Ескерткіштер еліміздің ертеңі.

18 Мая 2015 0 2873

        Әр жердің шығу тарихына байланысты әр түрлі аңыз әңгімелер көп. Әрине олардың барлығы тарихи оқиғалармен тарихи түлғалармен сабақтасып жататыны сөзсіз.  Бәйдібек ауданы да қай заманда да қол бастаған батырларымен , сөз бастаған билерімен, қасиет дарыған әулиелерімен, суырып салма ақын - жазушыларымен әйгілі.

Тек қана ғұламаларымен ғана емес сонымен қатар кереметі мол тарихи орындарыменде мақтана алады.  Аудан  аумағында археологиялық  архитектуралық  101-ден астам  тарихи ескерткіш бар, соның ішінде Аппақ-Ишан мешіт медресесінің алар орны бөлек.

      Түркістан қаласынан ағайынды ишандар Қосым және Құлатай деген арапша көп оқыған, ислам діні жөнінде жеткілікті білімі бар  кісілер   Шаян ауылына келеді (Бәйдібек ауданының орталығы). Олардың мақсаты қарапайым қазақ балаларының сауатын ашып, Ислам діні арқылы  қалың елді сабырлыққа шақырып, имандылыққа ұйыту болатын.

      Алғашқы кезде олар көптің көмегімен  асарлатып осы мешіттің орнына қам кірпіштен шағын ғана мешіт тұрғызады. Шаян ауылынан  мешіт медресе ашылғанын естіген халық, жан-жақтан  ағыла бастайды.  Шағын мешітте шәкірт тәрбиелеу үшін кең бөлмелер ұажет болғандықтан, Қосым ишанның  баласы Сейдахмет патша ағзамның шенеуніктеріне қайта-қайта барып жүріп, күйдірілген қыштан мешіт медресе тұрғызуға  150 рубль орыс ақшасын бөлдіріп, рұқсат алады. Алғашқы жобада 40 құжыра салу жоспарланған болатын, қаржының жетіспеуіне байланысты 29 құжыра ғана салынған. Бірақ 29 құжырадан бөлек дәрісхана мен азанхана құрылыстарын салу да  қоса  жүргізілген. Мешіт-медресенің үш комплексті құрылысы бірнеше жылдарға созылған. Сонымен, Шаян ауылындағы Мешіт-медресені Қосым баба бастап, баласы Сейдахмет жалғастырып, немересі Аппақ ишан аяқтайды. Мешіт, Дәрісхана, Құжыралар бірінен-бірі бөлек салына отырып барлығы тұйық төрт бұрышты бір алаңға жинақталған. Сөйтіп мұнда стилистикалық бірлік сақталған. Мешіт-медресенің құрылысына ағаш материалдары қолданылмаған. Кумбездер Европалық үлгідегі күйдірілген қыштардан өріліп шыққан. Мешіт және айван бөлігі аркалар арқылы бөлініп 35 күмбез жасалынған.Бұл күмбездер уақытында дыбыс күшейткіш  міндетін  атқарған. Күмбездерді қай жағынан қарасада бірінен бірі биік, сатыланып жасалынған. Бас күмбез алыстан көз тартып ерекше сән беріп тұр. Оның биіктігі 11метр 50 сантиметр. Медресе құрылысы  50х50 метр төрт бұрышты етіп соғылған. Күйдірілген қыштан көз тартарлықтай өрнектеліп өрілуі тарихи ескерткішке әлі осы  уақытқа дейін архитектуралық сән беріп тұр. Мешіт-медресе комплексінің  Оңтүстік және Солтүстік жақтарынан ішінен төбеге шығатын екі саты есік жасалынған. Құжыралардың (бөлмелердің)  бәрі дерлік «П» әріпі іспетті етіп орналастырылған. Бұл бөлмелердің көлденеңі 3,5 метр, ұзындығы 6 метр жалпы аумағы  18 шаршы метр. Бөлменің биіктігінің үштен бір бөлігіне (төбесіне) ағаштан сәкі жасалынған. Ол сәкілер шәкірттер жатып  ұйықтайтын кереует міндетін атқарған.

      Шаяндағы Аппақ ишан мешіт-медресесі өз заманында Қазақстан бойынша ең  ірі оқу  орындарының бірі болған.

     Біздің қоғамда халықты имандылыққа тәрбиелеп, дін мәдениетін басты құндылықтардың бірі ретінде санаға сіңіруге имам, ишандардың атқарған ролі зор.Тарихымыздан алар орны да ерекше. Шаян өңірінде, оның алыс-жақын маңайындағы елдерде ұлттық дәстүрдің, мұсылманшылық әдет-ғұрыптардың сақталуына сол кездерде ірге көтеріп, үлкен оқу орны болған Аппақ ишан мешіт-медресесінің ықпалы мол болғандығы сөзсіз. Басқаны айтпағанда, бізге жеткен деректер бойынша мешіт-медресенің бай кітапханасында араб, парсы тілдерінде көптеген құнды рухани дүниелер жинақталғандығының өзі біраз жағдайлардан хабар берсе керек. Демек, Шаян өңірі оқу мен білімнің де ертедегі ордасы болған десек қателеспейміз. Бұл медресенің оқуы терең болмаса, атақты шайыр ақын Шәді төре Жәңгіров, ақын Манат қыз сияқты бүкіл халқымыздың мақтаныштарына айналған азаматтары білім нәрімен сусындау үшін дәл осы Аппақ ишан мешіт-медресесіне ат басын бұрмас еді. Кеңес үкіметінің кері саясатынан 1928-1930  жылдары дін қызметкерлерін, әсіресе  ишандар әулеті қуғын-сүргінге ұшырады. Сол кезде Қазақстандағы ең ірі, беделді, әрі белгілі  Шаяндағы мешіт медреседегі Сейдахметовтер отбасы да қудаланып, мешіт- медресе жабылады.   Содан 1934-37  жылдар аралығында қазақша   мектеп болып ашылып, кейін жаңа жайға көшірілген. Бірнеше жылдар тарихи ескерткіш мүлдем қараусыз қалған. Ауыл қарияларының айтуынша 1950 жылдары мешіт –медресенің бөлмелеріне аудан мекемелерінің кеңсесі, қойма, банк, түрме жайлары орналасқан.  1961 жылы аудан тарағаннан кейін медресе  тағы да қараусыз қалып, бұзылып  қирауға шақ қалған кезде, 1970 жылдары мәдени тарихи ескерткіштерді қорғау жөнінде заң шығады. Шыққан заңға сәйкес мешіт-медресе мемлекет қарауына өтеді де, 1975 жылдан бастап ҚазССР Министрлер Кеңесінің  қаулысымен қайта қалпына  келтіру  жұмыстары  басталады. Қайта қалпына келтіру жұмыстарын «Алматы қайта қалпына келтіру шеберханасы» жүргізеді. Екі  рет  ірі қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілседе, өкінішке орай қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқсыз қалған. Аппақ  Ишан  мешіт  медресесін  сақтап  қалу үшін қазақтың бірегей азаматы, этнограф, қоғам  қайраткері, сол кезде Мәдениет    министрінің   орынбасары міндетін атқарған   Өзбекәлі    Жәнібековтің    ықпалымен Шаян  мешіт  медресе  тарихи сәулет кешенінде «Қазақ халқының   ұлттық  қолөнері   кілем   және    кілемнен  жасалынған  бұйымдар мұражайы»  деп  1982  жылы  ашылады. Мұражайды  ашу   Өзбекәлі   Жәнібековтің     Бәйдібек  ауданы   үшін   істеген   үлкен   еңбегі   еді.  Мешіт   медресенің    қайта     қалпына   келтіру   жұмыстарын   сапалы  жасалуын, мұражайға экспонаттар   жинауын  өзі жіті  қадағалап  отырды.

      Ол  кісі  Оңтүстікке   іс-сапарға   келгенде    міндетті   түрде  Шаянға     келіп   жұмыс   барысын   біліп  тұратын. Осындай   бір келісінде  аудан  басшыларына – «Жол   жөнекей  көрдім  жайқалған   егіндеріңді, отар-отар малдарыңды, бай  екенсіңдер,   бірақ  негізгі  байлық       елдеріңді     жерлеріңді     әлемге     танытатын    мына        жөнделіп    жатқан    мешіт –  медресе  мен  ашылған   мұражайларың болады»- деген болатын.  2000 жылы мәдениет жылына орай сол кездегі Бәйдібек аудан әкімі Ж.Байғоновтың бастамасымен қайта қалпына келтіру  жұмыстары қолға алынады. Бұл жұмыстарды атқаруға барлық мекемелер мен ауыл тұрғындары белсене атсалысты. Бөлмелердің барлығын мекемелер, ауласын ауыл тұрғындарының  көмегімен асарлатып қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. 2001 жылы бөлмелерді бітіргеннен кейін, осы жылдың  мамыр айында  Әділет басқармасынан тіркеуден өтіп    Мемлекеттік Қазыналық Коммуналдық Кәсіпорны « Бәйдібек аудандық сәулет-көркем мұражайы» болып ашылды. 2001 жылы желтоқсан айында салтанаты түрде ашылуы  болды.    2002 жылы  айван  бөлігі қайта қалпына келтірілді.

      Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  пәрменімен  қабылданған Мемлекеттік «Мәдени  мұра» бағдарламасының  арқасында  елдің   елдігін  таныту, атадан  балаға жалғасқан  сан  ғасырлық  бай     тарихы    бар   халық  даналығын, асыл   қазыналарымызды   зерделеп,  келешек  ұрпаққа   жеткізу үшңн мол мүмкңндңк туды. «Мәдени мұра» бағдарламасына байланысты  2006 жылдан бастап  облыстық мәдениет басқармасының құзырына  өтті. Аппақ ишан мешіт-медресесін 2007  жылдың сәуір айынан бастап, «Мемлекеттік жөндеу және қайта қалпына келтіру» басқармасының Түркістандағы филиалы, күрделі  жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жөндеу жұмыстары үш жылға жоспарланған болатын, жұмыстың аяқталмауына байланысты  тағы да бір жылға созылды. Сонымен 2010 жылы жөндеу жұмыстары аяқталды.    Ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұраларды қөздің қарашығындай сақтап, жанашырлық пен жауапкершілікпен қарап, насихаттап, өскелең ұрпақтың еншісіне жеткізу мұражай қызметкерлерінің басты міндеті болып қала бермек.

     Бәйдібек аудандық сәулет-көркем мұражайының

     Бас қор сақтаушысы –Ботабаева Фарида.

     Сыздық Ерлан-Тұран телеарнасы.              



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

29 Июня 2017 08:10

Авантуризм

29 Июня 2017 08:45

Люди Х

29 Июня 2017 08:55

Рыбалка в водоемах Казахстана

29 Июня 2017 09:20

Экспедиция NOMAD EXPLORER:Тайны Устюрта 3 серия

29 Июня 2017 09:40

Беркутчи

29 Июня 2017 09:50

Морская рыбалка

29 Июня 2017 10:50

ГНПП: Қатонқарағай 2 бөлім

29 Июня 2017 11:30

Трофеи Авалона

29 Июня 2017 12:00

Простые радости

29 Июня 2017 12:30

Дневник федерации

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram