Ұлытау мұрасы немеше ішкі туризмды насихаттау экспедициясының бірінші күні.

18 Июня 2016 0 691

Алматы-Жезқазған.

    27 сәуір Алматы қаласынан ертелетіп шыққан Тұран-Тв телеарнасының  ұжымы 28 сәуір күні таң шуағын шаша 1400 астам шақырым жолды артта қалдырып  Сарышаған, Балқаш, Ақсу-Аюлы өңірлерін басып өтіп Жезқазған қаласына да жеттік. Жол жөнекей ауыл жылқыларыда бізді қарсы алғандай жол бойын жағалай жайылып жүр. Тіпті бізді көрсін дегендей құлыншақта анасының қасында еркелеуде. Қалаға кіре берісте қою түтінін будақтатқан қос мұнара мен мұндалап тұр. Мыс кенінің отаны Жезқазған қаласы тоқырау кезеңінде қаншама қиындықтарды бастан өткерседе қала қалпын жақсы сақтапты. Кең көшелерін аралай жүріп, экспедциямыздың негізгі тобымен халқымыздың біртуылар перзенті С. Сейфуллиннің ескерткішінің алдында тоғыстық. Еліміздің әр бұрышынан жиылған экспедиция мүшелері экспедицияның топ басшысы Марғұлан Сейсембаевтың нұсқауларын қалт жібермей тыңдауда. Онда экспедиция бірінші Теректі петроглифтеріне, сосын жошы хан кесенесі мен Домбауыл мазарына баратынын айтып бағыт-бағдар мен таныстыруда.

Теректі әулие.

Теректі әулиеге жеткеншеде бірнеше шақырымды артта қалдырдық. Зулаған жол талғамайтын көліктер көзді ашып-жұмғанша құт мекенгеде табан тіретті. Сарыарқаның иен даласы  тарихи-мәдени-рухани орындарға аса бай .  Теректі әулие аталатын осы бір киелі мекен ашық аспан астындағы мұражай тәрізді. Өйткені мұндағы қатпарлы тас беттерінде көне заманның көзіндей болып тасқа таңбаланған сурет көрмесі бар .Бір кездері жартастардың айналасын ұшар бастарын көкке тіреген теректер қаумалап өсіпті. Сондықтанда ел Теректінің мекені, ал жартастағы құдық суынан әулиенің бұлағы деген аңыз қалыптастырыпты. Аңыз түбі ақиқат деген осы шығар. Көк майсалы алқапта орын тепкен осы бір жартастар бірінің үстіне бірі жиылған шелпек тәрізді. Таң қаларлық дүние. Экспедиция мүшелеріде сол таңғажайыптарды көруге асығуда. Жолбастаушымыз Ұлытау қорығының археологы Айдар Искаков суреттерді тамашалаушы қауымға таңбалы тастар тарихынан мол ақпарат беруде. Құдды бір тәрбиешісінің артынан ерген бала-бақша бүлдіршіндеріндей Айдар бауырымызды қаумалап қоршап алып, аузынан шыққан әр-бір сөзге аса мән беруде. Сапар барысы қиын болсада көпшіліктің жүзінен тек нұрланған қуанышты  ғана көруге болады. Бұл жартастарда таңбаланған суреттер – аса бір ұқыптылықпен металл құралдарын пайдалану арқылы қашалған. Тас бетіндегі қашалған суреттерде көбіне жылқы, тік мүйізді өгіздер бейнеленген. Аспан астындағы осындай бір керемет құбылысқа ие Теректі әулиені киелі мекен дегенге тұратындай. Бұл мекеннің о бастағы иесі екі басты жылан деп есептеген екен аңыздардың бірінде. Сол жылан мекен еткен үңгірде талай құпияны ішіне бүгіп жатыр.Таңбаланған суреттерден басқада бұл жартаста тағы бір қызықты орын ол жартасқа сүйеніп тұрған шағын тастың астынан жон арқаңды тигізбей өтетін орын. Мұны ел аузында күнәдан арылу үшін өтетін жер деп бағамдайды екен. Экспедиция мүшелеріде қызықтап өтуде. Тіпті мына бір құдық суының өзі де ел жадында Меккедегі зәм-зәм сумен ұштасып жатыр деп сенеді. Иә, қай сурет болмасын тас бетінен үн қатып тұр. Бұл танбаланған суреттерді дөп басып шешімін айтып беру қиын. Дегенменде бізге дейінгі бабалар мұрасы сол бір кезеңдерде де білімді де білікті адамдардың болғанын мензеп тұрғандай. Сурет көрмесін аралай жүріп  ерекше суретке тап болдық. Жартас бетіне адам аяғының іздері түсіп қалыпты. Бұл жерге Мұхаммед Пайғамбардың шәкірті Хазіреті Әлі намаз оқыған дегенде аңыздар сақталыпты ел аузында. Сол себептіде екінші бір аңызда Хазірет Әлінің мекені депте айтады екен. Қызыққа берілгендері соншалықты мына қос тастың арасынан өтудіде қалыс қалдырмады. Тағы бір қызықты орын ол тас бетінде сырғанақтаған орын болды . Мұндада экспедиция мүшелері сырғанап мәрі-сәре болуда. Балалық шақтары естеріне түскен болу керек. Сырғанақ тебе жүре  таутекелер шоғырланған тасқада келіп жеттік. Олардың орналасуында белгілі бір жүйе бар сияқты. Таңбаланған таутекелердің саны он екі. Бұл суреттерге қарай отырып он екі саны арқылы қазақтың мүшел жасы туралы пікір қалыптастыруға болатындай. Қалай дегенмен де тасқа ойып салынған бұл суреттер сол кезеңдердің белгілі бір тарихи оқиғасына баланғаны көрініп тұр. Бабаларымыздың бізге қалдырған мұрасы нендей сыр ақтарады? Осы құндылықтарды насихаттай отырып ішкі туризм саласындағы керемет нысанға айналдыруға болатынын жерглікіті билік өкілдері білеме екен. Сол арқылы қазына қоржынын қомақты қаражатпен толтыруға болатынын сезбесе керекті.  Сол сұрақтың жауабын іздеп жүріп түскі астыңда уақыты келіп қалғанын  сезбей қалыппыз.

 

Түскі ас.

Абай атамыз : Жер ана баласындай емізгенде, бейне бір әкеңдей аспан төнер-деп айтқанындай көк майса алқапта ашық аспан аясында Теректі әулиенің бұлағының жағасына дастархан жайып түскі ас қамына кірісіпте кеттік. Киелі бұлақтан мейірлене ішіп шөл де басып жатырмыз. Бір ата-ананың баласындай дастархан үстіне барымызды жайып салып, бір-бірімізге қонаққада барып шықтық. Жарықтық табиғат ананың құшағында жеген астан дәмді дүние боларма. Шіркін беу дүние. Көкмайсада Марғұлан аға жергілікті жердің картасын жайып жіберіп, баратын жерлеріміздің бағыт-бағдарларын түсіндіріп бөлісіп алды. Шын мәнісінде топтан бөлініп қалған жағдайда , сахарада адасып кетпей тұрақтарды табу үшін таптырмас шара. Ел қамын жеген, ағалар буыны қашанда жастар үшін қалқан бола білгенғой.Сол қасиет Марғұлан ағаданда табылып жатқанына тәуба еттік. Түстеніп болған соң экспедиция кеш батпай Жошы хан мазарына жету үшін жолға шықты. Жол талғамайтын көліктер сайын даланың шаңын аспанға шығаруда. Қаншама қиын кедергелірге қарамай зулатып келеді.

Жошы хан.

 Экспедиция көліктері Жезқазған қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 км жердегі, Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан көне архитектуралық ескерткіш  Жошы хан мазарына да келіп жетті.Күмбезде сақталған таңбаларға қарағанда, оны салуға Жошыға бағынған тайпалардың бәрі  (оғызарғынқыпшақ,керейнайманқоңыратқаңлы, т.б.) қатысқан. Тарихи дәстүр бойынша күмбезді қайтыс болған кісінің жылдық асын беруден бұрынырақ жасайтын болған. Соған қарағанда 1227 жылы қайтыс болған Жошыға 1228 жылы күмбез тұрғызылған болу керек. Кесененің пайда болу тарихы тек аңыздар арқылы белгілі. Ұлытау тауларының маңында Жошы ханның ордасы орналасқан. Ол жазиралы қазақ елінің тау бөктері далаларының әсем көрінісін жақсы көрген. Аңыз бойынша, Жошыхан өз өлімін осы жерден табады, аң аулап жүрген кезде өзі жаралаған ақсақ құлан ханды атынан түсіріп оң қолын шайнап тастаған. Бұл аңызды  1946 жылы Жошы ханның мүрдесі қазып алынғанда мазарда оң буыны жоқ аз ғана жарылған бассүйегі бар сүлде табылғандығыда растай түседі. Енді бірінде әкесіне бағынбағаны үшін хан өз әкесінің бұйрығымен өлтірілді деген де пікір бар. 1982 жылы ескерткіш мемлекеттік қорғау тізіміне енгізілді. 2000 жылы кесенені қалпына келтіру жұмыстары жүргізілгендіктен бүгінгі күнгі көрінісі жақсы жағдайда тұр. Жошы хан рухына құран бағышталып болған соң экспедиция көліктері жусанды алқаптағы түйе керуеніндей тізіле отырып, Жошы хан мазарынан қатарлас тұрған Домбауыл кесенесіне де бет түзеді.

Домбауыл кесенесі.

Домбауыл кесенесі  V-ІХ ғ.ғ. тән орталық Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің бірі. Мазарға кіре берісте құдды бір мазардың қарауылдары іспеттес балбал тастар тізіліп тұр. Сол арқылы Домбауыл күмбезі елінің ардақтысы, халыққа қадірлі болған  тұлғаның басына тұрғызылғандығы көрініп тұр. Салыну тарихы осы күнге дейін құпия түрде жеткен. Домбауыл кесенесі туралы ең алғаш түсініктеме Шоқан Уәлихановтың «Қырғыз-қайсақ тайпалары туралы» деген еңбегінде берілген. Домбауыл күмбезін 1946-1947 жылдары ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның жетекшілігімен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы зерттеген. Ел аузындағы аңыздар бойынша 14 ғасырда жазылған “Шаджарат әл-атрак” немесе (“Түрік шежіресі”) атты кітаптағы деректерде иісі Дешті-Қыпшақты  аузына қаратқан Жошы хан  аңда жүріп, мерт болғанда, осынау қаралы хабарды Шыңғыс ханға естіртуге ешкімнің батылы бармаса керек. Сонда Кетбұға жырау: "Хан ием, қайнар көзі лайланған теңізді кім тазартар?", "Түп-тамырымен қопарылған ағашты орнына кім қондырар?" — деген сауалдар қою арқылы әміршіні қаралы хабарға іштей дайындап алып, оның ұлы Жошының өлімін "Ақсақ құлан — Жошы хан" күйін орындау арқылы жеткізген дейді аңыз. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұға жырауды жазалауға шешім қабылдайды. Алайда қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құюды бұйырады. Осылайша домбыраның беткі жағында кішкентай саңылау пайда болыпты-мыс. Бұдан домбыра іске аспай қалған жоқ, керісінше, оның үні нақышты болып, көркейе түсті.Кетбұғаның "Ақсақ құлан — Жошы хан" күйі мен оның орындалуы алдында оқылған өлең жолдары бізге жетті. Сол кезеңде халық арасында кеңінен таралса да, Кетбұға жыраудың басқа рухани мұрасы, әдеби шығармалары біздің заманымызға жеткен жоқ. Ол қарапайым халықтың өмірін өзекті мәселелері туралы жыр жолдарымен беруге ұмтылды, сондықтан да халық оны "Ұлы жырау" деп атап кетті. Домбауыл кесенесі сол жырауға арналып тұрғызылмасына кім кепіл. Домбауыл мазары  Орта Азияға мұсылман діні тарағанға дейін VІ-ІХ ғасырларда тұрғызылған ескерткіш болып саналады. Жан-жағында басқада мазарлар көтерілген.

Бірінші түн.

 Экспедицияның бүгінгі күнгі сапары Жошы хан мен Домбауыл мазарлары орын тепкен Қаракеңгір өзенінің жағасында тамамдалмақ. Өзен жағасына сол кездегі екі текті тұлғаның шатырын күзеткен әскерлердей  шатырларын тігіп түнеуге дайындалуда. Көліктеріде сол замандардың жауынгерлері мінген тұлпарлардай қаз-қатар тізіліп тұр. Шаршап шалдыққандарына қарамай кешкі ас қамына да кірісіп кеткен. Түнгі аспан аясында қара қазан көтеріп, киелі оттың жалынына дайындалған тағамға не жетсін. Экспедиция мүшелері тамақ даиындығы әйел затына тән дүние деп бөлместен, бірлескен шаруаның әр-дайым дұрыс шешімін табатынына көз жеткізгендіктен қолдарынан келгенше шаруаны тындыруда. Бірі қазан астына от жақса, енді бірі картоп аршуда. Бірлігі бекем, ауызбіршілігі мен ынтымағы жарасқан қазақ халқына ғана тән тектілікті паш еткендей. Осы жәйттер арқылы қайталанбас қызықты сәттің куәгері болудамыз.

 

Өлкетанушы: Е.Сыздық

 

 

 

 

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

25 Мая 2017 20:00

Дневник федерации

25 Мая 2017 20:50

Встречи в рыбацкой деревне

25 Мая 2017 21:30

Дело вкуса

25 Мая 2017 21:50

ГНПП

25 Мая 2017 22:05

Рыбалка в водоемах Казахстана

25 Мая 2017 22:20

NOMAD EXPLORER:Үстірт кұпиясы 1 серия (каз)

25 Мая 2017 23:20

Трофеи Авалона

25 Мая 2017 23:40

Клевый берег

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram