Тектіден текті туар немесе Бегім ана жайлы аңыз.

18 Мая 2015 0 1959

Оттан түспей бұрқ-сарқ қайнап қазаның,
Тарқамаған қыз-қыз қайнап базарың.
Оғыздарға орда болған Жанкенттің,
Жан сырына қанықтыршы, Қазалым.деп Нұрперзент Домбай ақын жырлаған мекен бұл. Қазақ даласында өткен күннің белгісіндей болып тұрған көне ескерткіштер мен киелі мекендер, әулиелі орындар жетерлік. Мұндай орындар Қазалы өңірінде де баршылық. Заман озды, адам өзгерді, діни наным-сенімге деген көзқараста басқаша. Ал сол ескерткіштер мен киелі мекендер, әулие кесенелері мен мешіт-медресе үйлері ғасырлар тауқыметіне төтеп беріп, бізге дейін жетті. Енді олар өткеннен қалған бір белгі емес, біздің ата-бабаларымыздың қолымен тұрғызылған сәулет ескерткіштері, тарихи мұра, өшпес тарих, сарқылмас қазына. Талай тар замандарды, талқы кезеңдерді, жан алысып, жан беріскен жаугершілікті бастан кешірген көптеген шаһарлар сырын бүккен күйі топырақ үйіндісіне айналып кетті емес пе? Қазалы өңіріндегі Жанкент қаласы да осындай көне «жұмбақ» қаланың бірі саналады. Осындай жұмбағы шешілмеген, құпиясы ақтарылмаған, кезінде Жібек жолы бойындағы атағы жер жарып, талай елдің мысын басқан, көргенге керемет, көрмегенге арман болған қалада дана баба, абыз баба Қорқыт дүние есігін ашқан екен.

Қорқыт туылған кезінде

Қара аспанды су алған.

Қара жерді құм алған

Ол туарда ел қорқып

Туылған соң қуанған !

деген ел ауызында сөз қалған содан бері. Осындай абыз баба дүниеге келген қалада Бегім анадай текті ана өмір сүріпті. Бегім ана туралы аңыз-әңгіменің бірінде: Селжұқ  ханы Санжардың әйелі Бегім ана Қарабураның қызы еді. Қарабура бабамызда екі қыз болған . Бірі осы Бегім ана, екіншісі көрші ел Өзбек ағайындар жерінде, Ташкент қаласынан 18 шақырым жердегі Зеңгі ата ауданында жерленген. Аты айтып тұрғандай Анбар ана алғашында Қ.А.Ясауи бабамыздың шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың жары болған, кейін Сүлеймен өмірден озарда шәкірті Зеңгі бабаға Анбар ана тұрмысқа шығатыны жайлы айтып кеткен дейді ел аузындағы аңыздарда. Міне сол Анбар ана  Зеңгі баба жерленген кесене жанында жамбасы жерге тиген, басына зәулім кесене тұрғызылған. IX-ғасырдың тұсында түріктер көтеріле көшіп, Каспий теңізінің төңірегіне қоныстанып, Селжұқ мемлекетін құрады. Бұл мемлекет тез арада күшейеді. Сосын Қорасан патшалығына шабуыл жасап, оны күшпен басып алады. Сол кездегі билеуші Мәлік шаһ өлген соң оның орнына баласы Санжар отырады. Санжар астанасын Қорасаннан көшіріп, Сыр бойына, Жанкентке орналастырады да, бұл шаһарды мықты бекініске айналдырады. Ол аң аулап, сейіл құрғанды жақсы көреді екен. Сөйтіп жүріп Созақтың маңайында өмір сүрген Қарабура әулиенің қызы Бегімге үйленеді. Бегім жаратылысынан ақылына көркі сай, парасаты мол қыз болып өседі. Санжарды табындырған  да оның осындай сан қырлы қасиеттері болса керек. Үйленгеннен кейін Санжар бұрынғы әдетімен саятқа нөкерлерін ертіп, Қаратауға аңға шығады. Дарияға келіп, ыспа қайықпен өтерде қанжарын үйге қалдырғанын есіне алып, құлын шұғыл түрде үйіне жұмсайды. «Ханым, Ханның қанжарын тез алып берсеңіз, кідіруге мұрсат жоқ»-деді ол үй сыртынан. Ханым жабықтан қанжарды ұсынған кезде. Оның мүсіндей аппақ білегін көріп, құл сол жерде талып қалады. Бегім мұны білмейді. Біраздан соң есін жиған құл атына міне сала дарияға қайта шабады. Келсе хан қаһарына мініп, шаншылып тұр екен. Тақсыр, қасық қанымды қия көріңіз. Менің кешіккен себебім-ханымға қатысты еді, қанжарды жабықтан беріп тұрып, оны алайын деп қолымды ұсына бергенімде білегімнен ұстап жібермеді. Содан қолымды босата алмай кешігуге себеп болды,-деп өтірікті судай ағызады. Бұл сөзге имандай сенген Санжар хан сапарын тоқтатып, кейін қайтады. Істің ақ-қарасын тексермей, күнәсіз Бегім сұлудың оң қолын, оң бұрымын кесіп  зынданға салады. Келесі күні түнде Қарабура әулие қызының түсіне кіріп, былай дейді:-Балам бұлтартпай шыныңды айтшы, ақпысың әлде қарамысың? Ақ болсаң, Аллам жәрдем беріп, жараңды жазар, қара болсаң қарғар, тек турасын айт!-депті. Сонда Бегім жылап тұрып әкесіне:

-Әкежан, құдай атымен сіздің алдыңызда ант етемін. Егер Санжарға қиянат жасасам тәңірі атсын, өмірімді қысқартсын. Ақпын, Әке,-деп зар еңірейді. Осыдан кейін Қарабура Санжардың да түсіне енеді.

-Сен де бір балам едің. Егер менің қызым арам болып, саған қиянат істесе, келесі күні сол бұрымы кесілген күйде мүгедек болып қалсын. Қызымның ақ пен қарасын тексермей жаза қолданғанда бір ауыз әділ сөзін айтпаған шаһарыңды тірі адам қалдырмай жылан жұтсын?-деп қарғап батасын береді. Осы түсті көрген соң Санжар қатты шошынып, күні бойы ойланады. Үшінші күні таң атқан соң хан зынданға нөкерін жібереді.

«Тез барып көріп кел. Ханым не күйде жатыр екен?»-деп тапсырады. Жіберген адамы барса Бегім ана баяғы сау қалпында отыр екен. Нөкері көргенін ханға келіп айтады. Содан бастап ханды үрей билейді. Кеш болады. Хан кеңесшілерімен отырғанда іңір уақытысында аспаннан бір мес шаһардың ортасына түсіп жарылады. Местің іші тола жылан. Сол мезетте қаланы жылан жайлап, сыртқа тірі жанды шығармай, шағып өлтіреді. Сонымен жайнап тұрған Жанкент шаһары Санжар сияқты қатыгез ханның кесірінен қас пен көздің арасында опат болады. Алладан тілеп  еразаматынан көрген қорлығына шыдас  бермеген  Бегім ана періште болып ұшып кеткен екен дейді аңыз желісі. Аңыз түбі ақиқат дейді дана халқымыз. Сол үйіндіге айналған Жанкент қаласын көзбен көрудіңде сәтін салды бұл сапарда. Өркен ауылынан 3-4 шақырым жердегі қаланы алыстан көруге болады. Себебі Сауран қамалы іспеттес мұныңда қам кесектен тұрғызылған дуал қабырғалары алыстан көзге байқалады. Бір кездері елді дүрліктіріп, үрейін қашырып дүние есігін ашқан дана баба Қорқыттың бала күнінде асыр салып ойнаған төмпешіктері де бүгінде жел мен жауынға төтеп бере алмай жермен жексен болған шығар. Жылан жалмаған қалаға әлі күнге дейін жаз айының аптапты ыстығы келер тұста шығыс жақ беткейдегі сулы шалшықты беткейден қалаға қарай жылжыған сансыз жылан іздерін көруге болады екен.  Ауыл тұрғындарының сол жайды бақылап жүрген жайы бар екен. Қала қорғандары сан ғасырлық тарих құпиясын, қаншама батырлар мен хандардың тыныс тіршілігін бойына жасырып, қанқұйлы оқиғалардың куәсі болды. Сол толыққанды зерттеліп ел игілігіне баға жетпес қазына болатын мұраларды зерттеп өскелең ұрпаққа аманаттау жүгі бүгінгі күннің білімге құштар жастарына ауыр жүк болмақ. Өйткені бұл әлем мойындаған Қазақ деген елдің тарихы,баға жетпес мұрасы. 

Сыздық Ерлан-Тұран телеарнасы. 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Қатонқарағай-3 бөлім.

«Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркінің шығысында орналасқан «Өрел» орманшылығына да келіп жеттік. Орман өмірі – кім - кімді де бей жай қалдырмасы анық. Жаныңа қуаныш сыйлап бақытқа бөлейді

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

28 Апреля 2017 17:45

Клевый берег

28 Апреля 2017 18:00

Трофеи Авалона

28 Апреля 2017 18:30

Мой Казахстан

28 Апреля 2017 19:05

Сезон охоты

28 Апреля 2017 19:50

Живая книга

28 Апреля 2017 20:00

Символ озера Маркаколь и человек

28 Апреля 2017 20:30

Рыбалка в водоемах Казахстана

28 Апреля 2017 20:45

Дела клубные

28 Апреля 2017 21:15

Встречи в рыбацкой деревне

28 Апреля 2017 21:50

Экстрим плюс

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram