Сараман-Қоса

16 Июля 2015 0 1604

Ей, Қазалы, атың неткен ыстық-ты, Сағынышым көзден жасты ыршытты. Сенде ылғи тұп-тұнық боп таң атты, Сенде ылғи күлімсіреп күн шықты. Сен шежіре бүгіп жатқан сан сырды, Білсек дейміз ақиқатты, бар шынды. Сылқым сұлу — Сырдан аққан лай су, Перзентіңе ішкен кезде бал-сынды. –деп Нұрперзент Домбай-ақын жырлаған мекен бұл. «Қазалы біріншіден – қария, екіншіден – дария, үшіншіден – тарих» міне сол қазыналы -қария, сарқылмайтын -дария, қаймағы бұзылмаған тарих қойнауына сүңгудің сәтін салған сапар. Шынында Қазалы тұла бойы сырға, құпия, жұмбаққа толы мекен. Сол жұмбақтың бірі Қазалы қаласынан 100 шақырым жердегі Кәукей ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2-шақырым жерде бой түзеген Сараман-Қоса мұнарасы болатын. Ел аузындағы аңыздардың біріне жүгінсек: Сараман атақты байдың баласы екен. Әкесі жалғыз ұлын алақанына салып, не керек етсе, соны тауып береді. Байда жүйрік те, жорға да, дүние де, керек десе алтындаған ер де, күмістеген ат әбзелде де болған. Жігітке жеті өнерде аз дегендей Сараман байлыққа шалқып, жатып ішер болмай, жастай ерлік жасап, есейе келе жылқышылармен бірге жылқы күзетіп, үйде де, түзде де болып бес аспап болып өседі. Жылқышылардан өлең-жыр, соғыс өнерін, күресті, найзаласу, қылыштасу әдістерін қызыға үйренеді. Домбыра тартып, ән салады. Өсе келе еліне елеулі халқына қалаулы сегіз қырлы жігіт болады. Той-думаннан қалмай, білек күші сомданып күрессе жығып, садақ тартса алтын табақтағы жылтылдап тұрған алтын теңгені көздеп атып түсіретін құралайды көзге атқан мерген атанады. Әкесі баласына құда түсіп өзінің батырлығы мен батылдығына, ер азаматтық намасына лайықты қыз айттырғысы келеді. Бірақ Сараман өзім қалағанымды алайын. Сіз маған ренжімеңіз дейді. Жалғыз баласының айтқанын орындауға уәде береді. Сараман жылқы күзетінде жүргенде көрші ауылдың жылқышыларымен кездесіп, достасады. Жылқышыларды қонақ етіп, жылқыдан қалаған жүйрік жорғасын сыйлайды. Ол ауылдың адамдарына Сараман ерекше, бөлек туған азамат болып көрінеді. Күндердің күнінде сол ауылдың жылқышы жігіттері Сараманға бір сыр ақтарады. Біздің елде атақты бір бай бар, оның он ұл, жалғыз Қоса деген сұлу, әрі ақылды қызы бар. Ол қыз да болса тап сенен айнымайды. Серілігі де, өткірлігі де сенен артпаса қалыспайды. Көркі көргенді қамастырады, сөйлесе сөзден адастырады, ерке болып ер жеткен өнерге келсе, серілік таластырады дейді. Сол мезетте Сараман Қоса қызбен танысқанша асық болады. Бойына қандайда бір сезім ұшқыны ұялайды. Жатса-тұрса ойлағаны сол Қоса қыз. Қашан танысқанша жанын жегідей жеген махаббат сезімі жетелеген күйі Қосамен танысудың да сәтін салады. Кездескен кездегі Қосаның кірпігін қағып астарлап қараған көзқарасы Сараманды тура бір жүрек тұсынан садақ оғы қадалғандай шарпып өтеді. Сол күннен бастап бүткіл болмысы мен санасы сол Қоса болады. Қоса қыздың да ішкі дүниесі алай-дүлей болып, таң атысы күн батысы Сараманды көрмесе тұра алмайтын халге жетеді. Ол да жылқы күзетуге келуді жиілетеді. Екеуі ойда да, тойда да бас қосып, көңілдері өсіп, дәуір сүреді. Қосаның ағалары өте қатал, қызғаншақ, сықпар-сараң адамдар болады. Сараман қанша байлығын ұсынса да, тоң мойын ағалары қызды аттастырған жеріне бермей тынбайтын сынай білдіреді. Бір күні Сараман мұныәкесіне айтады. Әкесі барып құда түсу жайлы айтқанда Қосаны алде –қашан біреуге құдаласып беріп қойдық деп бет бақтырмай әкесін құр қайтарып жібереді. Сараманның көңілі жабығып жүргенін байқаған сергек сезімді, ақылды қыз бір күні Сараманға оңаша былай дейді. Біз екеуіміз бұдан да жиірек кездесіп, керек десе тойларға бірге барып, бірге жылқы күзетіп, қызық дәуірді бастан өткізейік. Мен сен үшін жаралған жанмын. Осы жолда мен атқан оқ, шапқан қылыштан да сескенбеймін. Қайда жүр десең сонда барамын. Мен атастырған жеріме бармаймын. Өлгенше сенімен бірге дәурен сүремін, мен сені сүйемін, сөзімде тұрамын,-дейді. Ақтарыла сыр ашып, сөзін сертке балап түйіндейді. Сараман бұған риза болып, бұлт артынан шыққан күндей жарқырап, жайнап сала береді. Көп ұзамай жылқы күзетіп жүрген Сараманға қыздан:- Бүгін кеткелі жатырмын. Мені тез құтқарып қал,- деген хабар жетеді. Сараман қару-жарағын асынып, бірден Қосаның ауылына тартады. Күн батар алдында қыз да белдеудегі бір атты міне Сараманды көріп шаба жөнеледі. Екеуі табысып, елге қарай қашады. Ауыл адамдары біліп қалып, аттанды салады. Біраз жерге келгенде қыздың астындағы аты болдырап қалады. Сараман Қосаға қарап:-Анау төбеден ассаң арғы жағы біздің ел, мен жауды ірке тұрамын, мағана қарама кете бер,-дейді. Қоса жаман атпен төбеге қарай кетеді. Сараман артынан келген көп адаммен жалғыз өзі садағын тартып, қаша ұрыс салады. Садақ оғы таусылып, найзамен шайқасып жүргенін де топтың ортасына түсіп қалады. Дәлдеп салған біреудің найзасы көк желкеден тиіп, жан тапсырады. Осы кезде қыз ағасының үлкені Қоса әне кетіп барады, жеткендерің оны өлтіріңдер деп айқай салады. Аты жүйрігі келіп, қыздың жауырынан найзаны атады. Күннің ұясына қиялап батуымен бірге қыршын Қоса да бұл өмірден кетеді. Сараманның әкесі барлық жылқының құйрық жалын күзеді. Мыңдаған нарды саудырып, сүтін астауға құйдырып, саз топырақты илетіп, жылқының күзеген жал-құйрығын қиып араластырып кірпіш бастырып, оны күйдіріп, шеберлерге осы мұнараны ескерткіш етіп жалғыз баласына арнап салдырады. Сараман-Қоса аңызы осылай аяқталады. Сараман-Қоса мұнарасын кейін халық бағы жанбаған қос ғашықтың мәңгілік мекені ұмыт болмасын деп Сараман-Қоса деп атап кетіпті. Ал Қоса Сараманнан әрірек 3-4 шақырым жерде өлген жерінде мола салынып ел жайлаған. Қазақ халқында тағдыр тәлкегін бастан кешкен махаббат символына айналған ғашықтар трагедиясы Қыж Жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш -Баян сұлу оқиғалары өскелең ұрпақ алдында баға жетпес оқиға ретінде бағаланар болса Қазалы жеріндегі Сараман Қоса оқиғасы мен мұнарасы да сол оқиғалар қатарынан табылатыны анық.

 

Ерлан Сыздық-Тұран телеарнасы.



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

25 Мая 2017 20:00

Дневник федерации

25 Мая 2017 20:50

Встречи в рыбацкой деревне

25 Мая 2017 21:30

Дело вкуса

25 Мая 2017 21:50

ГНПП

25 Мая 2017 22:05

Рыбалка в водоемах Казахстана

25 Мая 2017 22:20

NOMAD EXPLORER:Үстірт кұпиясы 1 серия (каз)

25 Мая 2017 23:20

Трофеи Авалона

25 Мая 2017 23:40

Клевый берег

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram