Ақтөбе сапары

10 Апреля 2015 0 2134

  Батыс жері орталығы  Ақтөбе қаласы,

  Қуантады өркендеген мәдениет саласы.

 Осындағой Асанқайғы ұрпағы Абатта,

 Мұра болып  келеді уақытпенен таласа.

- деп өлен жолдарында айтылғандай батыс өңірінің қасиетті топырағын басудың да сәті түскен еді. Жүрдек пойызбен таңғысын Ақтөбе қаласына да келіп жеттік. Алғашқы бас сұққан жеріміз  имандылық ұйыған, Алланың нұры төгілген құтты мекен «Нұр ғасыр» мешітінің жанынан еңсесін тік көтерген, Ақтөбе жұртшылығын былтырғы жылдың желтоқсан айынан бері рухани азықпен сусындатып келе жатқан «Руханият» музейі болатын.  Музей басшысы Болат Атраубаев ағамыз ұжымға жалындап жанып тұрған жастарды топтастырыпты. Болат ағамыз жігітке жеті өнерде аз дегендей, бір бойына түрлі өнерді қамти білген, ҚР суретшілер одағының мүшесі (гобилен, кесте тоқудан алдына жан салмайды), шығыс жекпе-жегінен СШҮ, таэквондодан қара белбеуді белге таққан, қол өнерді жетік меңгеріп қана қоймай зергерлік өнердіде ұштастыра білген. Ал ұжымы  жас та болса бас бола білген жандардан құралған. Ерекше стильмен әсем безендірілген, ханның сарайынан кем түспейтін мұндай мұражайы бар Ақтөбе жұршылығы неткен бақытты. Батыс өңіріндегі көненің көзі асылдың сынығы болған иманды жандардың, келер ұрпағына суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын құнды мұра қалдыра білген ата-бабалырының тарихына терең бойлап, құнды деректер мен мағлұматтарды бір орынға топтастырған әрі жан –жақты насихаттай білген мұндай рухани мұражай қазақ даласында кемде кем. Қазіргі таңда халқымыздың тарихи-мәдени құндылықтарын сақтау мен насихаттау, оның ғибраттық-тәрбиелік мән мазмұнын ел жұртшылығына жеткізу аса маңызды шара. Ғасырлар бойы бабаларымыз аңсаған еркіндікке қол жеткізгесін, еліміздің болашағы мен егемендігіміздің баяндылығы үшін, өркениет көшінде ұлттық бет-бейнемізді сақтап қалу үшін рухани жаңғыруға ұмтылудың маңызы зор. Әлемдегі жаһандану үдерісінің зардаптарына басқа да рухани-мәдени ықпалдарға қарсы тұру жолында ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, рухани мұраларымызды насихаттау, сондай-ақ бар мен жоғымызды түгендеп, бір жүйеге келтіріп, өскелең жас ұрпаққа аманаттау болатын.

Ойсыл Қара мекені

Сырына қанық Құртқаның,

Бүгінгі елдің емгені

Хромтау екен білгенім,

Қойны толған қазына,

Ақтөбе аңыз ертегі,

Ерлердің екен мекені !

Батыс өңіріндегі рухани орындарды бейнетспаға түсіруге қолдау тауып төрт түліктің ішіндегі түйе жануарының пірі болған Ойсылқара әулиенің  де рухына құран бағыштаудың сәтін салды. Астымызда су жаңа көлік. Жолмен таласып зулатып келеді. Жол бастаушымыз көпшілікті рухани әңгімесімен сусындатып жүрген Мейрамгүл апамыз.   Орта жасты алқымдап қалған Мейрамгүл апамыз 3 қыз 1 ұл тәрбиелеп ел алғысын алған асыл ана. Тағдырдың қиын кезеңдерін бастан өткізе жүріп, мойымай нар жүгін арқалап уақыт пен таласа жүріп ұл-қыздарын қатарынан кем қылмай өсірген. Әр-бір айтқан әңгімесін байыбымен асықпай нақышына келтіре отырып тарқатады. Жол қысқарсын деген болу керек Ойсылқара әулиеніңде қысқаша дерегіне тоқтала кетті. Бірде дүниеден өтерде Ойсылқара  әулие имамды шақырып , мына шәкірттерім менің мүрдемді мен жерлеймін өзіммен бірге ала кетемін, жоқ мен жерлеймін деп таласып әбігер шегеді. Сол кезде ешбірінің де көңілін қалдырмай менің мүрдемді беріп жібере бер депті. Ал нағыз жамбасым  тиетін жерге тас өсетін болады , осыны  белгі етерсің деп өсиет айтып мәңгі сапарға атттаныпты. Айтқанындай шәкірттері ұстаз мүрдесіне таласыпты. Сонда имам шәкірттерді жиып алып, күн шыға берісте қайсысын бірінші келсен сол ұстаз мүрдесін өзімен бірге алып кетеді деп шарт қойыпты.Содан шікәрттер мен бірінші келдім деп алып кете беріпті. Сөйтіп жеті шәкіртте осылайша ұстаздарын жеті жерге қойыпты. Бірақта нағыз ұстаз сүйегі Хромтаудан 32 шақырымдай жерде ашық жазық далада ауыл шетіне жерленіпті. Айтқанындай қабірі жатқан жерге тас өсетін болыпты. Осындай   таңқаларлық  әңгімені естігенде  көзбен көргенше асық болдық. Кештетіп топырақ жолмен Ойсылқара әулиеге де келіп жеттік. Кесене орнына темірден шаңырақ көтеріпті, жан жағы ашық, ортасында әр-тұрлі көлемде көптеген тастар жатыр. Ескіден қалған қорым орны екені көрініп тұр, себебі өзгеде әр-түрлі пішінде тастан ойылып нақышталған таңбалар мен белгі тастары бар зираттар көрініп тұр.Үйден шырақшы шығып амандасқан соң баба рухына арнап құран бағыштадық. Қазан қаласынан келген ініміз осында  шырақшы Гүлнар апаның шәкірті әрі көмекшісі екен. Осы тұста Мейрамгүл апамыз да осыдан екі жыл бұрын келгенінде тастын биіктігі тізеден келетін еді, енді тастардың биіктігі белге жетіп қалыпты дегенде бізде таң қалдық. Апамыздың сөзін шырақшыда құптады. Ол да бұл жайға бірнеше жылдан бері таң қалып келе жатқандығын алға тартты. Бұл да болса Алланың құдіреті шығар деген ойға тоқталдық. Күн жиекке жақындап қалды, даланың салқын саф ауасы , жайылымның шүйгін шөбінің иісі мұрынды жарып барады. Кең байтақ даламызға көз жүгірте тұрып сол бір кездегі бабабалар жүріп өткен қырлар мен дөңдер ашылмаған сырға тұнып тұрғандай көрінді.  Ойсылқара бабаның аңызыда ойға орала берді.

Көне аңыздардың бірінде : «Ертеректе түйені жарату жер-дүние мен жан-жануарларды жаратушы Тәңірінің ойында болмапты. Иен даланы мекен еткен көшпелілер Жаратушыдан біздің қиын өмірімізді жеңілдететін ешбір түлік жоқ. Жүгімізді көтеретін күш көлігі керек,-деп сұрайды. Жаратушы жануар біткеннің дене мүшелерінен құрастырып, оларға жаңа түлік түрі-түйені жаратыпты» дейді. «Ия аңыз бен ақиқаттың ауылы көршілес деген, расында да түйе болмысына зер сала қарасаңыз, оның мойыны мен өркеші құс төресі аққуға, басы қойға, аяқтары бұғыға, жүйріктігі жылқыға, күш-қуаты өгізге ұқсайды» -дейді М.Исқақов. (Халық календары.-Алматы,Қазақстан.1980).

Ғалым Е.Жампейісов түйеде он екі жылдың нұсқасы бар, олар: құлағы-тышқан құлақ, бақайы-сиыр бақай, тірсегі-барыстікі, ерні-қоян ерін, шөкені-ұлудікі, көзі-жылан,төбесі-жылқы төбе,тісі-қойдікі, жүні-мешіндікі, мойны-тауық мойын, табаны-ит табан, құйрығы-доңыздікі.» Ендеше, ұлық түйеден жылға енген он екі хайуан мүше алған»-дейді ол.  Ойсылқара бабамыз туралы деректер қазіргі  таңда  көп ізденістерді талап ететін дүние. Түн қараңғысын жамылып Ақтөбеге оралдық. Ертесіне Бестамақ елді мекенінде жамбасы жерге тиген Пір Бекеттің нағашысы Есет Көкіұлы батыр бабамыздың кесенесіне зиярат етуге келдік. Бабамыздың кесенесі ауыл шетіндегі қырға орналасыпты. Мейрамгүл апамыздың айтуына қарағанда, ол кісіде ел аузынан естігенін айтып отыр. Алғашқыда  батыр мазары темір жол бойында болған екен. Кейін темір жол маңындағы  Бестамақ (Бес тама руының үйі тұрған ауыл, кейін Бестамақ болып айтылып кетіпті) ауылының бір тұрғынына батыр бабамыздың рухы аян беріпті. Сонда « Мен мына темір жолдың астында қалдым, тыныштығымды бұзды, мазарымды қырға қойыңдар, аяғымды батысқа қарай қойыңдар,  батыстан келетін тілсіз жаудың мысын басып жатайын» депті.  Міне содан бері батыр бабамыздың рухы қырдан жай тауыпты. 

Есет Көкіұлы (1667-1749жж) Кіші жүзден шыққан батыр. Орта жүзбен Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылуына ат салысқан  Бөгенбай батырдың күйеу баласы. Тарихи деректерге қарағанда Есет батыр кіші жүздің жеті руын билеген.  Ол Қазақстанның ресейге қосылуына кедергі келтірген Еділ қалмақтары билеушілеріне қарсы күресті. Осындай қызметі үшін патша үкіметі Есет батырға 1743 жылы тархан атағын берген деген деректер келтіріледі (ҚСЭ-4 кітап 188 бет) Бабамыз Маңғыстау өңірінде жерленген Пір Бекеттің түп нағашысы екен. Пір Бекет 12 жасқа толғанда батыр нағашысы

Үстіңнен дүбір кетпесін,

Құлағыңнан сыбыр кетпесін.

Ақ пен қараны айырар,

Жауды кері қайырар.

Атыңды айтып тұрғандай дүр боларсың.

Елге шуақ шашып нұр боларсың,

Үш жүзге танымал пір боларсың.

деп ақ батасын беріпті. Міне осы баталы сөзден кейін батырлығымен бірге дуалы ауыз екендігінде байқауға болады. Кесененің жан жағын бау егіп баптап қолға алыпты. Зияратшыларға арнап арнайы зияратхана салып табиғи газбен жабдықтапты. Мұның өзі елдің бабаға деген құрметі болса керек. Құранымызды бағыштап болған соң жолға жиналдық. Кесенеге  бізге дейінде бізден кейінде келіп жатқан зияратшылар легі таусылар емес. Ақтөбе өңірінде болған бұл сапарымызда қазақ даласының қай тұсында болмасын батыр бабаларымыз бен ел мүддесін таң атысы күн батысы тағат таппай ойлай білген игі жақсылар жайлы айтылмаған сырлармен ашылмаған құпиялар әлі де көп екендігіне көз жеткіздік. Ел аузында қалған аңыз-әпсаналар  әлі де зерттеулер мен жинақтауды қажет ететіндігін байқадық. Алла сәтін салса батыс даласына тағы бір тағзым етуді жазсын деген оймен елге оралдық.

 

                                    Ерлан Сыздық-Тұран телеарнасы

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

29 Июня 2017 08:10

Авантуризм

29 Июня 2017 08:45

Люди Х

29 Июня 2017 08:55

Рыбалка в водоемах Казахстана

29 Июня 2017 09:20

Экспедиция NOMAD EXPLORER:Тайны Устюрта 3 серия

29 Июня 2017 09:40

Беркутчи

29 Июня 2017 09:50

Морская рыбалка

29 Июня 2017 10:50

ГНПП: Қатонқарағай 2 бөлім

29 Июня 2017 11:30

Трофеи Авалона

29 Июня 2017 12:00

Простые радости

29 Июня 2017 12:30

Дневник федерации

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram