген аңыз – әпсана де аз емес.  Хан әскерінің шешуші шайқастарда жеңіске жетуі қол бастаған батырдың тапқырлығы мен шеберлігіне байланысты десек, Жанайдар батыр бойы­на сондай қабілеттерді жинай білген сардар. Осындай ерлердің ерлігі арқасында қалың елдің бірлігі сақталып, жүгірген аңның тұяғы тозып, ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр даланың ұлтымызға ұя болғанын бүгінгі ұрпақ біле жүргені жөн. Артынан ерген ұрпағы баб рухын асқақтатып алып ескерткіш тұрғызыпты. Сол ескерткіштің ашылу салтанатының куәсі міне бүгінгі Ұлытау мұрасы экспедициясының мүшелері болуда.Тарихқа көз жүгіртсек, Терісаққан бойындағы қалың елді соңына ерткен Жанайдар батыр 1837 жылы Кенесары әскеріне келіп қосылған. Бұл жөнінде Арқаға аты шыққан Мұса Шорманұлы өзінің естелігінде: «Жанайдар батыр Кенесары ханның  басты батырларының бірі болды» деп жазып қалдырғаны бар. Демек, ханның құрметіне бөленген Жанайдар батырдың хан сарбаздарын даярлап, жаттықтырып, дайындаудағы сардарлығы бір бөлек, жекпе-жекке шығып, жау жыққаны бір бөлек, жеке шауып шеп бұзғаны бір бөлек деп айтуымыз керек. Олардың әрқайсысын жеке-жеке талдап, зерттеп екшеп, қажетімізге жарата білсек кейінгіге өнеге ететін үлгілі істердің басы болып, Терісаққан ауыл тұрғындарының бұл бағытта атқарған келелі істері тарихтан ойып тұрып орын алары сөссіз еді. Бір кездері осы ауылға  Бахрейіндіктер мен  АҚШ-тан келген қонақтар тал ексе міне енді Ресей, Қырғыз және еліміздің түкпір-түкпірнен жиылған  дүйім ел келер ұрпаққа аманаттап ағаш егуде.

Экспедиция мүшелері естелікке суретке түсіп, жасыл желек ағаш егіп жатқанда қос ішекті киелі домбыраны күмбірлеткен Ғалым Мұхамедин ағамыз «Балқадиша» әнін әуелетіп жатты.

Салтанатты концерт.

Бие де сауылды айғырда қосылды, сары қымызда сапырылып, сүрленген етте желінді, тіпті Жанайдар батыр рухыда бір аунап түскен шығар. Ендігі кезек шараның марапаты мен алғыс сөздеріне де кезек келіп жетті. Мектеп алды халыққа лық толы, бала-шағдан аяқ алып жүре алмайсыз. Бүгінгі мереке ел жадында көпке дейін айтылып жүретінене күмән жоқ. Шағын  ғана ауылдағы ұлан асыр тойдың болғанынан болары қызық дегендей, осы денгейге  жетіп жан-жақты насихатталып жатқаны біршама азаматтардың арқасы деп білген ауыл алқасы, аудан әкімдігі оларды жай құрғақ сөзбен ғана шығарып салмай алғыс хаттар мен иықтарына шапан жауып жөнелтуді жөн санаған екен.  Бір бала бар әкеге жете туылар, бір бала бар әкеден асып туылар деген сөз дана халықтың айтқаны болса керекті. Марғұлан Қалиұлы атымтай жомарттығын танытып, бір ауылдың жиынына үлес қостым деп ел алдына шығып малтасын езбей, қайта азаматтығын танытып, осы ауылдың топырағын кешіп, құмына аунап өскенін мақтан тұтып, Терісаққан көктемін ғана емес сонымен қатар күллі  Ұлытау жерін төрткүл дүниеге насихаттап қоймай  ауыл оркестріне экспедиция мүшелерінің атынан қос ішекті киелі домбыралар сыйға беріліп,  қаржылай көмекте ұсынылып жатты. Ат аунаған жерде түк қалар деген міне осы шығар. Демеушілікті осы ауылдың тумасы , қазіргі таңда Алматы қаласында тұрып жатқан кәсіпкер Ғабдолла Жанықұловта өзі келмеседе қаржылай аманаттап беріп жіберген жайы бар екен. Экспедицияның мүшесі қазақтың нар тұлғасы Сәкен Сейфуллиннің өзімен аттас ұрпағы Сакен Сейфуллин ағамызда ел алдына шығып сый сыяпатын жасап.

қарымта ретінде шапан киіп жатты

 

Тіпті сонау шекара асып келген Украйналық, Польшалық қонақтарда  қазақтың зерлі шапандарын елдеріне арқалап кететін болды.Терісаққаның жусан иісі сіңген ұлттық киімдеріміз ендігі кезекте шет елдердің төрінде жарқырап тұрары сөссіз. Бәрін айтта бірін айт деген қазақ атам үшін Терісаққан көктемі, бие сауу мен айғыр қосу жиыны тек Ұлытау төрінде ғана емес сонымен қатар елім деген еңселі азаматтар мен азаматшалардың арқасында, солардың маңдай тер ерен еңбектерінің арқасында ЮНЕСКО-ның денгейінде аталып өтуге іс-әрекет етіп жүргендіктері елді тағы бір қуантып тастады.Сәтін салса ол күндерде алыс емес. Сол ерен еңбек иелеріде ел атынан алғыс алып шапан киюден шет қалмады.  Жауынменен жер көгерсе,  батаменен ел көгерер деген бар, қариясы бардың қазынасы бар, хатталған хаты сарқыраған дариясы бар. Қазақ елі үшін болған бұл келелі істің қасына қашанда жақсы келер басына  дегені тағы бар. Әсілінде елі үшін еткен еңбек, төккен тер әрқашанда асқаладар тарапынан алғысқа бөленіп рахымет айтылып жатса одан асқан қуаныш барма.  Алғыстар айтылып шапандар жабылған жиын соңы ауыл өнерпаздарының

концертімен жалғасты.

 

Еш бір қоспасыз таза табиғи сапалы қымызы мен қатар жанды дауыстағы ауылым жайлы әнде әуелей кетті Терісаққан аспанында. Жиынға арналып концерт беріліп жатқанда ашық алаңда Терісаққан ауылының тарихы мен Ұлытаудағы тарихи рухани  орындар жайлы жазылған кітаптар мен кітапшалар көпшілікке ұсынылып жатты. Кітап пен көне заттар көрмесімен қатар ауылдың алты ауыз женгейлері дайындаған құрттың саудасыда қыза кетті. Жұртқа жарнама жасап бізде сауданың қызығын аша түстік. Таза табиғи өнімді алушылар да аз болмады, таласып тартысып жүріп бір қап құрттыңда саудасын бітіріп тастаппыз. Түстеріне қарасаң күмән келтірер құрттың дәмі тіл үйіріп барады. Ауызға салсаңыз болғаны еріп тұр. Майлылығы мен құнарлығында сөз жоқ. Арасында женгейдің құпиялы рецептін де сұрап жатырмыз. Құрттыңда сырына қанығып, кітаптыңда тарихына бір сүңгіп, ши тоқудыңда қырына бір малтып, асықтыда шиіріп, садақтыда сызылтып, арқандыда есіп тастадық.  Енді біз көрмеген не қызық қалды деп тұрғанымызда   той көйлектің жеңін ақ білекке дейін түріп тастап, сары уыздай  қаймаққа қолды салып жіберіп шыр көбелек айналдырып жатқан женгейдің іс әрекетіне назар аудардық . Бұл не өзі, ары да беріде араластырып жатыр, жанында жуылған қойдың қарыны. Бұл қаймақтан жасалатын сары май екен. Жақсылап дайын болған соң оны жуылып тазартылған қойдың қарнына салып сақтайды екен. Ондай май кезінде ұзақ жолға шыққанда алып жүруге ыңғайлы болған сияқты.

Ши тоқу.

Ауылдың сәні қашанда кимешегін киіп, ақ жаулығын жауып, қамзолын қымтаған асыл жанды аналармен ашылған. Келер ұрпақ тәрбиесінде көп үлгі өнеге көрсете білетінде сол аналар. Қолынан өнер тамған мына апамыздың ши тоқыған еселі еңбегі еш кетпей  жас ұрпаққа ата-бабалар мұрасы еш бүкпесіз насихаттап аманаттала  бермек. Ши тоқу, оған боялған түрлі-түсті жүн орап, өрнектеп безендіру ісі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши сырт көрінісіне қарай:ақ ши, ораулы ши, шым ши болып үш топқа бөлінеді. Олардың әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Атап айтқанда, қабығынан тазартылған ақ ши ді көбінесе құртірімшік т. б. жаю үшін қолданылатын болса, ұзына бойы әр түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһаздарының бірі болып табылады. Ал өн бойы тұтас емес әр жерінен аралатып оралған шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.

 

 

Арқан есу.

Арқан – жүн мен қылды араластыра есіп жасалған шаруашылық құралы. Арқан аң аулау, малды қосақтау, көгендеу, байлау, ұстау, сондай-ақ, жүкті буып-түю, оны көтеру және алып жүру және киіз үйдің іші мен сыртын бекіту сияқты шаруашылық барысында қолданылады. Арқанды көбінесе қойдың «шетпұшпақ» деп аталатын өлі жүніне немесе жабағы жүнге ешкі болмаса жылқының қылын қосып есіп жасайды. Арқан есуде соңғы кездері шет қалып бара жатқан тіршіліктің бірі. Сол бағтыта тек осындай ақ жаулықты аналарымыздың көзін көргендер ғана қажетіне жаратып жатқаны бар.

 Садақ ату.

Терісаққан көктемі ұлттық ойындарсыз өтсінбе. Қаланың баласы далаға келіп өзінің ептілігін көрсетіп бір сыналған кезі осы болды.  Кейкі батырдың ізбасарлары  барын салып бақты. Садақ атуға кезекке жазылып бірінен кейін бірі  заманында батырлар ғана тарта білген садақты жебесін салып  шама шарқы жеткенше тартып нысанаға дөп тигізуге талпынып жатты. Бірі нысананы мүлт кетіп жатса енді бірі жобалап жатты. Осыданда барып бабалар мұрасы садақ ату өнері бізден шет қалып бара жатырма деп қалдық. Қызығушылық танытып жатқандар көп, бірақ мерген аталғаны аз болды. Шет елдік қонақтарымызда қарап қалмай, барын салуда. Қазақ садағы көшпелілер садағының жетілдірілген жалғасы болып саналады.

Асық ойнау.

Асық ойыны қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Кеңес өкіметі кезеңінде, ұлттық ойындар оның ішінде асық ойыны еріккеннің ермегі, ойын балаларға тәрбие бермейді деп есептелді. "Асық ойнаған, азар, доп ойнаған тозар -деп мақалдап та жүрдік. Асық ойнасаң жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, ерегесесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтылысың, асыққа бай боласың, жоқ боласың. Таза бәсеке, таза тәрбие. Асық ойынының кереметі де міне осыда!

Түскі ас.

Терісаққан көктемі де өз мәресіне келіп жетті. Ауылдың шаңын аспанға шығарып шарлатқан соң марапатта алғыста қоржынға келіп түсті. Қай кезеңдеде, қандай жағдай да да  болмасын түскі астың аты ол түскі ас, астан үлкен ешкім жоқ. Экспедиция мүшелеріде әдеттен озбай, салттан аттамай 80 жасты алқымдаған ақ жаулықты  Рабиға апамыздың үйінде жайылған ақ дастарханнан дәм татпай сапарға шықпады. Дастархан басында жақсы әңгімеде айтылып, көңілде көтерілді. Рабиға апамыздың ақ батасын алып жолға жиналдық.Түскі астан соң Ұлытау мұрасы экспедициясын ұйымдастырушы  Марғұлан Қалиұлы облыстық телеарна тілшілеріне сұхбат беріп бұл экспедицияның маңызы мен мән мағынасына тоқталып өтті.

Қоштасу.

Экспедиция мүшелерінің көңіл күйін қуаныш кернеген күн де мәресіне келіп жеткендей болды. Сонымен қатар екі-үш күн ішінде ажырамас  дос болып, бір нанды бөліп жеген  бауырларымыз арамыздан елдеріне қайтып жатқанда қимай-қимай қоштасатында сәттің келіп жеткенін байқамай қалдық. Өкінішті-ақ. Бірақ амал нешік әлі сапарымыз жалғасын таппақ. Олардыңда жүздерінен қимастық ұшқыны сезіліп тұрды. Жақсы сөз жарым ырыс, келер жылғы экспедицияда басымыз тағыда тоғысатын күнде алыс емес. Оларда алғыстарын жаудырып жылы лебіздерін білдіріп, осындай сапарлар көптеп бола берсе деген ниетте болды.

Сапар жалғасы немесе Қараторғай өзеніндегі түн.

Көзді ашып жұмғанша бүгінгі күнде артта қалды. Ел көрмеген талай қызықтың куәсі болдық. Қабырғасы санауға келетін айғыр қосылған үйірден келер жылы тек ырғашы құлындар дүниеге келетінін есітіп таң қалдық. Демек келер жылы сол құлындар дүние  есігін ашқан Терісаққан ауылындағы көктемнің шуақты күнінде тағы да бір жыл сақталған сары қымызбен, сүрленген еттің дәмін татудың сәтін салғай деп бізде сапарды жалғастыра бердік. Терісаққаннан алған әсерімізден айыға алмай жолсыз жолмен шаңды аспанға шығарып келеміз. Жол жиегінде ауыл. жылқыларыда бізбен жарысып бағуда

 

Жусаны жайқалған алқапта жүйтки келе жатып тағыда аздаған шалшық судан құралған батпаққа тығылған көлігімізді бірлесе жүріп шығарып алдық. Қараторғай өзеніне келіп құяр Бозой өзенінің буырқанған қиылысынан көлігімізбен белуардан кешіп өтіп жатырмыз. Мұндай жинақталған көліктерді көрген ауыл қойшыларыда таң қалып қарап тұрғаны. Көзді ашып жқмғанша қыр басына да келіп тоқтадық. Қырды тандауда да өзіндік есеп бар еді. Біріншіден маса жоқ, екіншіден балық аулауға жақсы орын бар, үшіншіден төңіректің көрінісі ғажап болатын. Аймақ алақандағыдай кейіпте.

Лукастың әлегі немесе шырылдаған шортан.

Кеш батпай жатып біріміз ас қамына кіріссек, енді біріміз қармағымызды саптап, ілмегін баптап, балық аулауға өзенге жақындадық. Марғұлан Қалиұлы қыр үстінен айсыз кештің үнсіз ағып жатқан өзеніне қармағын лақтыруда. Балық аулауда бір өнер, тағысы сабырлықты қажет етеді. Бір кездері тулаған балығы бар Қараторғайда үнсіз ағуда. Бірнеше әрекеттен кейін шортан балықтың шағындауы қармақтың ілмегіне келіп іліне кетті. Бұғанда шүкір еттік. Сөйтіп тұрғанда балық аулаудың көкесін шет елдік Лукас бауырымыз көрсетті. Өзеннің төменгі жағында жағаулауда жүрген оның қармағының ілмегіне үлкендеу шортан іліне кетті. Қуанышында шек болмаған Лукас тартып қалмасы барма. Осы сәтте тартысқа түскен шортан келіп бұтаға оратыла кетті. Бірақ оған қарап тұрған Лукас жоқ. Белуардан шешініп өзенге қарай қармағын көтерген күйде қойып кетті. Балық аулап ләззатқа бөленген Лукасты тоқтату мүмкін емес еді. Ілінген жерін босатып 2 келіден асатын шортанды жағаға сүйреп шығара келді. Қуанышында шек жоқ. Онымен бірге бізде қуандық.Балық аулаудан әлем чемпиондарыда бұл өзеннен келіп мұндай олжаға қарқ болмаған шығар. Бақ шабама бап шабама деген осы болар. Лукасты құттықтап жатқанда кеште батты.

 

Түнгі аспан аясында шайлатып, таза ауада қара қазанға піскен дәмге тойып алып енді немен айналысамыз дегенде арамыздағы ең жас экспедиция мүшесі Ақбота француз тілінде ән шырқап Қараторғай өзенінің түнгі аспанын әнге бөлеп, бізді таң қалдырды.

 

Ия сапар барысында арамыздан Патриция Каастың  өзі шыға келер дегенге кім сенген. Бұл түн көпке дейін есте қалары анық.

Өлкетанушы: Е. Сыздық

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

17 Августа 2017 17:00

Инфотур город Туркестан

17 Августа 2017 17:40

Ясауи 850 жыл

17 Августа 2017 18:00

Живая книга

17 Августа 2017 18:20

Рыбалка в водоемах Казахстана

17 Августа 2017 18:30

Встречи в рыбацкой деревне

17 Августа 2017 19:10

Книга Абай. Оразалы Сабденов

17 Августа 2017 19:30

фильм о сайгаках

17 Августа 2017 20:00

2 международный турнир по футболу им.Каппарова

17 Августа 2017 20:30

Трофеи Авалона

17 Августа 2017 21:00

Ото всюду обо всем

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram