Қорғас –Қытай-Мұз бен қар фестивалі.

12 Января 2016 0 773

10-шы желтоқсан күні Қорғастағы шекаралық әріптестіктің халықаралық орталығында Қорғас Қазақстан-Қытай 2-ші халықаралық «Мұз бен қар» фестивалі өтті. Екі ұлы елдің арасындағы достық пен экономикалық қарым-қатынасты нығайтатын мұндай фестиваль 2014 жылдың желтоқсан айында алғаш рет ұйымдастырылған болатын.  Ол кездегі фестивалдың маңыздылығы екі ел арасында қысқы туризмды насихаттап, Қорғасты екі елге ортақ туристік орталық ретінде дамыту болатын. Ал бұл жолғы Қазақстан-Қытай фестивалі «Заманауй саяхат-тартымды қала» деген ұранмен өтті. Сахна төріне алдымен екі елдің лауазымды басшылары шығып бүгінгі фестивальдың қаншалықты маңызды екендеріне тоқталды. Ия расындада достық қарым-қатынас тарихы сонау ерте замандарға кететін екі елдің арасын бір кездері Ұлы Жібек жолы байланыстырса, ендігі дамыған кезеңде сол тамыры тереңде жатқан тарихи мұраларды жан-жақты дамытып, өскелең ұрпақ жадында сақтап қалудың зор мүмкіндігі туындап тұр. Олай болса осындай халықты қуанышқа бөлеп, елдің ертеңіне еселеп қарайтын шаттыққа толы фестивальдар көп бола берсін деген ниеттеміз. Фестивальдың сәнін екі елдің айдай сұлу арулары ұйымдастырған тондар көрсетілімі аша түсті. Көрші елдің сылқым сұлулары мен қазақтың қара көздерінің сұлулығына тәнті болмаған жан болмады. Олардың күлімдеп жүздерінен сұлулық нұрын шашып шыққандағы сәттерін көргенде, мұндай табиғи сұлулықты еш бір мүсінші де бүкіл ғұмырын арнасада мүсіндей алмас еді. Табиғи сұлулық жаратылысына шек барма. Сән сұлулығында Катрин Гольцман басқаратын «Гольцман Models» модельдік үйінің сұлулары өнер көрсетті. Осындай игі істің басында екі елдің арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға сүбелі үлес қосып, барымызды бағамдатып, туризм саласында өзіндік орны бар,  қазіргі күннің Әлиясы мен Мәншүгіндей болған  Алматылық «ARNAI TOURS » туристік компаниясының бұл бірінші және соңғы жемісті істері емес. Талай туризм бағытында ауқымды шаралардың бастамасын көтере білген компания ұжымы директоры Жанат Бокишева мен сән үлгісін көрсеткен сұлулардың продюссері Әлия Жақыпқызы өз ұлтжандылықтарын тағы да бір қырынан көрсете білді. Сұлулар соңынан достық сахнасына әнін әуелеткен әншілер, мың бұралған бишілер шықты. Бишілер Қытай елінің керемет биін орындап қуантса, қазақша ұлтжанды ән шырқалғанда қазақ деген елдің делебесі қозды. Тіпті Калянидың  ұл-қыздарыда Ананди бастаған құрбылары мен Жагдиш бастаған достары Үнді елінің биін билеп фестивальдың сахнасын дірілдетті. Сахна сәнімен бірге ел қуанышын мүсіншілер арттыра түсті. Екі елдің мүсіншілері фестивальды тамашалаушыларға ел тарихынан, сал-дәстүрінен, жануарлар әлемінен сыр шертетін мұздан жасалған әр-түрлі мүсіндерді ұсынды. Шат-шадыман болған ел тұрғындары, мұзда сырғанақ теуіп балаша қуанса, енді бірі мүсіндермен естелік суретке түсіп әлек болуда. Мүсіншілер сайысында осындай фестивальға екінші рет қатысып келе жатқан Талғат Жұмағұл бауырымыз 1-орынды иленді. Жеңіс құтты болсын.Фестивальдың тағы бір қызығы ол оты лапылдаған қара қазанда піскен палау, түтіні көкке көтерілген кауап, майға шыжғырылып піскен қазақтың қызыл бауырсағыда көпшіліктің көңілінен шығып жатты. Шашта төк тойдың қызығыда сол емеспе. Аспан асты елі ең бастысы от шашуда алдарына жан салмайтын ел. Фестивальдың бел ортасында көпшіліктің көңілін бір марқайтқан сәті де сол болды. Тарсылдап атылған от шашудың түрлі-түсті түтіні көк аспанды сарылы қызылды түске көмкере салды. Бір күндік шағын ғана жиын болғанымен алдағы берері мол екендігіне көзіміз жетеді. Қытай елі тарапынан ұйымдастырушыларда бұл жиынның жалғасын табатынына, тіпті екі жақтың туризм саласынада көп септігін тигізетініне бек сенімді. Аспан асты елімен достығымыз нығайып, сауда-саттығымыз артып, туризм саласы қарқынды дами беретіндігіннің тағы бір куәсі болдық.

Сыздық Ерлан-Өлкетанушы. ТұранТв телеарнасы.

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Қатонқарағай-3 бөлім.

«Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркінің шығысында орналасқан «Өрел» орманшылығына да келіп жеттік. Орман өмірі – кім - кімді де бей жай қалдырмасы анық. Жаныңа қуаныш сыйлап бақытқа бөлейді

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

28 Апреля 2017 18:00

Трофеи Авалона

28 Апреля 2017 18:30

Мой Казахстан

28 Апреля 2017 19:05

Сезон охоты

28 Апреля 2017 19:50

Живая книга

28 Апреля 2017 20:00

Символ озера Маркаколь и человек

28 Апреля 2017 20:30

Рыбалка в водоемах Казахстана

28 Апреля 2017 20:45

Дела клубные

28 Апреля 2017 21:15

Встречи в рыбацкой деревне

28 Апреля 2017 21:50

Экстрим плюс

28 Апреля 2017 22:05

Унесенные ветром странствий

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram