Алматы-Байқоңыр.

21 Декабря 2015 0 1376

 

2-Алматы темір жол вокзалы.

 

Түнгі Алматының кереметін ешбір суретші суреттей алмайтын шығар. Бақ өкілдері, бірнеше телеарналар және «ТұранТВ» телеарнасы мінген «Тұран-Экспресс» туристік поезы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында байқоңыр ғарыш айлағынан ұшрылатын «Союз-ТМА-19М» ғарыш кемесінің көкке көтерілуінің куәсі болмақ. Пеозда телеарна мен баспасөз құралдарынан бөлек шет елдік саяхатшылар және еліміздің туризм саласында қажымай еңбек етіп жүрген тур фирма өкілдері де баршылық. Еліміздің ішкі туризмын дамытау барысында мұндай сапар алғаш рет жолға қойылып отыр. «Тұран-Экспресс» жолаушылар компаниясының бас директоры Роман Ботабеков мырза саяхатшылар сапарына сәттілік тілеп, мұндай саяхат ендігі кезекте жалғасын таба беретіндігін алға тартты. Демек әлі талай туристерді тасымалдайтын «Тұран-Экспресс» жолаушылар компаниясы біздің елдің ішкі туризм саласының дамуына өзіндік үлесін қосады деген сөз.

 

Тұран-Экспресс.

 

Қазақ елінде күн санап ішкі туризм саласы түрлі бағытта жан-жақты даму жолында. Бізде туризмның таулы аймақтарда, суда жүзу, табиғат аясында тынығу, шөлді алқаптарды жүріп өту, балық аулау, аңшылық, тарихи-мәдени орындарға саяхаттау сияқты айта берсең таусылмайтын дүниеге толы. Әсіресе соңғы кезде әлемге танылып жатқан саласы ол Байқоңыр ғарыш айлағының тыныс-тіршілігімен етене танысу болуда. Өз елімізде әлемді мойындатқан осындай ғарыш айлағы бола тұра бұрын соңды Алматыдан немесе еліміздің басқада қалаларынан арнайы туристік поезд шығып көрмеген. Міне енді бұл сала кеңінен жолға қойылмақ. «Тұран-Экспресс» вагондары керемет ерекше стилде жабдықталған. Шет елдік болсын, өзіміздің саяхатшыларға болсын барлық жағдай қарастырылған. Қалтаңыздағы қаржыңызға қарай қалаған вагондардан орын алуыңызға болады. Арнайы құрметті қонақтар вагонында 4-орындық, 2-орындық, отбасылыларға арналған жатын бөлмелерде бар. Тіпті ыстық сумен қамтылған шомылатын бөлмеде жаныңызға жылулық сыйлайтыны анық. Сіз үшін үш мезгіл европалық немесе ұлттық тағамдарды әзірлеп, жолсеріктер зыр жүгіріп қызмет көрсетуге дайын тұрады. Алматыдан шығып Байқоңырға жеткенше ішіңіз пыспай, уақытыңызды тиімді өткізу үшінде үлкен теледидары бар арнайы мейрамхана қызметі де дайын.

 

Алматы-Тараз.

 

Туристер мінген поезд таңғысын көне Тараз жеріне табан тіреді. Ішкі туризмде тарихи-мәдени ошақтарына бай өңірдің алар орны ерекше. Баласағұн, Ақыртас, Әулиеата қалашықтары ашық аспан астындағы мұражай болса, сақтардан қалған қорғандар, Берікқара шатқалы т.б. мекендерімен мақтанатын Тараз жері қаншама

шет-елдік және жергілікті туристерді баурап алатыны анық. Қарахандай батыры Айша бибідей аруы бар тамыры терең Тараз жері тамсандыра бермек.

 

Алматы-Шымкент.

 

Түс ауа туристер поезы өзіндік кескін-келбеті жарасқан таулы-табиғатымен көз тартатын шырайлы Шымкент шаһарына келіп тоқтады. Мұнда еліміздің алғашқы табиғи қорығы Ақсу-Жабағлы орын тепкен. Тіпті аңыз түбі ақиқат болған Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған Қазығұрт тауыда, сансыз баптар мекені Сайрамда осында.

 

Алматы-Түркістан.

 

Түркі әлемінің ұлы ойшылы, ғұлама ақын Қ.А.Ясауи кесенесі орын тепкен төрт қақпалы Түркістан қаласы ішкі туризм саласында сүбелі үлесі бар қала. Туристерге Түркістан арқылы бірнеше бағдарламалар арқылы кызмет көрсетуге болады. Отырар ауданындағы тарихи-мәдени орындар, Кентау бағытындағы қойнауына тарих тағылымын жасырған Қаратау қорығы, талай тарихи оқиғалардың куәсі болған Сауран, Шауғар, Яссы, Сидақ ата қалашықтары мен-мұндалап өз туристерін күтуде.

 

Алматы-Қызылорда.

 

Қазақ елінің тұңғыш астанасы болған Ақмешіт қазіргі Қызылорда қаласы тарих парақтарында қашанда биік тұғырдан көрінетін қастерлі мекен. Оңтүстік ақ алтыны ақ мақтасымен мақтанса, Сыр елі ақ маржаны ақ күрішімен талай рекордтар жасаған өңір. Өткені қаншама сәуегейлер мен ғұламалар елі үшін ғибратты ғұмыр кешсе, бүгінгісі көк байрағымызды көкте желбіретіп, ән-ұранымызды өзге шет елдерде әуелеткен батырларымен мақтана алады. Грозный қаласында Ресей федерациясының президенті В.Путинның жүлдесі үшін өткен зілтеміршілер додасында екі мәрте әлем рекордын жаңартқан зілтемірші Қызылорда жерінде дүниеге келген Илья Илин соның бір дәлелі. Туристер мінген поезд Жосалы станциясына келіп тоқтады. Мұндағы мақсат абыз баба Қорқыттың мемориалды кешенін тамашалау болатын. Түркі еліне аңыз кейіпкер болған ұлы қобызшының әлі де қобыз сарыны естіліп тұрғандай күйде мына кең даладан. Кешенге жақындай түссеңіз сарын күшейе түседі. Өйткені кешенде тұрғызылған биік төрт құлақты қобыз ортасында бірнеше түтікшелерге үрленген самал құдды бір қобыз сарыны сіпеттес дыбыс шығарып тұрғандай.

 

Алматы-Байқоңыр ғарыш айлағы.

 

Көптен күткен сәткеде келіп жеттік. Адамзат баласының тарихындағы алғаш рет көкке көтерілген космонавт міне осы Байқоңырдан 1961 жылы ұшырылған болатын. Елу жылда ел жаңа деген қазақ атам. Бірақ ғарышкерлер мұражайында сол кезеңдердегі күндердің куәсі болған барлық жер серіктер болсын, ғарыш кемесі болсын, пайдаланылған құрал жабдықтары болсын, тіпті тағамдарыда міне осы

мұражайдан орын алған. Барлығын көріп, аралап шығу үшін бір күннің өзі аз болатын мынадай мұражайды тамашалаудың өзі бір ғанибет. Сол ғанибеттің куәсі міне бүгін «Тұран-Экспресс» туристік поезымен келген саяхатшылар. Көтеріңкі көңіл күй, жүзін күлкі, көкірегін қуаныш кернеген күн бүгін. Мұражайларды аралап болар болмас уақытта ғарыш кемесін бақылайтын орынға да келіп жеттік. Абыр-сабыр ел. Тағатсыздана күтуде. Барлығы осы бір қайталанбас сәтті ұялы телефондарына, енді бірі фотоаппараттарына, бірі бейнекамераларына түсіріп алмақ ниетте. Міне ұшақ дайындығын хабарлапта жатыр. Әп-сәтте қызыл отқа оранған ғарыш кемесі жер көкті дірілдетіп көкке көтеріліп жатыр. Кемеден үрленген күшті жел біздіңде аяғымызға келіп соғылып сезілуде. Туристер жүзінде қуаныш. Көптен күткен сәтте келіп жетті. Әне кетті, кетті, уу,ууу,--ууу---ууууу. Бұл тамашалап тұрған туристердің қуанған кездегі көңіл-күйлерін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Көзді ашып-жұмғанша ғарыш кемесі артында ақ бұлт іспеттес із қалдырып кете барды. Енді тек шамалы зуылдаған дыбысы ғана естілуде. Осы сәтте қуанбаған адам қалмаған шығар. Ғарыш кемесімен бірге суретке түсіп үлгергені шаттыққа бөленіп, үлгермегені ең бастысы өз көзіммен көрдім деп өзін-өзі жұбатуда. Расында да мұндай бақытқа кенелу барлығының маңдайына жазылмаған. Сол бақыт бізге бұйырыпты.

 

Өлкетанушы. Сыздық Ерлан-ТұранТВ телеарнасы.


ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

29 Июня 2017 08:10

Авантуризм

29 Июня 2017 08:45

Люди Х

29 Июня 2017 08:55

Рыбалка в водоемах Казахстана

29 Июня 2017 09:20

Экспедиция NOMAD EXPLORER:Тайны Устюрта 3 серия

29 Июня 2017 09:40

Беркутчи

29 Июня 2017 09:50

Морская рыбалка

29 Июня 2017 10:50

ГНПП: Қатонқарағай 2 бөлім

29 Июня 2017 11:30

Трофеи Авалона

29 Июня 2017 12:00

Простые радости

29 Июня 2017 12:30

Дневник федерации

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram