Ұлытау ұлылығы.

20 Июля 2016 0 578

     Ерте тұрып жұмыс бастау дағдыға айналды сапар барысында. Ел тыныш ұйқыда жатқанда біздер төңіректі бейнетаспаға түсіріп әлек болудамыз. Олай болғаны да дұрыс шығар. Экспедиция мүшелері де осы таңды тағатсыздана күткендей. Ертелетіп тұрып Әулие тауды бағындыру сапарына дайындалуда. Екі иығынан буы бұрқыраған титанда бізді шығарып салғанша асығып тұрғандай. Шайды қоюлатып салып әлденгенге не жетсін. Әлемде таң атпай жатып ет жейтін ел болса ол да қазақ елі шығар. Шығар шыңымыздың жолы ауырлау болғандықтан ет жеп қуаттанып алғанда абзал. Әулие тауға көтерілу дегеніміз еріккеннің ермегі емес, ол үшін түзу ниет, жақсы тілек айтылып, осы өңірде бізге дейін болған бабалар рухына арнап құрбандық шалынып барып көтерілгені абзал. Марғұлан Сейсембаев бастаған экспедицияда сол қағиданы аттап өтпей құрбандық шалып, бабалар рухына құран бағыштатты. Дұға оқылып тілеует айтылған соң  Марғұлан Қалиұлы көпшілікке уақыт жоғалтпай  тауға шығу керектігін айтқан соң жолға дайындалдық. Жер шары тұрғындары қай дінде болсада өздеріне тән қадірлеп,   тағзым етер  тұғырлы орны  болады. Сондай кескін келбеті ерекше, талайдын арманы болған орын  қазақ  елінде де бар. Ол жерінің асты қазынаға толы, жер үсті ырысты мекен — Ұлытау деп аталады.  Қазақ баласы  Ұлытау деген атауды естігенде делебесі қозып, тамыр соғысы жиілеп, жауға шапқандай атойлап кетуге шақ қалып тұратыны осыдан. Тізбектелген экспедиция мүшелерінен асқан бақытты жан жоқтай мына жалғанда. Өйтпегенде ше қанаттының қанаты талып, аяқтының аяғы шалынып, көліктінің көлігі зымырап сапар барысында кездескен талай дүниелерден  биік тұратын құт мекенге де аяқ жетті ау деп ұшар басына шыққанша тағатсызданып келе жатқанның өзі бақыт емей немене.Әулие тауға барар жолдың оң жағы таулы жоталар, ал сол жағы бір замандары жаугершіліктен жеңіспен оралған батырларды күткен арулардай тізіліп тұрған аққайыңдар.

Биші қайыңдар.

Тұла бойы мың бұралған қайыңдарды ел биші қайыңдар деп атап кеткен. Қазақ атам жарықтық табиғат ананың жаратқан әр-бір жаратылысына суреттеп өзіндік мән-мағынасы бар атау қоя білген ғой. Сол биші қайыңдар неліктен  бойларын тік ұстап өспейді екен деген сұрақтың да жауабына көз жеткіздік, қайыңдар мекеніне аяқ басқанымызда. Таулы аймақта қардың қалың түсетіні ақиқат. Сол себептіде қар басқан қайынның жас бұтақтары иіліп өседі. Келер жылы қайта бойын тіктейді. Қайта жауған қалың қардан тағы иіледіде тағы көктемде бойын тіктей кетеді солай жалғаса отырып биші қайыңға айналып шыға келеді.Биші қайыңдардың мекенін тамашалай жүріп экспедициянын орта жолға жетіп қалғанын да байқамай қалдық.

Ұлытауға көтерілу.

Ел жадында Ұлытау жайлы қаншама аңыз-әпсаналар қағаз бетіне түспей ауызша күйде айтылып келер ұрпаққа аманатталды, Бірақ кешегі  қылышынан қан тамған қатал заман кезінде талай жазба дүниелер мен ауызша әдебиеттер қара жер қойнына сіңіп кете барды. 70 жыл тар жол тайғақ кеше жүріп, егемендігімізді еселеген тұста ғана барып аз-кем рухани дүниелер ел көкейіне қайта ұялағандай болды. Аңызға қанығып, Ұлытау етегіне жете бере  алдымыздан ентелей Польшадан келген қонағымыз Лукас Росши кездесе кетті.

Олда өз кезегінде қазақ елінің тамаша табиғатын мақтап жеткізе алмайтыны айтып, ішкі туризмды дамыту барысында жан-жақты мүмкіндіктердің көп екенін алға тартуда. Айнала жасыл желекке боялған. Қазжуаларда сарғайып тау алқабының сәнін кіргізуде. Міне алдымызда Әулиетауға бастар бір аяқ жол жатыр. Аяққа ыңғайлы етіп тастардан баспалдақ жолдың құрылысын бастапты. Бізде сол бір аяқ жолмен жоғарылай түстік. Тобымызда жасы бар, орта жастағысы бар, барлығыда бір кісідей қатардан қалмай, намысты аяққа таптатпай таудың қиында қисық жолдарымен алға ұмтылуда. Осыданда қазақтың бастаған ісіне жауапкершілікпен қарайтынын білуге болатындай. Орта жолда шаршап щалдығып жатсада, қаншама жолдарды артта қалдырып жеткенде Әулие тау шыңын бағындырмай кеткені кім-кімге болсада оңай тимес еді. Намысты қолдан бермей, қазақ рухын биікке көтеруді ғана ойлаған қазақ елінің азаматтары қандай қиындықты болсада еңсеруге дайын екендіктерін көрсетуде. Шығу онай, бір жағынан қиында деп әзілдеп те қояды. Ұлытаудың етегінде кешегі жаханда жер тұрақтамаған  Едіге мен Тоқтамыс хан секілді баһадүр батырлар мен текті сұлтандар мәңгілік тұрак тапқан. Ұлы таудың асқақтығы секілді табиғатының қаталдығы да асқар таудың баурайына көрік қосқандай, жазық даласы шөлейтті келетін аңызық желіде қазақтың қайсар мінез төзімділігімен үйлесімділік тапқандай. Бүгінгі күннің ұрпақтарыда сол бабалар салған сүрлеумен сүрінбей, адам ұшырар жойқын желінеде қарсы тұра білді. Тау басындағы ауа райының қолайсыздығына әлсіздік танытпай, қыстан қалған сарқыт ақша қардыда таптап, қайсарда қажырлы ұрпақ екендіктерін тағы бір паш еткендей. Сонау бір замандарда бабаларымызда осылай тізбектелген керуендей Әулие тауға тағзым етуге мойымай көтерілген шығар сірә. Әулиетауға көтерілген сайын аудан орталығы алақандағыдай көрінуде. Міне шетсіз, шексіз, көз жетпес, жазиралы дала. Қазақ елінің бүгіні мен өткеніне куә болған көршілес Ресей Федерациясының Ұлытауынан келген «Аңшылық және балықшы» атты телебағдарламасының авторы әр тележүргізушісі Станислав Радзищевскийде бізбен бірге осы Әулиетау шыңын бағындыру сәтін бөлісуге келіпті.Талай тектінің ізін жасырған, кие дарып бақ қонған қасиетті мекен Қазақ елі қазақ жері. Қасиетіңнен айналайын сайын дала деп рухтана жүріп  Әулие тау шыңына жету арманымыз орындалар сәткеде келіп жеттік. Көптен күткен жеңісті сәт. Бабалар рухына тағзым етуді басты мақсат тұтқан бүгінгі ұрпақ Әулиетау шыңынада келіп жетті. Қайталанбас қуанышты сәт. Қазақтың соңғы ханы Кенесары Ұлытау жерінде ерен-ерліктің, еселі елдіктің ақ туын тігіп марқайса, бүгінгі ұрпақ бірлік бастауы берекелі де мерекелі  күнде Әулие тауға ту тігіп, көк байрағымызды желбіретті. Осы сәтте экспедиция мүшелерінің естен кетпес қуанышты сәттері келер ұрпақтарына дейін айтылып  жүректерінде хатталып қалатыны сөссіз.  Ұлытаудың баурайында бабаларымыз мамырдың мамыражай күндерінде малдын жайымен қатар елдің жайын кеңесетін болған. Біздің құс қанаты талып ұшып жете алмайтын байтақ даламыздың төрт бұрышына қыз беріп қыз алысқан келелі кеңестер мен мыңжылдық құдалықтар бастау алатын болған. Қазақ елінің  тектілік қасиетін сактауда Ұлытаудың орны айрықша екені осыданда. Жаугершілікте Қаратаудан бос барған тайлақ пен Алатаудан артына карайлауға мұршасы болмаған қаймана қазақ Ұлытаудан пана тауып, кайта шабар қарымта сәттерді де дәл осы Ұлытауда кеңескен екен. Келісіп пішкен тон келте болмастын арқасында қарға тамырлы қазақ баласы бүгінгі бейқам күнге жетті.

Түскі ас.

Құрбандыққа шалынған ақсарбас еті, табақ-табақ болып дастарханға келді. Экспедиция мүшелерінің жүзінен еш шаршау деген байқалмайды. Ас егесімен дәмді дегендей Марғұлан Қалиұлыда көпшілік арасынан орын алыпты. Дәм арасында көпшілікті бүгінгі 1 мамыр мерекесімен құттықтауды да қалыс қалдырмады.  Бұл экспедицияның да бұлақ басы бастауы осы Ұлытаудың ұлылығын ұлықтап, құт мекенге деген  құрметпен ізгі ниеттен басталған болатын. Жақсы істің басына жақсы келер қасына деп қазақ атам бекер айтпаған екен. Сол жаны жайсан жақсының бірі Ұлытау қорық мұражайының басшысы Бақтияр Қожахметов болатын. Бабалар ұстанымын ұлықтай білген басшығада дастархан басында жақсы тілек айтылып алғыс білдіріліп жатты.

 

Қорытынды.

Келер ұрпақтың еңселі елдігі үшін  хан Кене ақ туын мәңгі көкте желбіретуі үшін ордасын Ұлытауға бекер тікпесе керекті. Бүгінгі экспедицияны да Ұлытауға жетелеген құдіретті күш ол таудың ұшар басында қалған бабалар рухы, солар салған сара жол еді. Ұлытау мұрасыда сол сара жолды аңсап армандарына жетті. Ұлытаудың ұшар басына шығып келер ұрпаққа өшпес тарихи із қалдыра білді. Өскелең ұрпақ санасына Ұлытауда мәңгіге тұрақтап қалған ата-бабаларымыздың батыл да батырлық  істері сол қалпында жеткені абзал. Өткен күннің батыр оғландары салған сара жолымен, бүгінгі күннің батырлары  жалғаған дара  жолдың тізгінін өскелең ұрпақ уысынан шығармай, азулыға алдырмай, қарулыға қалдырмай, шабулыға шалдырмай, ұстағанның уысына салдырмаған  жағдайда ғана егеменді еліміздің тұғыры биіктей бермек. Сонда барып Ұлы қазақ жерінің сарқылмас қазынасы, толассыз аққан дариясы мәңгіге жасай бермек. Әулиетаудың ұшар басынан қуат алып рухтанған экспедиция мүшелері кеш батпай Терісаққан елді мекеніне  жетпек. Тау тасты толассыз соққан екпінді желге қарамай бағындыра білген көлік жүргізушлері асфальтсыз жолдың ой-шұқырын місе тұтпай шаңдатқан күйде Терісаққан қайдасың деп зулатып барады.    

 

Өлкетанушы: Сыздық.Е.

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

29 Июня 2017 08:10

Авантуризм

29 Июня 2017 08:45

Люди Х

29 Июня 2017 08:55

Рыбалка в водоемах Казахстана

29 Июня 2017 09:20

Экспедиция NOMAD EXPLORER:Тайны Устюрта 3 серия

29 Июня 2017 09:40

Беркутчи

29 Июня 2017 09:50

Морская рыбалка

29 Июня 2017 10:50

ГНПП: Қатонқарағай 2 бөлім

29 Июня 2017 11:30

Трофеи Авалона

29 Июня 2017 12:00

Простые радости

29 Июня 2017 12:30

Дневник федерации

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram