Қазақ хандығына 550-жыл немесе Талғар жеріндегі дүбірлі той.

28 Июля 2015 0 999

Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - Н. Ә. Назарбаев

     Елдігімізді еселеп, тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп, күн нұрынан нәр алып шаңырағымызды шайқалтпай, көкте  көк байрағымыз желбіреп өзге дамыған елдермен тереземіз тең болған күнде келіп жетті. Бұл саналы да даналы  би сұлтандар мен қасық қаны қалғанша күштескен батыр бабалырымыз, ақылы тасыған хан иелерімізідің арпалысқан мен алысып, атысқан мен шабысып, жауласқан мен жағаласып, айтысқанның мысын басар дуалы сөзінің арқасы деп білуіміз керек. Сондықтан да сан ғасырлар бойы атырапты алқапты, киелі де құт мекенді бабалардың ақ батасымен қорғап, ақ жаулықты аналардың аманатын  келер ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ұлы елдің ұрпағымыз. Сол үшін де көкіректі керіп тұрып мақтануға болады.

Өр рухты бабалар.

    Биылғы жыл Керей  мен Жәнібек хандардың  Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл толуына орай дүниенің төрт бұрышына дүбірлеткен той өтпек. Өйткені бұл оқиға қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болып саналады. Ол ұлан - байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын біріктіріп, бір тудың астына  шоғырландыруда, қазақты қазақ етуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда сөзсіз аса маңызды іс болды. Өр рухты бабалардың саралап салған сара жолдары түбегейлі шешуші рөл атқарды. Сол үшінде өр рухты бабалар рухына мың тағзым.

Мәңгілік Ел- деген құдіретті ұғым.

    Алматы облысы Талғар ауданы Алатау ауылдық округы «Ғұндар» туристік орталығында 25-27 шілде күндері Қазақ хандығының 550 жылдығына  арналған «Мәңгілік ел» атты халықаралық этно фестивалі айқара есігін ашты. Бұл дүбірлі тойды Раушан Шәмілқызы басқаратын«Тұмар-Транс» ЖШС-гі, Алишерова Асел ханым басқаратын «Sky Eagle» ЖШС-гі және  Батыржан Сейдомар мырза басқаратын «Көшпенділер атамұрасы» Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған болатын. Жиын барысында салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау жұмыстары жолға қойылды. Соның ішінде көкпар ойыны елдің делебесін қоздырса, қыз қуу бір сергітіп алды. Ал қол өнер шеберлерінің көз майын тамызып жасаған  бұйымдар көрмесі келушілердің қуанышына айналды. Ою ойып, кесте тігіп, көрпе көктеген тігіншілерде, томардан бұйым шауып ұлттық өнерімізді дәріптей білген ағаш шеберлері де, қайыс  тіліп, таспа өріп батырлар мұрасын насихаттаған ұста да, көмейінен күмбірлетіп күй төгетін киелі домбыраға жан бітірген домбыра ұстасы да, киіз басып, жүннен киім тігіп, жіп иірген киізшілер де, бәрі бәрі міне осы тойға өз үлестерін қосуға келген. Ерекше атап өтетін дәстүрлі мұрамыз ол садақ ату сайысы болды. Бұл сайыстан  шет ел асып немістер, түбі бір түрік ағайындар, бір туған қырғыздарда шет қалмады. Іле Жоңғар Алатауының баурайында, ақ шаңқаң киіз үйлер тігіліп, әсем табиғаттың сәнін кіргізіп тұрды. Шет көзге қарағанда Мәңгілік ел болуды мақсат тұтқан ел ғана осындай дүбірлі тойды өткізе алатындығын дәлелдей түскендей.

Қорытынды.

    Бірлік  болмай, құт-берекесі қашқан жерде ұлт болып ұйысу, ел болып елдесу ешқашан болмаған. Еліміздің көк туы көкте желбіреп, өзгелер алдында басымызды тік ұстау ол тек бақ қонып береке дарығандықтан деп білемін. Өткенімізді ұмытпай бізге дейін өткен ұлыларға құрмет көрсетіп Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өту, бұл халқымыздың Егеменді ел болып, Тәуелсіздігімізді тұғырлы етіп «Мәңгілік ел» болғанымызды жан-жақты дәлелдей түседі. Ұлттық болмысымызды қалыптастырып, тіліміз бен дінімізді дәріптеп, салт-дәстүрімізді ғасырдан-ғасырға асырып, шапса тұлпар тұяғы, ұшса құс қанаты талатын ұлан ғайыр атырапты, жер асты мен үстіндегі байлығымызды, әсіресе рухани құндылығымызды Мәңгілік елдің ертеңін еселейтін жас ұрпақ жалғастырып келер ұрпаққа өз дәрежесінде жеткізеді деп сенеміз.

 

Сыздық Ерлан

ТұранТв телеарнасы



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Қатонқарағай-3 бөлім.

«Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркінің шығысында орналасқан «Өрел» орманшылығына да келіп жеттік. Орман өмірі – кім - кімді де бей жай қалдырмасы анық. Жаныңа қуаныш сыйлап бақытқа бөлейді

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

28 Апреля 2017 18:00

Трофеи Авалона

28 Апреля 2017 18:30

Мой Казахстан

28 Апреля 2017 19:05

Сезон охоты

28 Апреля 2017 19:50

Живая книга

28 Апреля 2017 20:00

Символ озера Маркаколь и человек

28 Апреля 2017 20:30

Рыбалка в водоемах Казахстана

28 Апреля 2017 20:45

Дела клубные

28 Апреля 2017 21:15

Встречи в рыбацкой деревне

28 Апреля 2017 21:50

Экстрим плюс

28 Апреля 2017 22:05

Унесенные ветром странствий

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram