Түркістан – екі дүние есігі ғой....

26 Октября 2015 0 2574

«Түркістан» десе санасы селт етпейтін, өзінің осы бір сиқырлы атаумен әлде бір байланысы барлығын сезбейтін түркі баласы жоқ. Алғашында  Шауғар,  кейінірек – Яссы. Ал бүгінде – қасиетті Түркістан. Түркістан қаласының тарихы  өте тереңде. Сонау ҮІ ғасырдан ХХ ғасырға дейін жаугершілікті көп көрседе ұлы ғұламалары  мен ірі мемлекет қайраткерлері, ел қорғаған батырлар, ақылды хандар мен әділ билер, данагөй көсемдер, көсіп-кесіп сөйлеген шешендер шыққан қала. Түркістан топырағынан-нәр, көк күмбез нұрынан күш қуат алып, халықтың нағыз жанашыры болған жандардың өмір өнегесі ертеңгі ұрпаққа үлгі өнеге етіп насихаттау-оларды отаншылдыққа, ұлтын сүюге тәрбиелеудің қайнар көзі болып қала бермек.

Қазақ ішінде «Арыстанбапқа түне, Әзіреті сұлтаннан тіле» деген сөзде тұтас бір дүниетаным, жатыр. Сыр мен Арыс өзендерінің қиылысқан жерінде Арыстанбаб кесенесі орналасқан. Аңыз бойынша, Арыстанбаб Мұхаммед Пайғамбардың аманаты құрманың дәнін Иасауиге жеткізген адам. Аманатты алғаннан кейін Иасауи Арыстанбапты өзіне ұстаз тұтқан.

        Ел басына күн туған алмағайып сәттерде кең даланың түкпір-түкпіріндегі халық әулиеден медет тілеп, Түркістанға ағылды. Қайтыс болған ең аяулы ұлдарын әулиенің қасына жерледі. Елдің еңсесін көтерген Еңсегей бойлы Ер Есім, Тәуекел Баһадүр хан, Салқам Жәңгір хан, Абылай хан, жоңғар шайқасында тоғыз ұлымен қаза тапқан Тобыл хан, Қанжығалы Бөгенбай батыр ұлтымыз төбесіне тұтқан қаншама қадірлі  жандар Түркістанда байыз тапты. Көсемдер мен шешендер қазақ басына қиын жағдай туғанда Күлтөбенің басында кеңес құрып, төрт қақпалы Түркістанды қазақ халқының жол түзер темірқазығына айналдырды.

         Күні бүгінге дейін киелі өңір өзінің рухани міндетінен айныған жоқ. ХІҮ ғасырда Түркістанды Шарафатдин шағын қала деп суреттесе, ХҮІ ғасырда Рузби «Иасы қаласы өрісі кең әрі құнарлы» деген. 100 гектар жерді алып жатқан Әзірет Сұлтан Мемлекеттік қорық мұражайы аумағына Күлтөбе, Жер асты мешіті, Хылует т.б. көптеген ескерткіштер кіреді. Жалпы бұл аймақ тұтастай мәдени қабатқа есептеледі.        Иасауи дүниеден өткен соң өзі ұзақ жылдар мекен еткен Түркістан шаһарына жерленеді. Басына шағын мазар соғылады. Бұл орын бүкіл мұсылманның жаппай зиярат ететін орнына айналады. Осы уақыттарды Иассауи басына жаңа кесенені тұрғызуға пәрмен беріледі. Осылайша әлемдегі ең ірі кесенелердің бірі, ірілігі, биіктігі жағынан Орта Азияда теңдесі жоқ құрылысты салдыру үшін Әмір Темір Ираннан, Шираздан, Бағдат пен Мысырдан, Бұхара мен Самарқаннан таңдаулы шеберлерді алдырады. Алдын ала жобасы жасалған құрылыс жұмыстары, оның әр бір тасы геометриялық дәлдікпен тұрғызылды.

       Қожа Ахмет Иасауи кесененің көлемі 60х50м, биіктігі 38м. Ахмет Иасауи ғимараты көп функционалдық құрылыс болып табылады. Тіпті кесененің төбесіне шығатын баспалдақтар да тіреу қызметін атқарады. Терезе, саңылаулардан күн шуағының ішіне түсуіне дейін есептелген. Су ағарлар мен желдеткіштердің 10 рет өлшеніп 1 рет құрылғаны соншалық, 600 жыл бойы кесененің ішін су мен сыз алмаған. Патша әскері ХІХ ғасырда кесенені зеңбірекпен атқылап қиратқан, елдің айтуы бойынша кейін өзі қиратқан жерлерді өзі жөндеткізген. Ахмет Иасауи бабамыздың бізге жеткен еңбегі-«Диуани хикмет». Онда пенденің өзін түзетуге, өз бойындағы асылды ашуға, өз нәпсісімен күресуге, жүрек мәселесіне көңіл бөлген. Құрылыстың қабырғалары «Құран» аяттарымен безендіріліп, орта ғасырда кең тараған 4,6,8 бұрышты кескіндермен, гүл тәрізді оюлармен көмкерілген. Кесенені салу барысында алыстан арнайы шақырылған шеберлермен қоса Түркістанның шеберлері де жұмыс жүргізген. Сол себепті де қошқар мүйіз, төртайшық, тегершік, төртқұлақ, өркеш мүйізді ұлттық оюлар бейнеленген.

         Кесенедегі керемет құндылықтардың бірі-Әмір Темірдің пәрменімен 1399 жылы 7 асыл металл қоспасынан жасалған үлкен тайқазан. Тайқазан кезінде 7 шырақпен ғана қайнаған деседі. Қазанның бүйіріне араб жазуларымен өсімдік тәрізді нақыштар өрнектелген. Кеңес үкіметі кезінде 1936 жылдары  Эрмитажға әкетіліп,  ұзақ уақыттан соң яғни 1989 жылы Түркістанға қайтарылды. Түрлі мақсатқа пайдаланылған көптеген бөлмелердің басын біріктіру өз заманындағы тамаша үлгіге саналған. Кітапхана мен Ақсарай бөлмелері көлденең арқалармен жабылған. Орта Азияда Ахмет Иасауи кесенесі тек зиярат орны емес, медресе, мешіт ретінде қызмет атқарған, бес уақыт намаз оқылған.

                   Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына сапары кезінде «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан» деген болатын. Елбасымыздың қолдауымен 2011 жылы Түркістан қаласында бой көтерген тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың қала қонақтары мен зиялы қауымға қызмет көрсетіп келеді. Тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың мәні мен мағынасы өте маңызды. Тарихи-мәдени этнографиялық орталықтың негізгі мақсаты-Түркістанның рухани-тарихи құндылықтарды, оның мәдени мұрамыздағы алатын орнын, маңызын орталық қорындағы тарихи жәдігерлер жинағы арқылы ашып көрсету. Түркістан тарихи-мәдени орталығы қаланың ғана емес, еліміздің тарихынан терең сыр шертетін бірден-бір шаңырақ болып есептелінеді.

        Еліміздің рухани астанасы-ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты, қасиетті мекені. Қасиетті Түркістанға зиярат етушілер саны күн санап көбейіп келеді. Уақыт өткен сайын Түркістан қаласына саяхаттап келушілердің саны артып отырғаны белгілі. Осыған орай, соңғы жылдары киелі өңірде туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында көптеген игілікті шаралар атқарылып келеді. Оған дәлел зияратшылар орталығының ашылуы. Небәрі 1-жылға жуық мерзімде құрылысы аяқталған зияратшылар орталығында кесенеге зиярат етіп келушілерге барлық жағдай жасалған. 200 адамға арналған тұрғын бөлмелері, намазханалар, асхана, медициналық қызмет көрсету бөлмесі, тіпті, мал сою орны мен автотұрақ , ішкі демалыс алаңы да қарастырылған. Мәжіліс және кино залдары да бар.

       Түркістан үшін соғыста жараланып ауырып жатқанда Тәуекел Баһадүр хан «Түркістанды алдым, арманым жоқ» десе, «Мен дүниеден өткен соң мені Түркістан жеріне жерлеңдер» деген әулие Қазыбек би. «Түркістанды қалмақ алды» дегенде ақырап атқа қонған. Абылай хан да қазақ халқы үшін Түркістанның ерекше екенін байқатты.

      Ақынымыз Мағжан Жұмабаев:

      Түркістан-екі дүние есігі ғой,

     Түркістан-ер түріктің бесігі ғой.

     Тамаша Түркістандай жерде туған,

     Түріктің тәңір берген несібі ғой,-деп киелі Түркістанды керемет жырлап өткен. Түркістан қаласының 1500 жылдық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Жыл сайын осында бүкіл Қазақстаннан, Орта Азиядан келетін мыңдаған мұсылмандар келеді. Сонымен қатар, Түркістан түристерді көптеген тарихи орындарымен тартады. Көне қала-Түркістанның қай тұсынан өтіп бара жатсаңыз да еңселі кесене алыстан менмұңдалап, көз алдыңызды көлбейді. Түркістан топырағы киелі. Соны ата-бабаларымыз өткен ғасырда-ақ көрегендікпен танып білген. Бір ғана Түркістан шаһары ғана емес, оның айналасында жұрт мінәжат ететін, тоқсаннан аса киелі орындар бар. Сол орындарды көздің қарашығындай сақтап, төрткүл дүниеге паш етіп насихаттап,  өз дәрежесінде келер ұрпаққа аманаттап жеткізу парызымыз деп білейік.       

Ардақ Ерікқожақызы-Түркістан қаласы.



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

17 Августа 2017 17:00

Инфотур город Туркестан

17 Августа 2017 17:40

Ясауи 850 жыл

17 Августа 2017 18:00

Живая книга

17 Августа 2017 18:20

Рыбалка в водоемах Казахстана

17 Августа 2017 18:30

Встречи в рыбацкой деревне

17 Августа 2017 19:10

Книга Абай. Оразалы Сабденов

17 Августа 2017 19:30

фильм о сайгаках

17 Августа 2017 20:00

2 международный турнир по футболу им.Каппарова

17 Августа 2017 20:30

Трофеи Авалона

17 Августа 2017 21:00

Ото всюду обо всем

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram