Инфотур- Байқоңыр.

18 Мая 2015 0 1211

Ішкі Туризм Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ететін ауқымды сала. Бұл сала арқылы кейбір елдер қазба байлықтарға қарағанда көп пайда табуда.  Сол себептіде бұл саланың қарқынды дамуы арқылы ел әлеуетінің артатыны анық. Осы орайда Қызылорда облысында өзінің тарихи орындары мен әлемде теңдесі жоқ туристік нысандарын ақпараттық насихаттау барысында 28-29 сәуір аралығында  облыстық туризм басқармасының ұйымдастыруымен «5-ші Байқоныр инвестициялық форумы» өтті. Бұл жиынға Қазақстандық туристік агенттіктер, туроператорлар, баспасөз ақпарат құралдары, телеарнаналармен  бірге шет елдік  Италия, Германия, Финляндия мен Гонконгтан келген тур фирмалар  және туризм саласының мамандары қатысты.

Тарихы.

 Ақмешіт 1820 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды. 1847 жылдан бастап патшалық Ресей Сыр жағалауы мен Аралды өз империясына қосу саясатын бастауына орай 1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтардан қаланы тартып алады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. 1867 жылы Түркістан генерал-губернаторлығы құрылған кезде осы қамал болыс орталығы болып, қала мәртебесін алды. Бастауыш мектептер ашылды, кірпіш зауыты, жел диірмендері, шеберханалар мен дүкендер жұмыс істей бастады. Қалада мешіттермен қатар шіркеулер де жұмыс жасады. Солардың бірі Айтбай мешіті. 1917 жылдың 30 қазан айында Перовскіде Кеңес билігі орнаған соң араға 5 жыл уақыт салып  1922 жылы қала қайтадан Ақмешіт деп аталды. 1930-1940-жылдары аймақтың және қаланың халық саны КСРО-ның басқа бөліктерінен келгендердің: саяси қуғындардың, Белорусия мен Батыс Украинадан поляктардан,немістер мен кәрістердің, Қырым мен Солтүстік Кавказ  халықтарыны Фащистік Германия жаулап алған аймақтардан эвакуацияланғандар есебінен едәуір артты. 1938 жылдың 15 қайтарында Қызылорда облысы құрылып, Қызылорда қаласына облыс орталығының дәрежесі берілді.

Қазақ деген ақ дастарханын жайған қонақ жай халық.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев инфотур мен форумға қатысушыларға жемісті еңбек  тілеп, форумнан және облыс аумағын аралаудан ерекше әсер алуды тіледі. Сыр елі жыр елі. Күмбірлеген күй мен қобыз сарыны, қазақтың кең пейіл ақ дастарханы кештің ажарын аша түсті. Айдай сұлу қазақтың арулары ортағы шығып бұлбұлдай әсем дауыстарымен қонақтарды тамсандырып жатыр. Қазақтың әнін әуелеткен кеш болды. Дастархан дәміде тіл үйіріп барады. Бал-бұл жанған қонақтардың жүздері.  Қазақ елін мұндай деп ойламаса керекті.

Орындалған арман.

Байқоңыр ғарыш айлағы әлемдік косманавтиканың алтын бесігі іспеттес. Осы ғарыш айлағынан қаншама жер серіктері мен жануарлар мінген ұшу құралдары және алғаш болып адам ұшқаны жайлы жер шарының әр-бір тұрғыны  жақсы біледі.  Юрий Гагарин есімі Қазақ жері, Қызылорда елі, Байқоңыр ғарыш айлағымен тығыз байланыста. Қазақстан мен Ресей елі арасындағы келісім шартқа байланысты Байқоңыр ғарыш айлағы 2050 жылға дейін жалға берілген. Сондада болса туроператорладың Роскосмоспен келісімі арқасында  шет елден келген туристерге  ұшу айлағында болып өз көздерімен көрудің зор мүмкіндігі бар. Бар-жоғы бірнеше минутқа ғана созылатын шараны көзбен көргенге не жетсін. Зулаған көліктер, Қаптаған туристер мен тамашалаушылар. Гүрілдеген ғарыш кемесі. Лаулаған қызыл от. Бір мезетте көкке көтерілген кеме. Жарқыраған жұлдыздай зулатып төбемізден өте шықты. Шулаған туристер. Қол соғып сәттілік тілеуде. Осы бақытты сәт үшін алтын уақытты бөліп, мыңдаған шақырымды артта қалдырып Қазақ жеріне, Қазақ еліне Байқоңыр ғарыш айлағына келуге болады. Қуанышты сәт. Қайталанбас бір мезет.

Форум.

Туризмды дамыту Қызылорда өңірі үшін қаншалықты маңызды екенін өңір басшылары жақсы біледі. 5-ші Байқоныр форумындағы бұл жолғы тақырып Қызылорда облысының жаңа инвестициялық стратегиясы болатын. Облыс басшылығы  өңірге қаржы салатын кәсіпкерлерді Байқоңыр ғарыш айлағы Ресей мемлекетіне жалға берілгенімен Қазақстан заңдылығында қалатындығын ескере отырып қаржы салудан  қорқпауға шақырды. Шет елдік туристерге жағдай жасау үшін инфрақұрылым саласын жақсарту керектігіде айтылды. Бұл үшін қомақты қаржы жұмсалмақ. Тек қаржы мәслесі ғана емес сонымен қатар ғарыш айлағына туристер мен бірге Қазақстандық туристердің де емін-еркін кіріп шығуы үшін құжжат жағы  жылдам реттелетіндігі де сөз болды. Жоғары сапалы қызмет түрлері мен қонақ үйлер, автокөлік және тамақпен қамтамасыз ету, әрі туристік бағдарламалар нақтыланатындығыда айтылды. Өйткені болмашы ғана бағдарламалық қателік үлкен шығынға алып келетіні рас, сол себептіде әр-бір турист үшін жан-жақты жағдай жасалуы басты назарда болмақ. Сол арқылы қомақты табыс тауып елдің әлеуметтік саласын арттыра түспек. Форумның басты мақсаты осы болатын. Форум барысында Қызылорда өңірі тек Байқоңыр ғарыш айлағымен ғана емес, сонымен қатар ұлттық қорықтармен саябақтарды да туристерге таныстыруды қолға алғандығын айтып өтті. Сөз кезегі келгенде, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің профессоры Блісбекұлы Орденбек Мазбаев пен экономика ғылымдарының кандидаты «Менеджемент» кафедрасының ұстазы Тілеубердиева Салтанат Сүлейменқызыда өз ойларын ортаға салса,  «Барса келмес» мемлекеттік табиғи қорығының директоры Зәуреш Әлімбетова мен «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Бейбіт Мошқалов мырза да парктермен қорықтар мүмкіндігімен таныстырып өтті. Бұл тақырып шет елдік әріптестер жағынан қызығушылық танытып жатты.

Дана Қорқыт баба.

Өмірде арманым жоқ-Қорқытқа ерсем,

Қорқыттай жанды жаспен жуа білсем.

Жас төгіп, сұм өмірде зарлап-сарнап,

Құшақтап қобызымды көрге кірсем!..

      деп ақын Мағжан Жұмабаев жырға қосқан Қорқыт бабамызғой бұл.

Қазақ елінің тарихы тереңде жатыр. Әр-бір ел өзінің ата-бабаларының салған сара жолы, жыр-дастаны мен аңыз-әпсанасын, батырларын айтып мақтанады. Қызылорда өңірінде де сондай мақтануға тұрарлық абыз баба күй атасы  Қорқыт ата мекен еткен. Ерте заманда сыр өңірін мекендеген Оғыз қыпшақ тайпасының арасында дүниеге келіп, көреген көсемі,сөз бастар шешені атанған Қорқыт баба бүкіл түркі тілдес халықтарына ортақ тұлға. Қорқыт бабамыз атақты жырау, қыл қобыздың атасы, асқан күйші, ойшыл, келер күнді болжайтын бақсы болған. Жазба ескерткіштердегі деректер бойынша , Қорқыт Сыр бойында  (VII-VIIIғғ) VIII-IXғғ дүниеге келіп , 95 (аңыз бойынша 295) жыл дарияның төменгі жағындағы Жаңакент қаласында өмір сүрген делінеді. Қорқыт бабамыздың кіндік қаны тамған жері Қараспан тауы дейді. Ол дүние есігін ашарда анасы құлан етіне жерік болыпты. Қорқыт бабаны анасы құрсағында 3 жыл 9 күн көтеріпті. Дүниеге келер алдында анасы алты күн толғатып жетінші күні дүние есігін ашыпты. Бірақ дүниені үлей-дүлей шаң басып қара түнек болып елді қорқытып келіпті.

Қорқыт туылған кезінде

Қара аспанды су алған.

Қара жерді құм алған

Ол туарда ел қорқып

Туылған соң қуанған !

деген ел ауызында өлеі шумақтары қалған. Қорқыт туылысымен жел тынып, бұлт ыдырап, күн шығып, дүние тіршілік жайма-шуақ күйге еніпті. Ел мұны жақсы ырымға балап: «Бұл бала бізді қорқытып дүние есігін ашты, есімі Қорқыт болсын!» деп атын қойыпты. Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыттың әкесі Қарабақсы (Қарақожа) сыр бойын мекендеген оғыздардың Баят руынан шыққан, ал анасы Торғай өлкесіндегі Аят және Тобыл өзендерінің бойын мекендеген қыпшақ елінен. Сондықтан Қорқыт оғыз бен қыпшақтардың арасында бірдей ел ағасы, түркі тайпаларының кемеңгер ойшылы. Ол тарихта белгілі Иналхан, Көл-Еркен, Қаңлықожа атты хандардың тұсында уәзірлік қызмет атқарған. Қорқыт баба монументі  жоғарыдан қарағанда құбылаға қарап жатқан қобыз іспеттес болып жасалыныпты. Екі ғимарат мұражай мен қонақжай, қобыздың екі құлақшасы. Ескерткішке көтерілер баспалдақтары ішегі, ал ортада орналасқан көк қошқар мүсіні тиегі. Арка ысқышын бейнелейді екен. Тіп-тік төрт  қызылтастан тұратын ескерткіштің биіктігі-8 метр. Жоғарғы жағына төрт бағытта аузы кең метал түтіктер орнатылған. Сол түтіктер арқылы соғылған желдің әсерінен ойыққа келіп түйісетін метал 40 түтікше арқылы  қобыз үніне ұқсас дыбыс шығарады екен. Орталықта орналасқан амфитеатр дыбыстық акустикасы өте жоғары, төменнен дыбыстаған адамның даусы ешқандай техникасыз жоғарғы қарай анық естіледі. 1300 адам сиятын амфитеатрда  түрлі концерттермен конференциялар өткізіліп тұратын етіп істепті. Төрт қобыз дүниенің төрт бұрышына қарап тұр, яғни бабамыздың өлімсіз өмір іздеп дүниенің төрт бұрышын шарлағанын меңзейді. Ерекше әсер қалдырар киелі мекен. Болғанда арманда болмағанда арманда.

Менің нағашым.

Көненің көзі асылдың сынығы болған ұлағатты ұстаз, сыры ақтарылмаған тағылымды тарихшы, Сыр өңірінің тумасы, суырып салма ақын  Қалқұл Есмағанбетұлы. Бала кезімде мектеп оқушылары мен студенттерді үлкен автобустарда Түркістанға алып келетін. Ол кезде баламын, үйге сыймай жатқаны. Сонда балаша ашуланып неге осыншама адамды ертіп жүр, не бар Түркістанда дейтінмін. Мән бермей түсіне бермейтін кез екен. Сөйтсем тарихы терең көне қаланы, Ясауи кесенесін  көру өзгелер үшін арман екен. Бізге не есік алдында тұр. Қолда бардың қадіріне жете алмаған кез екен. Уақыт өте келе түсіндім, менің қазіргі істеп жүрген жұмысымды нағашым 30 жыл бұрын бастап кеткен екен. Мағанда қазіргі кезде неге ел аралап жүрсін дейтін адам көп. Не бар сонша шаршап шалдығып ары бері жүре бергенде дейтіндерде аз емес. Ия «Үйдің жақсысы ағашынан, жиеннің жақсысы нағашыдан» деген сөз осындайда айтылған шығар. Байқоңыр форумына да барудың бірден-бір себебі осы болар. Бұл сапарымды  нағашымнан қалған аманат деп түсіндім.

Демеуші.

Сапар шығынын Алматылық  «Арнай-турс» туроператорлық компаниясы көтерді. Басшысы туризм саласының майталманы, Қазақстанның ішкі туризм саласын дамытуда зор үлес қосып жүрген қазақтың рухты қыздарының бірі Жанат Бокишева  ханым. Қашанда ашық жарқын мінезімен туристердің көңілінен шыға білетін өткір ойлы, алға қойған ұстанымы берік білікті басшы. Компания жұмысына сәттілік тілеп алғысымызды білдіреміз.

Қорыта айтқанда.

Сыр елі қашанда Қазақ елінің мақтанышы бола білген өңір. Елі үшін ерен еңбек еткен қаншама аптал азаматтар  мекені.  Еліміздің ертеңі үшін тер төккен, болашақ ұрпақ үшін өшпес із қалдырып, үлгі өнеге боларлық азаматтары қаншама. Елді имандылыққа шақырған Ораз бен Қалжан ахундар, жыраулар, қобыз атасы Қорқыт, ақын Әбділдә Тәжібаев, Халық әртісі Сабира Майқанова. Көк байрағымызды көкте желбіреткен зілтемірші олимпиаданың екі дүркін жеңімпазы төрт мәрте әлем чемпионы Илья Ильин, велоспорттан әлем чемпионы Марат Сатыбалдиев сынды біртуылар азаматтар дүниеге келген құт мекен ақ дастарханымен де, тарихи мұраларыменде, көз жетпес  шексіз даласыменде, ғарыш айлағыменде әлі талай туристерді таң қалдырары сөссіз деген ойдамыз. Қызылорда облыстық туризм басқармасының бас маманы Рза Бекзат Шакимұратқызы, басқарма басшысының міндетін ақтарушы Датқабекова Құрманкүл Төлепбергенқызына, «Оазис-Травел» турфирмасына жиынның жоғары денгейде өткеніне алғысымызды білдіреміз.

Сыздық Ерлан-Тұран телеарнасы.



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Қатонқарағай-3 бөлім.

«Қатонқарағай» ұлттық мемлекеттік паркінің шығысында орналасқан «Өрел» орманшылығына да келіп жеттік. Орман өмірі – кім - кімді де бей жай қалдырмасы анық. Жаныңа қуаныш сыйлап бақытқа бөлейді

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

28 Апреля 2017 17:45

Клевый берег

28 Апреля 2017 18:00

Трофеи Авалона

28 Апреля 2017 18:30

Мой Казахстан

28 Апреля 2017 19:05

Сезон охоты

28 Апреля 2017 19:50

Живая книга

28 Апреля 2017 20:00

Символ озера Маркаколь и человек

28 Апреля 2017 20:30

Рыбалка в водоемах Казахстана

28 Апреля 2017 20:45

Дела клубные

28 Апреля 2017 21:15

Встречи в рыбацкой деревне

28 Апреля 2017 21:50

Экстрим плюс

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram