Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаған -Ұлытау

04 Июня 2015 0 2101

      Алматыдан әуелетіп ұшқан ұшақ кештетіп Жезқазған әуежайына келіп қонды. Жезқазғандық Сұлтан ағамыз құшақ жая қарсы алды. Жезді өңіріндегі үш күндік экспедициямызда осы Сұлтан ағамыз жолбастаушы болмақ. Ұлтымыздың ұйытқысы болған Ұлытауды көру талайлардың арманы болар. Сол арман жетегінде кеткен біздің экспедициямызда артынып-тартынып Ұлытау қайдасың деп сапарға шыққан болатын. Жезқазған жеріндегі таңғы сапарымызды «Байқоңыр» қонақ үйінен  Сұлтан Төлендин ағамыздың жол талғамайтын көлігімен бастадық. Бір кездері кен байыту саласын дамытудағы қазақ жерінің орталығына айналған Жезді қала бұл күнде өсіп –өркендей түскен. Қаланы аралау барасында бұл жайға көзіміз жетті. Біздің арманымызды тездетіп орындағысы келгендей көлігімізде зулатып келеді. 140 шақырымдық жол. Біз үшін сарқылмас сара жол іспеттес. Экспедиция басшысы ұлтжанды азамат Сматай Сырымұлы, тарихшы Жұмажан Байжумин, Сәтбаев қаласының жергілікті «Шарайна» газетінің директоры Бауыржан Жанбауұлы, жолбастаушымыз көлік саласының маманы Сұлтан Төлендин және мен. Жолшыбай Күмісбұлаққа тоқтап сусындадық. Талай жолаушының шөлін қандырған  бұлақтың қасиетінен айналдым. Әлемде қай елдің болмасын қадірлеп, қасиетке балап  тағзым етер киелі мекені болады. Сондай қойнауы қазынаға толы, тау-тасы қаншама тарихи оқиғалардың куәсі  болған жер қазақ халқында да бар. Ол ұлы халық қазақтың жерінің асты берекелі, үсті мерекелі құт-ырыс дарыған өңірі — Ұлытау. Сондықтанда  да болар  Ұлытаудың атын естігенде  елең етіп құлақ түрмейтін қазақ жоқ.  Әңгіме дүкен құра отырып талай тарихтын куәсі болған, елдіктің туы тігілген құт мекен Ұлытаудың етегіне де келіп жеттік. Алыстан ағарып Асанқайғы бабамыздың еңселі ескерткіші көзге шалынды. Тау етегінде Ұлытау қорық-мұражайының директоры Бақтияр Сапарбекұлы күтіп алып, тарих парақтарынан сыр ақтарып, өңір деректерімен таныстырып өтті. Осы орында алдағы уақытта туризм саласын дамытудағы тыңғылықты ойларымен  бөлісті. Ол ойларын бізде құптадық. Экспедициямызға сәттілік тіледі. Ұлытаудың ұшар басына көтерілмес бұрын бізге дейін жүріп өткен бабалар рухына құран бағышталып құрбандық шалынды. Гүлсара ананың қасиетті бұлағынан мейірлене ішіп шөл басып, артығымен ыдыстарға құйып алдық. Сөйтіп мен, Жұмажан аға, Сматай  аға, Қарағандылық заңгер бауырымыз Айткен, Әбдуәзіз ініміз, жолбастаушымыз Сәрсенбай Оспанұлының бастауымен киелі тауға қарай қозғалдық. Айнала қоршай өскен биші қайыңдар қарасаң көзің тоймас. Жөн-жоралғыдан аттап өтпей, келер ұрпаққа аманат етіп біздің экспедицияны бастап келе жатқан Сматай Сырымұлы бұлақ басындағы киелі биші қайынның біріне ақтығын байлауда. Енді екі аяққа қуат берсін, Тәңірі өзі жар болсын деген ниетпен Ұлытауға қарай жолға шықтық. Жолбастаушымыз Сәрсенбай ағаш шебері ұста. Осы қорық мұражайдың қызметкері. Көп оқығаннан емес көпті көргеннен сұра деген, көкірегі ояу көңілі қош ағамыздың көптің куәсі болғандығы көрініп тұр ширақ қимылынан. Тағы бір жас серігіміз ол оқушы бала ӘбдуӘзіз. Бізбен бірге Ұлытауды бағындыруға бара жатқан талпынысына қарап  болашағынан зор үміт күттіріп тұрғандығын аңғаруға болады. Жаста болса көргендерімен бөлісіп келеді. Айнала жасыл желекке боялған. Қазжуаларда сарғайып тау алқабының сәнін кіргізуде. Биші қайыңдарда құдды бізді күтіп алып сәлемдескендей сыбдыр қағады. Екі жақты бойлай өскен биші қайыңдар тура бір Ұлытаудың қақпасындай. Сол қақпадан өткенде өзге әлемге қадам басқандай әсер аласың. Тау қарларынан еріп аққан су төмен қарай зулатып жатыр. Мөлшері аз су болсада жер ананың төсінен із салып алған. Тау беткейінде жайылған биелер. Бие байлап қымыз сапырып отырған ауылға тап келгендейміз. Бір кездері бабаларымызда солай сары қымыздан сапырып отырып сіміріп талай жаудың мысын басқан шығар деп қиялға берілесің. Міне алдымызда Ұлытауға бастар бір аяқ жол жатыр. Аяққа ыңғайлы етіп тастардан баспалдақ жолдың құрылысын бастапты. Бізда сол бір аяқ жолмен жоғарылай түстік. Ұлытау аты естілсе болғаны әр қазақтың 62 тамыры иіп, жүрек дүрсілі лүпілдеп, кеуде соғары зандылық. Себебі  қазақ деген халықтың ұлт болып айрандай ұйып, ел болып елдігін еселеуі, қуатты мемлекет болып  мығымдала түсуі де осы ұлылығымызды ұлықтаған Ұлытаумен тығыз байланысты. Тарих тамыры тереңде жатқан қасиетті  қазақ үшін Ұлытау ерен-ерліктің, еселі- елдіктің ақ туын тіккен, қатпар-қатпар тау шоқыларына  ғасырлар бойы тарих ізі таңбаланған, бірлік бастауы берекенің мекені болып келеді. Бұл қарға тамырлы қаза баласының таразыланған тарихи ізі,  небір ғұламалардың жазып қалдырған жазба-естеліктерімен айқындала түсті. Ақиқат, болған, бола бермек. Өзгеше бітім болмысымен басқа таулардан   дараланып, әр бір тасы, әр бір бұтасы  өткен күндерден сыр ақтарып, шежірені шекпендей жая түскен, қасиеттілігімен қастерленіп, ұлылығымен  ұлықтанып, байтақ мекенді мойындатып тұрғандай. Тәңірі жаратқан құт мекен. Ұлытауға көтерілген сайын аудан орталығы алақандағыдай көрінеді. Міне шетсіз, шексіз, көз жетпес, менің елім, менің жерім, кие дарыған бақ қонған қасиетті мекен Қазақ елі қазақ жері. Арманымыз орындалар күнде алыс емес. Кеудемізді керіп тұрып салқын да сап ауамен тыныстап алдық. Ұлы Даланың кіндігі – Ұлытауға көреген қолбасшы Ақсақ Темір де ат басын тіреген. “Темір Ұлытауға келгенді алдымен сол тауға көтеріліп, ұшы-қиыры жоқ көк-жасыл жалпақ даланы рахаттана көзімен сүзіп, ұзақ тұрды. Содан соң әскеріне тас жинатып, бір тәуліктің ішінде ғаламат зор шоқы үйдірді. Бармағынан бал тамған шеберлер осындай салтанатты оқиғаның өткен күнін тас бетіне қашап жазып, ғасырлар бойы өшпейтін белгі қалдырды”, - деп жазады ұлы қолбасшының сарай тарихшысы Шарафадин Әли Йезди “ Темірдің жеңістері туралы жылнама” атты еңбегінде. XX ғасырдағы қазақ ғұламасы Қаныш Сәтбаев Ұлытаудағы Алтыншоқының басынан тапқан бұл тас сол заманның аса құнды жәдігері ретінде қазір Санкт-Петербургтегі  Эрмитажда сақтаулы тұр. (Сол белгі тасты қайтарып алыпғ орнына қояр күннің сәтін бергей деп тіледік жаратушыдан.) Онда Тұранның сұлтаны Темірдің жүз мың әскермен Тоқтамыс ханмен соғысуға бара жатып, Ұлытауға аялдағаны жайлы жазылған. Міне, осылайша Шарафадин Әли Йезди жазбаларындағы дерекке Сәтбаев тапқан тас бұлтартпас дәлел болды. Мынау сол киелі тас алынған төбе болса керекті. Алғашқыда көтерілу ауырлау сияқты көрінген. Бірақ киелі тау шоқысы жақындаған сайын күш қуат пайда болып, шаршағанымызды ұмытып кеттік. Таудың қасиеттілігі мен киелілігі осында шығар. Дегенімізге жеткен біздің қуанышымызда шек жоқ. Біздің экспедицияда бірнеше тастарды жиып, сол шоқыға қойып, үстіндегі қадаға ақтығымызды байладық. Салт бойынша үйілген тастарды ниет етіп 7 рет айналып шықтық. Елімізге құт береке, тыныштық, отбасыларымызға амандық, егемендігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын деп тілек тіледік. Осы бір сәтте Ұлытаудың ұшар басына шығуды арман еткен батыр бабаларымыздай, арманымызға жеткен бізден асқан бақытты жан жоқтай көрінді. Бұдан 2600 жылдай бұрын Кир патшаны женген ұлы – сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханымда осы Ұлытауды мекен еткен. Ұлы қолбасшы Шыңғыс хан Хорезм патшасының әскерін талқандаған 1223 жылы үлкен ұлы Жошыны жаулап алған қыпшақ даласын басқару үшін 4000 әскермен Ұлытауда қалдырады. Бала кезден көріп, тыңдап өскен Ақсақ құлан  күйіде осы Ұлытауда орындалған шығар. Сол күй сарыны әліде осы дала төсінде естілетіндей. Ұлытаудың сонау бір шоқысының басында бұл жалғанда бір-бірімен алысып, арпалысып өткен Едіге мен Тоқтамыс батырлар қатар жатыр. Қазақтың атасы, дана бабасы, жерұйықты іздеген Асанқайғының да қабірі осы Ұлытауда. Осындай тектілер мекен еткен киелі жерде тұрып жатқандығына  өскелең ұрпақ Әбдуәзіз інімізде мақтан етеді. Қазақтың соңғы ханы Кенесары елінің болашағы үшін атқа қонғанда ордасын Ұлытауға бекер тікпеген екен. Ұлытауға жетелеген құдіретті күш ол таудың ұшар басында қалған бабалар рухы, солар салған сара жол еді. Бізде сол сара жолды аңсап арманымызға жеттік. Ұлытаудың ұшар басында келер ұрпаққа белгі қалдырдық. Бүгінгі күнге жеткен көптеген аңыз-әпсаналар мен оқиғалар сол кезеңнің тарихи шындық іздері. Ол іздерді  қаншама оқиғалардың куәсі болған жолымызда кездескен мыңжылдық тарихы бар мына бір тасқа айналған ағашта дәлелдеп берері сөссіз. Келер ұрпақ санасына Ұлытауда тұрақтап қалған ата-бабаларымыздың елдік кескіні, ерлік істері сол қалпында жеткені абзал. Болашақ жастардың қолында. Сол жастар бабалар салған сара жолдың тізгінін уыстан шығармаған жағдайда ғана егеменді еліміздің болашағы кемелдене бермек. Сонда барып Ұлытау ұлтымыздың ұясы, сарқылмас қазынасы, тарих іздері толқынды теңіздей болып қала бермек. Ұлытау бізге ұлылығымен қымбат. Ұлытаудан төмендеп ауыл шетіне де іліктік. Бұдан өткен бақыт барма. Бұл мекенде қаншама адамға жұмыс табылары сөссіз. Іскер басшы Бақтияр ағамыздың жоспарлары іске асып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Ұлытаудың жиегі нағыз ішкі туризмге сұранып тұрған орын екен. Бишы қайындары, қатпарлы таулы тастары, тау жайылған табынды жылқылары, өзен бойын жағалай бірнеше киіз үйлер тігілсе, салт-дәстүрімізді салтанатты түрде шет елдіктермен бірге өз бауырларымызға да көрсетіп туризм саласын жандандыруға болады. Ол үшін бір екі жылдай қиын болар, ал бір қалыпқа түсіп жарналамаланып болған соң шаруаң дөңгеленіп кете барады. Өйткені біздей ұлы елдің өткені мен болашағына, тарихына, тағылымына, дәстүрі мен әдеп-ғұрыпына қызықпайтын шет елдік кемде кем бұл күнде. 2017 жыл ЭКСПО жылына орай күн өткен сайын елімізге ағылып жатқан туристер қаншама. Оларға не көрсетеміз деп жүрген нешеме турфирмалар бар. Міне нағыз туристік нысан. 1-7 күнге дейін Ұлытауды ұлықтатуға болады. Мемлекет тарапынан сәл ғана серпін берілсе болғаны. Ұлытауда туризм саласын дамытуға баршамыз ат салысқанымыз абзал болмақ. Олай етпесек  болашақ ұрпақ алдында кешірілмес қателік болмақ. Көлігімізге отырып Бақтияр Сапарбекұлының үйінде жайылған ақ дастарханнан дәм татпақпыз. Жол-жөнекей тоқтап Асанқайғы бабамыздың еңселі ескерткішін тамашаламақ болдық. Қуаныш орнына өкініш өзегімізді өртеді. Жоғары көтерілер баспалдақтардың жан-жағына орнатылған жарық беретін шамдар сынып, шашылып жатыр. Ол аз болғандай баба кесенесіне аты-жөні жазылған бір жапырақ тақтада орнатылмапты. Асанқайғының ескерткіші деп айтпаса, мұны Төлеби, Құрманғазы бабамызба  деп шатасуында мүмкін. Ескерткіш етегіндегі мәр-мәр тастарда ұстағанның уысында кете барыпты. Қайран баба келер ұрпағын үшін ел кезіп жерұйық іздеп, күн-түн сарылып, сары даланың төсінен, Ұлытаудың төрінен орын бергенімен, бір жапырақ тақтайша бұйырмағаны үшін ұрпағын сенен тағзым етіп кешірім сұрар күн туар ма екен. Ішкі дүнием алай-дүлей күй кешіп, жергілікті әкім қараларға деген ренішімді арқалап кете бардым. Әттен қу дүние.

Сыздық Ерлан-Тұран телеарнасы.

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

20 Октября 2017 09:10

Или- Балхашская регата

20 Октября 2017 10:00

NOMAD EXPLORER: Тайны Устюрта 1серия (рус)

20 Октября 2017 10:30

Водохранилище Бадам. Чемпионат РК среди юниоров по байдарке

20 Октября 2017 11:00

Инфотур город Туркестан

20 Октября 2017 11:30

Ясауи 850 жыл

20 Октября 2017 12:00

ГНПП: Отырар орманы 2 часть

20 Октября 2017 12:20

Инфотур город Шымкент

20 Октября 2017 12:40

Рыболовный форум

20 Октября 2017 14:10

ГНПП: Отырар орманы 3 часть

20 Октября 2017 14:30

Дело вкуса: Шашлык из сома

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram