Қыраны көгінде қалықтаған қазақпыз.

17 Февраля 2016 0 1162

Ықылым заманнан бері атамыз  қазақ  ит жүгіртіп, құс  салып табиғатпен біте  қайнасып  тіршілік  кешкен. Әңгіменің төркінін құсбегілік  төңірегінде өрбітер болсақ, бұл  кәсіп әуел баста  тұрмыстық нәсіпті  айыру  мақсатында пайда  болғанымен,  бертін  келе  нағыз бекзат өнердің  бірегейіне айналған. Осы мақсатта Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығына орай, Саят ұлттық  ойын спорт түрлері бойынша «Сонар 2016»  Республикалық  жарысы және Әбен Тоқтасынұлы  мен Сейітжан Байжүнісұлын  еске алуға арналған  Құсбегілердің Республикалық  турнирі  Алматы облысы Еңбекші  қазақ  ауданы, «Сөгеті» ауылы, Илантау баурайында  болып өтеді деген хабар құлағымызға тиер тиместен,  қазақтың бекзат өнерінің қызығы мен шыжығына қанық болу  мақсатында  Алматының түнімен таласа таңмен таласа, суыққа тоңып Илантауғада жеттік. Автокөлікті Раушан Ибрагимова басқаратын «ТұмарТранс»  транспорттық компаниясы ұйымдастырған болатын. Көлік ішінде Алматы қаласы мен Семейден келген қонақтар бар. Бұл  игі  ісшара  осыдан 30 жыл бұрын  басталған Алматы  облысының «Нұра»  ауылындағы Жалайыр  Шора атындағы құсбегілер мектебінің және  соның негізінде  2005 жылы құрылған «Қыран Федерацисының» жемісті еңбегінің жалғасы екендігін  сонарға  келген жұртшылықтан байқадық. Бірнеше киіз үйлер тігіліп, келушілерге барынша жағдай жасауға тырысыпты. Ұлттық киім киген қария да бесіктен белі шықпаған балада, осы жиынның қызығын қызықтауға жиылыпты. Әсіресе саятшылыққа  шығарда киетін киімдерімен қыран бүркітін тұғырына қондырған бүркітшілердің сән-салтанатынан көз ала алмайсыз. Қазақта «Атбегі аттың тұяғына қарар, Құсбегі құстың қияғына қарар» деген мақал бар. Бұл мақалдың  астары қазақтың арасында бекзат  өнерді бағалай білетіндердің баршылығын аңғартқандай.  Саятшылық  өнер туралы  ойымызды  өрбітер болсақ, қазақтың  ақыны да батыры да  тіпті патшасы да айналысқан  өрісті өнер  екендігін  көреміз. Сондай ақ  әлемнің атақты тарихшылары да  қазақ  даласы жайлы жазбаларында  құсбегілік  өнереге айрықша  орын беріп  отырған, бұдан шығатын  түйін,   қазақтың  асыл  мұрасында  халықтың  қалауынан шыққан қасиетті өнердің қадірін  алты  алаштың бойынан табылғандығы десек артық болмас. Сонарға бірнеше облыстың сайып –қырандары қатысуда. Делебесі қозған елдің көптен күткен сәтіде келіп жетті. Төрешілердің рұқсаты берілген сәтті көкке самғаған қыранның көзі, тыпыршып қашып бара жатқан қу түлкіні тырнағына ілуге асығуда. Қанатын қағып-қағып қалып көздеген нысанасынада келіп жетті. Қырық айланың иесі қу түлкіге де жан керек, оңайлықпен беріспейтінін дәлелдей түсті қыранның тырнағынан құтылған сәтте. Иә сырт көз қарап қызығып тұрғанымызда қу түлкінің қалай қыранды жер соқтырып кеткенінің куәсі болдық. «Заманың түлкі болса тазы болып шал» деген осындайда айтылдыма деп қалдық. Бірнеше түлкі құтылып кете барғанда,  бір кемшілігі болған шығар деп түйген бойда, сол кемшіліктің жауабын білу үшін бүркітшіге жақындадық. Қыстың соңғы айларында түлкі жарықтықтың ұйығатын кезі екен. Ол кезде олардан жағымсыз иіс бөлінетін көрінеді. Міне сондықтан да киелі құс сасық иіске бармайтын көрінеді. Қыран тектілігін осыданда байқауға болатындай. Кешегі Абай атамыздың  «Қыран құс не алмайды салса  баптап» дегеніндей  бабаларымыз  құстың бабы мен табиғаттың  заңын түсіне  білген. Еліміз егемендігін  алып  еңсемізді  тіктеп, кешегі жоғалған мұрамызды  бүтіндеу  мақсатында құндылықтарымызды  жүйелеп  жіктеп  жатқан шағымызда құсбегілік  өнердің қазақ  қоғамында  қалғандығына күмәнмен қарағандар болған, алайда  кешегі кеңестік  қоғамның кертартпалары бекзада  өнерді ескінің қалдығы көрген кертартпа  кезеңдердің санаға салған  сызаттарынан  туған  сауал болатын. Қазақ  ондайды «Ханшаны күте алмаған  күң етеді, Жібекті түте алмаған  жүн етеді» деп  бірақ  ауыз  сөзбен нүктесін  қоя білген ғой  шіркін. Алайда  күмән сейілді  ел  арасында бекзат  өнердің  қадір  қасиетін жоғалтпаған көнекөз  қарттар  қауымы қазақ  арасынан қыран  құсымен қайткан тырналардай  қос атпен қатарласып  халық алдында сап  түзегенде, үлкендер жағы көзіне  жас  алып, жастар жағы  таңырқай қарап  бар  екен ғой қазақтың бек өнері дегендей болған еді. Қу түлкіні ала алмаған қырандар қоянға келгендеде мүлт кетіп жатты. Есесіне бабында тұрған қырандар барын салып, түлкіні де қояндыда сан соқтырып, тырнағына іліп жатты. Бүркіттердің дене бітімдері әр-түрлі келеді екен. Оныңда өзіндік себебі бар екен. Өйткені денесі ірісі ол аналық яғни ұябасар да, ал кішілеуі ол еркегі шәуіл екен. Құсбегілік өнердің  қызығының  қайталанбас керемет  сәттерімен жүгіріп жүріп кештің  қалай болғанында  байқамай  қалған  екенбіз.  Арамызда Семейден келген туризм саласындағы мамандарда осындай  сайыстар, шығыс жерінде Ұлы Абай еліндеде өтсе екен деген тілектерін жасыра алмады. Қызығып та қызғанып та тұрғандай сәрі. Бірақ қазаққа тән ортақ  құнды дүниенің қалыс қалмай осылай шартараптандырылып жатқанына қуануда. Жүздерінен күлкі, көңілдерін қуаныш кернеген күн болды қонақтар үшін. Сонар өз мәресіне де келіп жетті. Бабында болып, жеңіске жеткені иесінің төбесін көкке жеткізуде. Демеушілер тарапынан тағайындалған сый-сияпаттар тапсырылып, алғыс хаттар берілуде. Тіпті бала екеш балада сұңқарының жеңісінің арқасында мінбердің төріне шығуда.  Абай атамыз,  «Қыр  аппақ, түлкі  қызыл, қыран қара» деп жырлаған  өлең жолдарындағы  табиғаттың  таңғажайып шабыт  шақыратын көріністерінің  куәгері  болдық. Көк байрақта  қыран бар дегенмен, қыранның қаншалықты қадірлі екенін  кешегі  бабалардай  біле бермейді  екенбіз деген  ой түйдік.  Қазақтың  бекзат өнері деп бағаланған Құсбегіліктің  қаншалықты  биік  те  қасиетті  өнер  екендігіне  көзіміз жетті сонар барысында.

 

 Сыздық Ерлан-Өлкетанушы.



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Қатонқарағай-3 бөлім.

«Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркінің шығысында орналасқан «Өрел» орманшылығына да келіп жеттік. Орман өмірі – кім - кімді де бей жай қалдырмасы анық. Жаныңа қуаныш сыйлап бақытқа бөлейді

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

27 Апреля 2017 09:00

Москва- рыбацкие приключения

27 Апреля 2017 09:40

Тайны плато Устюрт. Мототур 1 часть

27 Апреля 2017 10:00

ГНПП Каратау

27 Апреля 2017 10:35

Трофеи Авалона

27 Апреля 2017 11:00

Өр Торғай- ерлік мекені 3 часть

27 Апреля 2017 11:20

Дела вкуса

27 Апреля 2017 11:45

Дневник федерации

27 Апреля 2017 11:45

Клевый берег

27 Апреля 2017 12:00

Дневник федерации

27 Апреля 2017 12:40

Дела клубные

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram