Асайын калфе.

18 Января 2016 0 921

    Қордай ауданынан Шу қаласына бара жатқан тас жолдың шығыс жағында ағарып бір кесене көзге көрінеді. Жақындаған сайын ақ маржандай зәулім кесене күнге шағылысып жарқырай түседі. Бұл бір кездері қасиеттілігмен ел жадында сақталған Қожахан әулиеге арнап тұрғызылған кесене еді. Кесене шырақшысы Көжек ағамыз ақ көңіл, аузын ашса жүрегі көрінетін жайсан жан. Бибісіде барын алдыңа тосып, көңіліңді хош етер ақжүрек ана. 1948 жылы Алланың қалауымен, әулиенің аянымен, қасиетті Асайын калфенің ақ батасымен дүниеге келген Көжек ағамыздың бұл әулиеге шырақшы болып келуінің өзіндік себебі бар. Бұл қызықты әңгімені ағаның өзінен естідік:

 Соғыстан кейінгі жылдар. Саяпберген ағаның келіншегі 13 құрсақ көтерген, бірақ-та барлығы шетінеген. 40-тан асып қалған шақтарында Саяпберген аға мен апамыз ізін жалғастырар ұрпақтары болмаған соң, сол кездің өзінде-ақ аты дүйім елге әйгілі болған қасиетті жан, ауылдың дуалы ауыз қариясы  Асайын қалфенің алдына бата сұрап келеді.

-Армысыз, қалфе ата.

-Көп жасаңдар, төрлет айналайын.

-Қалфе ата, біздің жайт-бір перзенттің тырнағына зар болған жандардың уайымы.

-Ә, шырақтарым, беремін десе Алланың баласы көп, бермейін десе бәлесі көп.

-Бір Алланың қолындағы тірлікқой.

-Сендерге айтарым әуелі, менен бұрын өз бабаларын Қожахан әулиеге барып түнеңдер, бірақ-та дәреттерің таза болсын. Жолай сөйлеспеңдер, көрген түстеріңді ешкімге айтпаңдар. Не көргендеріңді өзіме хабардар етесіңдер.

-Көп ұзамай ағамыз бен апамыз бір мал сойып ақсақалдардың батасын алып жолға шығады. Саяпберген ағамыз жарымен бірге Қожахан әулиеге келіп түнейді.

-Таң ата түс көрген Саяпберген ағамыз кідірместен ертелетіп жүре отырып Асайын қалфеге жетеді. Бамдат намазын енді бітірген қалфе мойнын бұрып, ишара жасайды.

-Кел, балам, ал енді көрген түсіңді баяндай ғой.

-Түсімде бабам келіп белімді кемер белдікпен тартып буды,

екініші  ақ қынды ақ кездікті беліме ілді,  үшінші  иығыма  екі жеңі жоқ кебентай шапан жапты.

-Е, балам келін үш ұл табады екен, бірақ-та бірінің ғұмыры тым қысқа болады екен. Қалғандарына өмір берсін.

Бұл жору менің емес Жүсіп пайғамбардың жоруы болғай, Көжегің мен Шөжегіңнен көрерсің әлі жақсылықты.

Бір тәңірім бере берсін,

Ұрпағың өсіп-өне берсін.

Аумин!

-Айтқаныңыз келсін баба деген екен сонда Саяпберген.

Содан Саяпберген ағамыз бен апамыз үш ұл сүйіпті, өкініштісі үлкен ұлы мезгілсіз шетінеп, қалған екеуі өсіп өнген екен. Қалфенің қалауымен екеуінің атын Көжек пен Шөжек деп қойыпты.

   Қазақта «Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер»- деген аталы сөз қалған.  Көжек ағамыз ендігі  кезекте кесене төңірегіне бау егіп, көгалдандыруды қолға алыпты. Жігітке жеті өнерде аз дегендей,  кейде Көжек ағамыз қазақтың киелі қара домбырасын қолға алып шертіп-шертіп жыр жолдарына да кезек береді. Ия әу демейтін қазақ жоқ деген осы шығар. Шу өңірінің ауызбіршілігі мен имандылығын айрандай ұйытқан осы бір текті жан Асайын калфе жайлы уақыт өте келе  ел аузында қасиетті адам деген  ұғым  қалыптасты. Сталинның қылышынан

қан тамған қахарлы жылдар. Талай ұлттар туған жерінен үдере көшіріліп, жер аударылды. Қазақ  кең халыққой. Сондай қаралы көштің бірі қарашайлықтарды құшақ жая қарсы алып, бір үзім нанын бөлісті. Бір шаңырақты бірге туған жандардай пана етті. Сауытбек ауылыда сондай қонақ жай ауыл болатын. Ауыл арасында денсаулықтары болмай , ауырып ем іздегендергеде Асайын атамыздың пайдасы көп тиген. Алладан медет тілеп келгендерге дұға оқып дерттеріне шипа берген. Сондай оқиғаның бірі ұлты қарашайлық көрші келіні Әйтекқызы Мәрзия апаның басынан өткен болатын. Аяқ асты Мәрзия анамыздың көзі көрмей, тілі де күрмеліп сөйлей алмай  қалады.  Мұны көріп шошып кеткен үлкен әжесі қолынан жетектеп  калфенің алдына алып келеді. Ортадағы  бөлмеде намазын оқып отырған калфе атамыз, намазын бітіріп болған соң, Мәрзия анамызды оқуды бастайды. Сөйтіп үш күн оқыған соң Мәрзия анамыздың тілі шығып көзіде көріп кетіпті. Алланың құдіретінде шек барма. Алланың ақ жолын берік ұстанған калфе атамыздан ұрпақтарына аманатталып бір шабадан кітаптары мен көкте желбірер туы қалыпты. Түсіне білгенге тағылым, ұға білгенге ұлағат, біле білгенге терең білім екені көрініп тұр. Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын  деп бекер айтылмаған шығар. Қазақ елі қаншама тар жол тайғақ кешседе ата-баба әруағын сыйлап өткен. «Ат аунаған жерде түк қалады» деген дана халқымыз. Асайын калфедей тектінің артында құран бағыштап, шырақ жағып дұға етер ұрпағы барда баба мұрасы ешқашанда ұмытылмақ емес. Көк туы да көкте желбірей беретініне көзіміз жетеді. Тек ел арасындағы қасиетті жандар жайлы аңыз әпсаналарды жинақтап келер ұрпаққа насихаттауымыз үлкен жетістік екенін ұмытпағанымыз жөн ағайын .

 

Сыздық Ерлан-Өлкетанушы.



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

29 Июня 2017 08:10

Авантуризм

29 Июня 2017 08:45

Люди Х

29 Июня 2017 08:55

Рыбалка в водоемах Казахстана

29 Июня 2017 09:20

Экспедиция NOMAD EXPLORER:Тайны Устюрта 3 серия

29 Июня 2017 09:40

Беркутчи

29 Июня 2017 09:50

Морская рыбалка

29 Июня 2017 10:50

ГНПП: Қатонқарағай 2 бөлім

29 Июня 2017 11:30

Трофеи Авалона

29 Июня 2017 12:00

Простые радости

29 Июня 2017 12:30

Дневник федерации

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram