Туған жерге тағзым немесе Ұлытау төріндегі 2-ші күн

18 Июня 2016 0 649

Таң нұры.

Телеарна мүшелері ертелетіп таң атысын Жошы хан кесенесін түсіруде. Күн ұясынан көтерілген сәттегі Жошы хан кесенесінің төңірегі ерекше бір түске боялды. Тіпті кесененің көк күмбезіде күн шұғыласынан нәр алғандай алтын түске боялып шыға келді. Бұл құбылысқа қарай отырып Жошы ханға кесене тұрғызарда, жер бедерін тыңғылықты зерттегені көрініп тұрғандай. Әсіресе тәңірінің таң нұрын иен даладағы кесене күмбезіне түсуін дәлме-дәл есептеп, Жошы хан рухының қазақ даласындағы таң шапағатын сезініп жатсын дегені болар. Жұмбақ дүние.,,,,Экспедиция ұйқыдан оянып, таңғы астарын қамдап, бүгінгі күннің сапарына жолға шығу үшін жиналуда. Кешегі күннен бүгінгі күннің сапары несімен қызықты болар екен деген сұрақ әрбірінің көкейінде жауап іздеп тықыршып тұрған болар. Ия кешегі күн ерекше болды, ал бүгінгі күн оданда қызықты боларына көзіміз жетеді. Қазақ атам таңғы астан аттама деген, сол себептіде қою шай ішіп, қуаттанып алған абзал. Жолға шықпас бұрын Қайсар бауырымыз  экспедицияның жапсырмалы төс белгілерімен таныстырып өтті.

Өмір-өзен немесе жасыл энергияны пайдаланған ауыл.

Марғұлан ағаның нұсқаулықтарынан кейін жол қысқартып Қаракеңгір өзенін көліктердің белуарына дейін кешіп өту қажеттігі туындады. Жол талғамайтын көліктерге өзеннен өту деген не деп атойлай отырып өзенге де қойып кеттік. Өзенде тығылған жағдайда көмекке келер камазда дайын. Бір-бірімізге көрсеткен қолдаудың арқасында буырқанған өзендіде бағындырдық. Тек бір ғана көліктің ақаулығы шығып, көмек көрсетуге тура келді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп тіркеп ашық алаңға шығарылды. Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді дегендей, экспедиция мүшелері бір кісідей көліктің ақауын тексеруге жұмыла кетті. Өзеннен өту деген түк емес екен, алдымызда бізді оданда қызықты қиындық күтіп тұрғанын ол кезде экспедиция мүшелері тіпті білмегенде еді. Сайдағы батпақтан өтер кезде тіпті жол талғамайтын көліктердің де шамасы жете бермейтіндігіне көз жетті. Бірақ Тұран-ТВ телеарнасының көлігі арқашанда қиындықтан шығуға көмекке дайын тұрды.  2017 жылы экспо көрмесінің тақырыбы «Жасыл энергия» самалы бұл ауылға да жетіпті. Дамыған ауылдар деген осы шығар деп түйдік күн энергиясынан қуат алып отырған қойшылардың үйін көргенде.  Белшемізден батып қалмай көліктер бірінің жасаған қателігін қайталамай екпіндеп келіп батпақтан өтуде. Ептілік таныта алмаған жүргізушілер болмашы тайғақта тұрып қалуда. Тағыда сол ТұранТв  телеарнасының көлігі көмекке дер кезінде келді. Осылайша күтпеген қиындықты еңсеріп Алаша хан кесенесіне қарай зулата жөнелдік. Балшықтан өтерде жіберген еселерін тас жолда қайтарып жатқандай көліктер шаңдатып барады.

Алаша хан.

Топырақты жолды шаңғыта отырып Алаша хан кесенесіне де келіп жеттік.1213 ғғ. халық шеберлерінің қолымен салынған Қазақстандағы бірден-бір ерекше архитектуралық мазардың бірі  ол Қаракеңгір өзенінің оң жақ аңғарында, Малшыбай кешенінен 2 км жерде биік жотада салынған Алаша хан мазары. Мазар төрт бұрышты етіп қызыл кірпіштен қаланған, күмбезді. Сырт көрінісі кірпіштен әр түрлі-кескінді өрнекпен қаланған. Өрнектің түрлері әсіресе кіреберіс бетінде шығыс кілемнің суретімен безендірілген. Ғалымдар күмбезді Қарахан әулетіне оғыз-қыпшақ  заманындағы 10-13 ғ.ғ тән сәулет өнерінің қатарына қосады. Алаша хан күмбезі порталды-күмбезді сәулет өнері үлгісіне жатады. Кіреберіс сол жақ бұрышта баспалдақты тар қуыс бар. Сол арқылы жоғары көтеріліп барып, күмбездік екінші айналма қабатқа, одан портал аркасының желке тұсынан кесене үстіне шығуға болады. Бұл кесенеде архитектор Герасимов, Левинсон, археолог Ә. Марғұлан сынды зерттеушілер жұмыстар атқарған. Алаша хан туралы бірнеше аңыз желілер қалыптасқан. Атақты қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың жазбасында Тұранның ханы Абдулланың алапес ұлы Алаша қуғын көріп, Сырдың солтүстік өңіріндегі далаға қуылған. Бұл жақта Алаша күш жинап, жігіттерінің санын үш жүзге жеткізеді. Алайда, төңіректегі елдің шабуылы, аштық пен суық Алашаның қаңғып жігіттерін әбден титықтатқан екен. Осы қиын сәтте бұларға Алаш есімді дана қарт ұшырасады да, ақыл береді. Қарияның батасынан кейін жігіттер күш жинап, Алашаны хан сайлап, Алашты батагөй рубасы етеді. Бірақ, айналадағы көршілер Алаша бастаған қолды сол бұрынғыша «қаңғыбас», «қазақ» деп атай берген. Ғалымның пікірінше (Ш.Уәлиханов), қазақтардың ұлт болып қалыптасуы осылай басталған.

Балалық шаққа саяхат. (Малшыбай ауылы)

Адам баласы жарық дүниеге келгеннен  бастап, өмірінің соңғы деміне дейінгі аралықта өзіндік қайталанбас тарихи сәті бар кезеңдерді бастан кешері хақ. Сол кезеңдердің ұмытылмас сәттері деп мектепте өткен балғын балалық шағыңды айтуға болады. Мектеп – білім мұхитындағы үлкен кеме. Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың деген атам қазақ. Мектепте өткен балалық шағың, ол – өміріңдегі шаттыққа толы кездер. Арада қанша жыл өтсе де, қанша жасқа келсек те, қандай мамандық иесі болсақ та, қай елде жүрсек те, сол бір естен кетпес балғын балалық шақтарымыз өткен құт дарыған  алтын  бесік  ауылымыз  ардайым жүрегіміздің төрінде болатыны ақиқат.

Аяққамырдағы түскі ас.

Малшыбайдан шыққан бойда Сатпев қаласына келіп көліктерімізді жанар-жағар маймен толтырдық. Тездетіп Ұлытау бағытындағы табиғат ананың жаратқан тағы бір керемет көкмайсасында түскі асты қамдамақпыз. Сондықтанда тездетіп Аяққамыр қайдасың деп зулатып келеміз. Аяққамырға жетісімен тездетіп түскі асқа кірісіп те кеттік, уақыттың тығыздығына орай тез пісетін кауапты отқа қойдық. Кауапты тамашалап көршілерде келіп кетіп жатыр, жарықтық еттің мүңкіген иісі арандарын ашса керек. Арасында сүттіде отқа қойып пісіріп жатырмыз. Батысымыздан аққайындар қорған болса шығысымыздан қырлы жартастар қорғап тұрғандай. Ортасында жерге төселген боз кілем үстінде экспедиция мүшелері жамбастай кетіп тамақтануда. Түстеніп болған соң сапарымыз Жезді ауылындағы Мәкен Төрегельдин атындағы тау кен және балқыту ісі тарихы музейінде жалғасын таппақ.

Жезді ауылы.

Ауыл ішіне кіргенде бір кездері қала типтес өркениеттің ошағы болғандығына көз жеткіздіқ. Көп қабатты үйлердің қаңқасын көрген сәтте жүрек шымырлап көңіл құлази кетті. Шағын үйлерді көріп әлі де тіршіліктің барына шүкір еттік. Жадыраған мұражай қызметкерлері қарсы алғанда  құлазыған  көңіліміз су сепкендей басылды.??????

 

Мұражай ауласы өткен күндердің құндылықтарына лық толы. Барлығы қазақ елінде мыс өндіру үшін Италия, Франция, Ағылшын елдерінен алғашқы инвесторлар келіп, акционерлік қоғам құрған кезеңдерден сыр шертуде. Бұл жайында құнды мағлұматтарды Мұражай басшысы Зейпін Зікірқызы тыңғылықты әңгімелеп берді. Мыс кендерін өндіру кезінде тіпті сол кездің замануй технологиясы қолданылған, ол электр энергиясын өндіретін динамика болатын. Осы мұражайға келмей тұрып біреу айтса сенбейтін дүние.Осы мұражай арқылы оған көз жеткіздік. Кеңестік дәуірдегі және Қазастандағы ең алғашқы кен байыту зауыты ол Қарсақбайда ағылшындар салған зауытқа барлық кен өндіру саласына қажетті техниканы жеткізу үшін Қызылорда жеріндегі Жосалы станциясынан темір жол тартқан. Бұл жылына 5000 тонна мыс алу үшін қажет болған. Ағылшын инвесторлары кен өндірісіне қаржы салғандықтан, оны игеруге әлбетте ағылшын инжернерлері зерттеу жұмыстарын жүргізген. Солардан қалған мол кітапхана мұрағатын заманында Қаныш Сатпаевта пайдаланған екен.Сол арқылы Жезқазған жерінде мыстың 3 млн тонна қоры бар деген қорытынды жасаған. Қаныш Сатпаев келер ұрпағына қалдырған геологиялық картасында мыстың қорына, оны пайдалану жүйесіне аса мән беру керектігін айтып кеткен екен. Жезді жерінде  таңқалатын дүниелер жеткілікті екен, әсіресе кварцтың тірі пенденің бойындағы бүкіл ақпаратты бойына сіңіріп алады дегенді кім естіген. Бұл жайлы естігенде экспедиция мүшелері де таң қалысып жатты. Мұражайдың өскелең ұрпақ үшін атқарып жатқан жұмысы ұшаң теңіз екен. Болашақта кен өндіріснде жұмыс жасамаса да балаларды туған жердің тарихына қанықтыру шарасын жақсы жолға қойыпты. Балалар бір сәт өздерін ата-бабаларындай кен өндіруші рөлінде болу үшін бір сәт театрландырылған қойылымға қатысады екен. Осылайша оқушыларға арнап қола әліппесі атты лекция сабақтары ойластырылған екен. Осындай мол ақпарат беретін мұражайдың ашылуы үшін Мәкен Төрегельдин көп уақытын сарп етіп, сол кезеңнің атақты ғалымдарымен ақылдаса келе өскелең ұрпақ үшін аса қажет мұражай болатындығын сезгендіктен ашса керек. 1994 жылдың 3-ші  қарашасында музейге Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев келіп, музей ұйымына жоғарғы баға беріп  бабаларымыздің әдісі бойынша ежелгі мыс құймасынан жасалған балқыту пештің макетінде жәдігер құйған.

 Кварц ақпарат жинақтауымен таң қалдырса ендігіде одан шайылып шыққан жер асты бұлақ суларына шашыңызды су сабынсыз жуа беруңізге болады екен. Естімеген елде көп деген осы шығар.Мұражайда кен саласына қатысты тарихи деректерге қанығып қана қоймай, сонымен қатар жергілікті ауыл тұрғындарының ел басына күн туған заманда Жезді өңіріндегі Сарысу өзені бойындағы Қаражар төбесінің маңында болған көтерілісі жайлыда қызыға тыңдадық. Қазақстандағы 200 ден астам мұражайлардың ішінде  Жезді  елді мекеніндегі  көпшілік біле бермейтін бұл мұражайдың арасы жермен көктей. Ұлтымыздың мақтанышы мәдениет жанашыры Өзбекәлі Жәнібеков атамыздың қолдауымен көптеген мұражайлар бой түзеді. Жезді мұражайы соның бірі де бірегейі десек артық айтпағанымыз. Рухани дүниелер мен кен өндіру саласының тарихы жайлы мағлұматтары, жұмыс барысы, ғажап композиция, мол экспонаттар қоры кім-кімді болсада бей- жай қалдырмасы анық. Экспедиция мүшелері де таң қалғандарын жасыра алмады.

 

 

 

Ұлытау түні немесе оңтүстікше ет асу.

Жездінің өзге мұражайлардан асып түспесе кем түспейтін ғажайып мұражайынан алған әсерімізбен қуаттана отырып Улытау қайдасың деп жолға шықтық. Мұражайы ғана емес сонымен қатар қойды көлікпен бағатын кереметті де осы ауылдан көрдік. Атам қазақ қойды жылқыға мініп бақса, осы заманның ұрпақтары темір тұлпар мініп бағуда. Күн ұясына құлай бізде Құт мекен Ұлытауға да келіп жеттік. Барлық экспедиция мүшелерімен бірге Ұлытау қорығының қонақ жайына жайғастық. Түн қараңғысын жамыла Ақтөбелік Дидар ағамыздың атынан көпшілік үшін бір қазан ет асудын қажеттілігі туындады. Әлбетте бұл жағдайда да Тұран ТВ телеарнасының ұжымы білек сыбана кірісіп кетті. Атыраулық апамыз еттің қуатымен қолына гитарасын алып түнгі аспан аясында  ән әуелетті. Бұл экспедициямыздың екінші түні болатын. Ертен сәтін салса таң атысы Ұлытаудың әулие тауын бағындырмақпыз.

 

Өлкетанушы: Сыздық.Е.

 

 

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Қатонқарағай-3 бөлім.

«Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркінің шығысында орналасқан «Өрел» орманшылығына да келіп жеттік. Орман өмірі – кім - кімді де бей жай қалдырмасы анық. Жаныңа қуаныш сыйлап бақытқа бөлейді

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

27 Апреля 2017 09:00

Москва- рыбацкие приключения

27 Апреля 2017 09:40

Тайны плато Устюрт. Мототур 1 часть

27 Апреля 2017 10:00

ГНПП Каратау

27 Апреля 2017 10:35

Трофеи Авалона

27 Апреля 2017 11:00

Өр Торғай- ерлік мекені 3 часть

27 Апреля 2017 11:20

Дела вкуса

27 Апреля 2017 11:45

Дневник федерации

27 Апреля 2017 11:45

Клевый берег

27 Апреля 2017 12:00

Дневник федерации

27 Апреля 2017 12:40

Дела клубные

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram