Есжан болыс.

02 Декабря 2015 0 876

Тарихта артына өнегелі із қалдырған  тұлғалар көп-ақ. Тек олардың есімдері жиі ауызға алынбай, жете зерделенбей жатыр. Ақтөбе аумағында да мұндай жандар қаншама. Соның бірі- қазіргі Әйтеке би ауданына қарасты Талдық, Қайрақты өңірінде  9- жыл қатарынан болыс болған, орысша оқыған,  діни де сауаты , ел басқару ісіндегі әділдігімен ,іскерлігімен танылған, заманында халықтың ықыласына бөленген- Есжан Әнербек баласы. Ол қазақ  даласына енгізілген болыстық басқару жүйесі тұсында ел басқарған.

Ол кісі туралы  елдің үлкен қариялары былай деп сыр шертеді. «Есжан 18 жыл қатарынан 3 рет болыстыққа сайланған. Ол кезінде халық арасында ықпалы мол, беделді адам болған.Талай рет мал, жер,кісі дауларын бұрмаламай, әділдікпен тура шешіп отырған. Болыс болмастан бұрын да жас кезінде сауат ашып, Кепер деген болыстың писарь-хатшысы болып, ел басқару ісіне жастайынан  араласқан. Кіші қызы Зибаның айтуынша, ол 1913 жылы қайтыс болған. Есжан Бақсайыс, Талдық, Белқопа болыстықтарында болыс болған. Ол кісі ұзын бойлы, алып денелі, ірі тұлғалы еді деседі. Ел аузында Есжанға қатысты талай аңызға тамызық болар әңгімелер сақталған. Бірде ескі Қарабұтаққа келе жатса, ауыл адамдары шегенделген құдыққа түсіп кеткен түйені шығара алмай қиналып жатқанын көреді де мініп келе жатқан  сегіз белдік тарантасынан түсе қалып, бел шеше кірісіп кетіп көпшілік жабылып шығара алмай жатқан түйені құдықтан бір өзі шығарып берген.

  Талдықтың бойындағы  Қақпақтас деген жерде  Түлкібай деген кісі Ырғыз уезіне бара жатқанда  жолда:- Үйіме түс, қонақ бол,-деп шақырады.Сонда үйіңнің есігі қандай еді?-деп сұрайды. Келсе, үйінің есігінен қапталымен кіргенде әрең сыйған екен дегенде әңгіме бар. Есжанның денесі жерленген  қыстауының  орны әлі күнге дейін сақталған. Таудан ат тіке  түсе алмайтын  өзеннің жағасында орналасқан бейіті мен мұндалап тұр. Өзеннің келесі бетіндегі  баласы Қамардың қыстауының қабырғалары күні бүгінге дейін жақсы сақталған. Қыстаудан төменіректе Есжанның терегі дегенде жер бар. Ол кезінде Башқұрсттаннан әкеліп, терек отырғызған. Көбейіп, кейін қалың тоғайға айналған бақты Кеңес үкіметі кезінде күзде малға жем-шөп, ақыр дайындаймыз деп 1977 жылы теректерді жаппай қиып алған. Сол кезде Талдық совхозында  еңбек етіп жүрген Есжанның кіші қызы Зибаның баласы Әбдіжәми оған қарсылық білдіріп-ақ баққан.  Оның айтуынша, Есжан отырғызған теректер кейін қайта қаулап бой көтерген.

  Аузы дуалы, айтқан уәжіне елдің үлкен-кішісі құлақ салатын. Оның үлкен баласы Досжан ертерек қайтыс болады. Кейін ұрпақтары «Болыстың тұқымы» деп көп теперіш те көреді. Балалары Қамар мен Тахау «халық жауы» ретінде ұсталып, сотталып, кейін соғыс басталғанда майданның алғы шебіне жіберіледі. Кеңес жылдары олардың тұқымдары  қоқан-лоққыны көп көріп,  жасқанып өседі. Одан тараған ұрпақтар қазір Ақтөбе облысы мен Ресей жерінде тұрады.Тағы бір айта кететін жайт-Есжан болыстың денесін сүйегі бұзылмай жатқан қалпында көріп, кейін орыстар зерттейміз деп, Санкт-Петерборға алып кеткен депте айтылады. Ол туралы зерттеп, әлі анық-қанығын білу уақыттың еншісінде.

   Кезінде Жаныс би «Әнербек бай балалы бол»  дегенде  «Әнербектен адам болатын бала енді, жаңа туды-ау» деп айтқан сөздер ел аузында бар, деп естелігімен бөліскен еді көзі тірісінде көп жылдар ұстаздық етіп, кейін діни қызметтер атқарған  Нарымбет Дәуітов ақсақал.

 Есжан болыс туралы тағы бір зерделі әңгімені оның көзін көрген әкесі сол кісінің бауырында өскен, соғыс және еңбек ардагері Мұхиядин Отаралин былайша  ой бөліскен еді.

«Есжан болыстың ел арасында беделі мықты болған. Оның Наурызбай Мәмбетқұл деген атқосшысы  болған екен. Жасы ұлғайып,  жүруден қалыңқыраған соң, сайлау комиссиясындағылар басқа адамды ұсынбақ болады.  Сол кезде  көптің арасынан шыққан азамат ертең ел жоқшысы болады»-деп есептеген Есжан бұрынан өзі танитын  санитар Андрей орыстың бір баласына  «Менің бір даусым 30 дауысқа тең,солай есептейсің,-деп, өз беделін салып, Мәмбетқұлдың  сайлауда жеңіп шығуына ықпал еткен екен. Ел аузындағы әңгімелерге қарғанда, Есжан әділ болған, ешкімге қиянат жасамаған. Өзі көзі тірісінде менің бір ғана қиянатым болды- деген екен, сондағысы  Кепер болыс ақ патшаның баласын қонақ еткенде алдынан табақ тартуға шыққанда, табақты болыстың қолынан алып, өзі ұсынып, оның сыйлығын алған екен.

Есжан ел арасындағы түрлі дауларды әділдікпен шешіп отырған. Оған дәлел- ел арасының шырқын алып,  қарапайым жұртты дүрліктіре берген тентектерді тыя білгендігі. Бірде ел арасына іріткі салып, ұрлық-қарлық жасай берген үш ағайынды жігітті, Орынбордан адам алдырып, ұстатып,  жер аудартып жіберген. Сонда,  күндердің күнінде  осы шешім алдымнан шығар, -деп айтқан екен, бірде  Орынборға жол жүріп бара жатып, өзімен үзеңгілес бір болыстың үйіне ат шалдырады, Қонақтың кім екенін білген әлгі болыстың ағасы». Мынау келген кім? Ол өз туысын да аямаған»,-деп айып салады.Сонда Есжан болыс іштен тынып, бармағын шайнаған екен. Алайда, халқы оның шешімінің әділдігіне бас иіп, құрметтеген.

Тағы да ел аузындағы әңгімелерге қарағанда оның үш батасы қабыл болған екен. Екі ағайынды жігіт үйленіп, ұзақ уақыттан бері әйелдері құрсақ көтермей, сәби көрмепті. Перзентті болуды көптен күткен екі жігіт аузы дуалы Есжаннан бата алайық деп, жолын тосып жүреді екен. Оның батасы қабыл боп, кейін екеуі де балалы болыпты. Тағы бірде Орынборға бара жатқанда жолда ақбоз үй мен қараша үй тұрады. Ораза айы екен. Намаз оқып, ауыздарын ашып, сәл демалмақ болып, Есжан қасындағы серіктерімен ақбоз үйден рұқсат сұрайды. Сонда үй иесі бай дұрыс пейіл танытпапты. Ал, малшысы болса байдан өзіне тиеселі бойдақ малын ап, сойып, «құдайы қонақ» деп Есжанды құрметтепті. Қатты разы болған Есжан оған батасын  береді.  Кейін бай жұтқа ұшырап, таяғын ұстап қалып, малшысы түбі дәулетті болыпты дейді.

 Ел мұны Есжан болыстың батасының қасиеті деседі. Бірде Оспан деген атқосшысы екеуін сол атырапқа сыйлы хазірет тай сойып, қонақ қылған екен. Сонда біраз ишан, молдалар: «Басқаларға қой сойып, мына кісіге неге сонша тай сойып, ерекше ықылас таныта қалды екен»,-деп өзара әңгіме етеді. Сонда Хазірет:-Сендер мені адам алалайды демеңдер, мен тай сойсам, ол құдайдың оған берген несібесі, ол тайлы кісі екен- деп уәж айтқан екен.

Есжан орысша оқыған, сауатты кісі болған. Сонымен қатар ескіше де білім алып, діни сауаты да болған. Мешіт те салдырған. Оның денесі бұзылмаған қалпы жатқан. Менің әкем, Отаралыны  Есжанның үлкен бәйбішесі бала  етіп, бауырына салып, 5 жасына дейін тәрбиелеген. Кейін ауырыңқыраған соң, баланы өз әке-шешесіне табыстайды.Сол кезде үйіміз Қарабұтақ жайлауда екен. Әкем Отаралыны Есжан жақсы көріп, қасына ертіп жүрген. Оған жақсы тәлім-тәрбие берген. Әлі есімде, 1930-32 -дегі коллективтендіру болған жылдары Ор бойындағы біздер БалаТалдықты қоныстаған  Есжан атамның қыстауына барып қыстадық. Бейітіне әкемдер барды. Ішіне мені қорқасың деп, кіргізбеді. Саман кірпіштен соғылған бейітінің есігі ,босағасы сол кезде бүтін еді. Мен ол кезде 10 жастағы баламын. Әкемдер денесінің бұзылмай жатқанын айтысып,  ішіне түскен. Кеудесі тай жабағының кеудесіндей ірі екен,- дегенін естідім.

Кейін руы Құлтас Ораз Манақов Сұлтан деген кісі «денесі бұзылмаған адам жатыр» деп жазған. Соғыс жылдарынан кейін Ресейге Санкт-Петербурге  ғалымдар алып кетті -дейді жұртшылық.

Бертін келе, Есжан атамның бейіті тұсынан намаздыгер  уақыты болған соң, асығып өтіп бара жатыр ем. Атым сүрініп кетіп, өзім құлап, иығымды мылтығым басыма тиіп, соққыдан едәуір есеңгіреп қалдым. Содан бері, Есжан атамның бейітіне құран аяттарын бағыштап өтемін. Бірде шаруашылықтың 12 бас жылқысы жоғалып кетті. Кеңшар басшылары жер білесің деп,  қасыма Наурызғали деген кісіні ертіп, іздеуге аттандық. Жол-жөнекей  Есжан атамның басына соғып,  құран бағыштадым. Сонда менімен құрдастығы бар Наурызғали әзілдеп, «Атаңнан дұрыстап сұра, іздегеніміз табылсын,»-деді.

 Бейіттен 5-6 шақырым ұзаған соң, алыстан бір қара ноқат көрінді. Сөйтіп, 12 бас жылқыны аман-есен кешке жақын ауылға айдап әкелдік.Өзімнің әкем де «түсімде Есжан әкемді көрдім. Жүзі жайдары екен, ісіміз дұрыс болар. Кейде қабағы қатулы қалпында түсіме енеді, мына ісіміздің соңы қиындау болар,-деп үнемі айтып, іс бастар алдында әуелі Алла, екінші сол кісінің рухы риза болсын деп, құран бағыштап отыратын жарықтық. Ол әкесіндей болған жақын адамына деген ерекше сыйластығы, құрметі болатын. Мен де жыл сайын елге қадірлі болып, халықтың алғысына бөленген атамыздың рухына арнап, Алла жолында құрбандық шалып тұрамын. 

Ол кісінің ұрпақтары туралы бірер сөз, «Үлкен баласы Досжан ертерек қайтқан. Қамар деген баласы көзі ашық, сауатты болған.Ол да әке жолын ұстанып, ел басқару ісіне араласа бастаған тұста 1937 жылы «халық жауы» ретінде ұсталып кетті. Менің әкем Отарлы да «болыстың  тұқымы» атанып  ұсталып, Жармоладағы түрмеге қамалған. Ал, Тахау еңбек майданына алынып, содан хабарсыз кеткен. Бұлардың қыр соңынан «Халық жауының, болыс,байдың тұқымы» деген атақ көпке дейін қалмады.

Есжанның әкесі Әнербек ауқатты адам болған. Қазір оның бейіті Белқопада. Жолайдың қасына жерленген. Есжан туралы ел аузында сақталған әңгімелер көп-ақ. Есжан қанша ауқатты адам болса да, ылғи бір ғана ат мінетін болған. Өйткені, оның денесінің ірілігі сондай, басқа аттар оны көтере алмайды екен. Ел аузында « Есжанның ала аты» атанған аты ғана шыдас береді екен. Жасы ұлғая келе,қос атты тарантас арба жегіп, соған отыратын болған.

Тіпті  оның бел омыртқаны тұтастай жұтқаны туралы да ел аузында әңгіме сақталған. Бір құрдасы оны сынамаққа  бел омыртқаны құйрыққа орап асатады. Оны Есжан жұтып жібереді.Құрдасы кейін уайымдап, жақын інілеріне қарап  жүріңдер деп аңдытып қояды. Бір жеті өтеді. Ештеңе бола қоймайды. Кейін  Есжан «Ісің бар болсын, белінен баспай, шығар жерінде қиып кетті ғой» деген екен. Есжан мен оның ұрпақтары жөнінде көсіле сөйлеген  Нарымбет ақсақалдың айтқандары да осылармен сабақтас шықты.

«Есжанның ұрпақтары  туралы білгенімді айта кетейін. Есжанның Қамар деген баласы 1888 жылы. Менің әкем Дәуітпен бір жылы дүниеге келген. Екеуі құрдас. Ол да әкесі сияқты ірі денелі, жауырыны қақпақтай, қапсағай , қара торы кісі еді. Ал, Тахау толық,төртбақ денелі болды. Сақал-мұрты қалың еді. Екі түйеге арба жегіп, шөп шапқанда, дауысы зор, алыстан естіліп тұратын. Қайратты кісі еді. 1937 жылдары Қамар ұсталып кетті. Тахау да аз қуғын көрген жоқ.

Есжанның төрт әйелі болған. Ішінде әмеңгерлік жолмен алғаны да бар. Кеңес үкіметі кезінде оның ұрпақтары біраз теперіш көрді. «Үлкен үй» деген үлкен баласының бірі Қосжанның әйелі Ақсүйрік, Қамардың әйелі Сарықыз, Тахаудың әйелі Күлсім үшеуі кешегі репрессия, аштық, колхоздастыру, соғыс, соғыстан кейінгі жылдардағы бар ауыртпалықтарды өз бастарынан өткеріп, күйеулері «болыстың тұқымы» деп ұсталып кеткенде де, шаңырақтарын шайқалтпай, бір-біріне қамқор боп,  ұрпақтарын сақтап қалуға тырысқан. Тахаудан Сәлима, Молдағази, Күлтай ,Әсима деген ұл-қыздар қалды соңында. Есжанның немересі Молдағзидың бірінші әйелінен қызы Ләйла осы үш кемпірдің тәрбиесін көріп, өнегелі аналарынан тәлім алған. Ләйлә- осы сапар барысында бізге жол бастап, деректер жинауда өзіндік үлесін қосқан Нұргүл Ысқаққызының анасы.

Ал, Молдағази болса, тың игеру жылдары әскерге кетіп, сол жақта екінші орыс әйел алып, содан кейін елге оралып, ауыл шаруашылығында еңбек етті. Араға біраз уақыт салып, 80-шы жылдардың орта шенінде Сантк-Петербург маңына қоныс аударды. Одан Талғат, Хамза деген ұлдар бар. Ал, Тахаумен бірге туған Зиба 7 құрсақ көтерген. Оның Әбдікәри, Әбдіқани, Әбдіжәми деген балалары бар. Иә, бір шаңырақтан өрбігендер тағдыры осылай өрбіді. Есжан болыс сияқты ел игілігі жолында адал еңбек еткен тарихи тұлғалар әлі де  жете зерделенуі керек. Атқарылар іс әлі де көп. Архивтерден қарар шаруа жетерлік. Бұл-өткенін қадірлейтін, өшкенін қайта жаңғыртар өскелең ұрпақты тарихи тұлғаларының ғибартты өмірімен сусындатар елі үшін маңызды деп білеміз. Мақала барысында соғыс және еңбек ардагері марқұм Мұхиядин Отаралин атамыздың жазба естеліктері пайдаланылды.

(деректер  Нұргүл Қонақбаевадан алынды. Ақтөбе қаласы.)

 

             Ерлан Сыздық---өлкетанушы



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

29 Июня 2017 08:10

Авантуризм

29 Июня 2017 08:45

Люди Х

29 Июня 2017 08:55

Рыбалка в водоемах Казахстана

29 Июня 2017 09:20

Экспедиция NOMAD EXPLORER:Тайны Устюрта 3 серия

29 Июня 2017 09:40

Беркутчи

29 Июня 2017 09:50

Морская рыбалка

29 Июня 2017 10:50

ГНПП: Қатонқарағай 2 бөлім

29 Июня 2017 11:30

Трофеи Авалона

29 Июня 2017 12:00

Простые радости

29 Июня 2017 12:30

Дневник федерации

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram