Төлеген Сатыбалдыұлы жайлы сыр немесе Акбақсы атаның кереметтері.

23 Августа 2015 0 1303

      Қазіргі кезде еліміз егемендігін алып еңсесін тіктеген тұста мәдени мұраларға барынша назар аударылып,  мемлекеттік қамқорлыққа алынуда. Ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртып, бабалардан жеткен тарихи-мәдени мұраларды насихаттау еліміздегі әр-бір мұражайлардың абыройлы да өзекті мәселелерінің бірі десек артық айтпағанымыз.  Ақтөбе облыстық «Руханият» музейінің басты мақсаты тұрғындардың мәдени-рухани дамуына имандылық тәрбие беру арқылы үлес қосу болып келеді.  «Руханият» музейі мән-мағынасы жағынан республикамыздағы бірден бір музей екендігін мақтанышпен айтуға болады. Себебі музей Исламның, оның діни ілімінің пайда болуы туралы, исламның қасиетті кітаптарының шығуын және мән-маңызын баяндайтын материалдарды көрсетеді,  еліміздің батыс өңіріндегі ақындардың, ғұламалардың,  философтардың өмірбаяндарын және дін туралы шығармаларын көрсетеді, материалдық және рухани мәдениеттің негізгі құндылықтары болып табылатын заттай, ауызша, деректі және басқа діни материалдарды  қорына жинақтайды, сақтайды және зерттейді. Ислам дінін қазақ халқының салт-дәстүрімен сабақтастыра отырып түсіндіру мүмкіндігін береді. Музейдің алға қойған басты мақсаттарының бірі Ақтөбе облысында дүниеге келген есімдері мәңгі ел есінде сақталған, еңбектері елеулі қазақтың иманды тұлғалары туралы халыққа баяндау, олар жайлы тың деректерді, ел аузындағы бірлі-жарым айтылып жүрген аңыз-әпсаналарды жинақтап жеткізу. Осы орайда 2015 жылдың 1 - 2 шілде аралығында «Руханият» музейінің қызметкерлері:  ғылыми қызметкер Ж.Күзенбаева,  көлік жүргізуші  М.Кенбейлов, қор сақтаушысы Д.Абатова бастаған экспедициялық топ Әйтеке би ауданындағы діни ғұламалар туралы мәлімет жинақтап, фото және видеотаспаға түсіру мақсатында іс-сапарға шыққан болатын. Бірінші кезекте музей қызметкерлері Әйтеке би ауданы Комсомол орталық округіне келіп, Ақтасты ауылында өмір сүрген  ел жадында «Ақбақсы» деген атпен белгілі болған Төлеген Сатыбалдыұлы жайлы мағлұматтар жинақтаудан бастады. Бұл ауылда музей қызметкерлері Қатшагүл Төлегенқызымен кездесіп Ақбақсы ата туралы яғни өз әкесі  жайлы сұхбат алды. Қатшағүл Төлегенова өз әкесі туралы, ұстаған заттары, тұрған үйін көрсетіп мағыналы естеліктен сыр шертті. Ерекше қасиетерімен белгілі болған және халық арасында Ақбақсы атымен белгілі Төлеген Сатыбалдыұлы 1895-1993 жылдар аралығында Ырғыз, Әйтеке би өңірінде өмір сүрген. Төлеген ата ерте жетім қалған, алты айында ағасы Көлеңке шешесін малға сатқан. Әжесінің қолында өскен. Жеті, сегіз жасында байдың қозысын бағып күн көреді. Сол кезде Төлеген атаның ерекше қабілеттері ашылуына әсер еткен қызықты да тылсым дүниеге толы оқиға басынан өтеді. Қызы Қатшагүл апамыздың айтуы бойынша «Бір күні әкем қозылардан айырылып қалып, жамырып кеткен қойлар сауылмай қалды. Бай ашуланып әкемді қатты сабаған. Әкем жылап далада ұйықтап қалады. Ұйықтап жатса түсінде бір ақсақалды қария : «Балам, жылама, тез тұр орныңнан, мә,саған»-деп қолына жеті құмалақ ұстатып кеткен» екен. Содан соң Түркістан қаласына бағытталған керуенге ілесіп 9 жылға көне шаһарды бетке алып кетіпті. Сол жақта емдеу қыр-сырын үйренеді. Кейін ер жігіт болып еліне қайта оралыпты. Ақбасты ата намаз оқыған, ораза ұстаушы сыпайы адам еді. Қызы Қатшагүлдің айтуы бойынша: «Әкем өте ажарлы, сәнқой кісі болды. Ақ ат мініп, ақ жабу жауып, өзі де ақшаңқан киіммен жүретін болған, мүмкін содан да болар ел арасында ағарып киініп жүргендіктен Ақбақсы атап кеткен болар. Ал өзінің шын есімімен Төлеген десе ешкім білмейді». 1935 жылы 14 жастағы Сағира есімді қызбен жеке отау тігіп шаңырақ көтереді. Екеуі жарасып, өмірлерінің соңына дейін тату-тәтті тұрды. Әкем 1942-1945 жылдар аралығында еңбек армиясында болды. Соғыстан кейін Тәуіпке малшы-қойшы болып жұмысқа орналасқан. 1970 жылы Урожайный (Ақтасты) ауылына көшіп келді. Содан бастап адам емдей бастады. Бұған дейін емшілік жасауға мүмкіншілігі болған жоқ, бақсы деп талай қиындықтар көрген, көп уақыт қашып жүрген. Інісі Ағлеш КГБ-да қызмет еткен кезінде Ақбақсы атаға алдын ала хабар беріп, қашырып отырған. Кейін Орск қаласындағы темір жолға жұмысшы етіп орналастырған.  Қатшагүл апамыз бір естелігінде: «Сол кездері Ырғызға партияның аудандық комитетінің хатшысы болып Бердіқұлов Нұрқасым деген азамат келді. Баласы жоқ екен. Әкем жасырын барып жүріп , түнге қарай әйелін ем-домын жасап жүретін. Содан кейін әкемнің емі шипа болып, хатшының әйелі екі ұлды дүниеге әкелді. «Содан кейін көзім ашылды, ешкім қудалаған жоқ» деп айтқан әкем»-дейді. Ақбақсы ата көбіне үйде тұрмайтын, көп жағдайда  ауылдан бала пішуге  немесе түген ауылдан адам емдеуге халық өзі келіп алып кететін еді. Сонымен бірге өзіне келе жатқандар неше адам, қандай оймен келе жатыр барлығын алдын ала болжап, біліп отыратын қасиеті болған.  Ақбақсы ата 1980 жылы қиын уақыт  күндер бұрын болжап білгенмен сонымен қоса туыстарына қиындық туғызбау үшін көзі тірі кезінде өз өзіне (қабірін) тамын салдырды. 1993 жылдың 3 қаңтарында дүниеден өтті, ал Сағира әйелі 22 күннен кейін ізін суытпай дүние салды. Сол уақыттан бері қызы Қатшагүл әкесінің үйінде тұрып жатыр. Қатшагүл апайдың айтуы бойынша Ақбақсы атаның басына келіп, мал шалып, түнеушілер әлі де толастамаған екен. Келушілердің барлығы кетерлерінде қуанышпен аттанады. Ақбақсы ата керемет қасиеттері туралы ел аузында әңгіме көп сақталған. Ол ай туғанда түнде оянып, айға көрсетіп, сөйлесетін. Адам қарап жатқанда да бір жанына басын бұрып, біреулермен ақылдасып-сөйлесіп отырған екен. Адам қарағанда арқасы қозып айқайлап сөйлеп, кейде ақырып қояды екен. Ал кейде күлдіріп сөйлеп, аяныш білдіріп, айналып отыратын. Алланың қалауымен Алдына келген ауру сырқаттарға шын ниетімен көмек көрсеткен. Қолымен сипап, қара су ішкізіп аластап мыңдаған сырқатты дертінен шипасын тигізген. Ақбақсы ата өмірден өткеніне жиырма жыл өтсе де, басына келіп түнеушілер акөбеймесе азаймаған. Біреулері құрмет көрсету үшін келсе, екіншілер ем іздеп келеді. Қайтседе Совет үкіметі кезінде Ақбасты ата адам емдеп, бақсылық жасаған болашақты болжай білген ерекше қабілетке ие, Алланың нұры түскен қасиетті жан болған.  Қасиет иесінің артында қалған ұрпағы қызы Қатшагүл Төлегенқызы әкесі туралы  «Ақбасты ата Төлеген» атты кітабын 2011 жылы жазып жарыққа шығарды. Бұл кітапта Ақбасты атаның өмірбаяны керемет қасиеттері туралы жан-жақты баяндалған. Болашағынан зор үміт күттірген өскелең ұрпағы барда текті жанның мұрасы өшпек емес.

 

«Руханият» музейінің қор сақтаушысы:    Дания Абатова.

ТұранТв телеарнасынан, өлкетанушы:    Ерлан Сыздық.



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Қатонқарағай-3 бөлім.

«Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркінің шығысында орналасқан «Өрел» орманшылығына да келіп жеттік. Орман өмірі – кім - кімді де бей жай қалдырмасы анық. Жаныңа қуаныш сыйлап бақытқа бөлейді

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

28 Апреля 2017 18:00

Трофеи Авалона

28 Апреля 2017 18:30

Мой Казахстан

28 Апреля 2017 19:05

Сезон охоты

28 Апреля 2017 19:50

Живая книга

28 Апреля 2017 20:00

Символ озера Маркаколь и человек

28 Апреля 2017 20:30

Рыбалка в водоемах Казахстана

28 Апреля 2017 20:45

Дела клубные

28 Апреля 2017 21:15

Встречи в рыбацкой деревне

28 Апреля 2017 21:50

Экстрим плюс

28 Апреля 2017 22:05

Унесенные ветром странствий

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram