Түбі бір түркі елі.

02 Апреля 2015 0 1583

     Түбі бір, намысы өр, тарихы терең түркі жұртының ертеден-ақ ерлік пен елдік рухы үстем болған. Жаһандану жағадан алғанда, бауырлас елдердің бір мақсатта бірігуі ауадай қажет. Осы мақсаттағы шаралар әлемнің әр елінде үздіксіз өтіп келеді. Соның бірі, жақында Түркияда аяқталды. Кезекті бас қосу Түрік елінде дәстүрге айналған «Ататүрікті еске алу, жастар және спорт» мерекесіне орайластырылып 30-рет өткізілді. 30 ға терта елден жиналған 200-ге жуық жастардың арасында Алматы мен Шымкент жастарымен бірге  Түркістан топырағынан бізгеде қатысудың сәтін салыпты. Алматыдан әуелетіп ұшқан ұшақ қасиетті қазақ даласын артта қалдырып, заңғар тауларды асып, аппақ бұлтқа кіріп, көкке самғай жөнелді. Аэропортта терезе жағынан орын алайық, жоғарыдан барлығын көріп тамашалап отырамыз деп қуанған біздер, көкте ұшып бара жатып бойымызда үрей болғанын білдірмеуге тырыстық. Бірнеше сағат уақытты артта қалдырып Стамбул қаласына да келіп қондық. Керемет деп осыны айтарға бірінен кейін бірі таласып көкке самғап жатқан ұшақтар. Алып залмен қатарласып келеміз, тексеруден өткен соң Түркия елінің астанасы Анкара қаласына ұшатын қалааралық залдан  келіп орын  алдық. Бар жоғы 45 минуттын ішінде Анкарағада келіп қондық. Қаланың шет жағында орналасқан алып бес жұлдызды конақ үйге келіп жайғастық. Бір апталық бас қосуда әр елден келген жастар түрлі сала бойынша өз мүмкіндіктерін паш етті. Қазақ елі үкілеген азаматтар мен арулар ең әуелі күллі даласының ән салып тұрғанын даусыз дәлелдеді. Ататүрік кесенесіне зиярат жасалғаннан кейін Анкара көшелерінде апталыққа келген түркі жастарының шеруі өтті. Ұлттық киімдерін киген, қолдарына көк байрағымызды ұстаған Қазақ жастары патриоттық әндерді тоқтаусыз шырқағанда, қала жұршылығын үйлерінен шығып қол бұлғап  ризашылықтарын  білдіріп жатты. Осылай рухы биік Қазақ жастары ән ұранымызбен шеруді бастап, «Атамекен» әнін Анкарада асқақтатты. Даласы ән салған халықтың баласы бас қосудың соңына дейінгі барлық сәтте өз өнерін ортаға салды. Қазақтың ғажап әніне еліткен шетелдік жастар өзге автобустан ауысып келіп тыңдап, бейнежазбаға түсіріп жатты. Араб әмірлігінен  келген Әли Хасан өзгеше бояуы, үні мен сыры бар ән арқылы халқымыздың болмысын түсінгенін айтып, ағынан ақтарылды. Алматыдан барған студент Бақыт Нұрланқызының жағымды дауысына еліткен қатысушылардың алғысы мен ықыласы өзгеше болды. Автобус ішінде әр елден келген жастар  арасында ән айтудан жарыс болды, бәрібір біздің жастар әуелеткен қоныр дауыс, домбыраның құлаққа жағымды күйі басып озып, өнер тұнған елдің өресін бүкпесіз паш етті.  2- күні түс ауа, «Ататүрік» мәдениет орталығында жастар арасында поэзия кеші ұйымдастырылды. Он шақты елдің жастары шығып ортада өз елінің ұлы тұлғаларының өлең жолдарына шумақтар оқып, барынша залдағы жастардың жүрегін жаулап алуға тырысып бақты. Бір түсініксіздігі бізден қатысып отырған Тимур мен Саят бауырларымызды таныстыру сәтін жүргізуші ұмыт қалдырды. Сондада қалып бара жатқанына қарамастан, өлең оқуға кіріскен Тимур Тастан алға сытылып шығып  залдағы жастарға Қазақ даласының ыстық сәлемін жолдай тұрып,  отаншылдық тақырыбындағы өлеңдерді бірінен соң бірін ағыта жөнелгенде залда тыныштық әлемі орнай қалды. Жыр соңы Тимурдың  бастауымен «Атамекен» әніне ұласты. Залда отырған отандастарымыз қосыла орындарынан көтерілгенде барлық қатысушылар да тік тұрып, қошамет білдірді. Әр жүректің оты оянып, көңілдің пернесі рухтың әуеніне еліте түскен шақта қазақ тілін білмек түгілі түсінбейтін Индонезиялық қарындастың көзінен жас тамшылап тұрғанын байқадық. Кеш соңында ол қарындастан сұрағанымызда «мен түсінбесемде жүрегім түсінді»,- деген жауап алдық ... Міне қазақ тілінің құдіреттілігі қайда жатыр.Апталық аясында кішігірім спорттық ойындар мен ән айтып, би билеудің мүмкіндігі болды. Бәріне белсене қатысқан біздің талантты замандастарымыз қазақ жастарының өр рухта өсіп келе жатқанын аңғартты. Қай жағынан да көшбасшылық жасауға ниетті әрі қауқарлы екендіктерін байқатты.  «Сырт көз сыншы». Бізді Түркия елінің жастарға жасаған зор көмегі тәнті етті. Жастарға арналған жеке минстрліктің болуы, арнайы жастар мен спорт мерекесінің мемлекеттік деңгейде тойланып, бүгінгі буын өкілдері арасындағы таланттылардың көрмесі мен жарыстарын өткізуі – бәрі де келешекті ойлаған кемел қадамның жемісті жұмыстары.  Апталықтың айшықты тұсы, 19-мамырда өтті. Бұл күн түрік елінде «Ататүрікті еске алу, спорт және жастар» мейрамы. Көшелерде шеру ұйымдастырылып, түрік туын әспеттеген қалың қауым ұлы тұлғаға деген ұрпақ құрметін жоғары деңгейде көрсетіп жатты. Кешке қарай «Анкара-Арена» стадионына бардық.Түркия студенттер кеңесінің төрағасы мен Жастар және спорт минстрі Суат Қылыш жастарды құттықтады. Еліміз атынан қойылған шағын көрме де де көреремен көз айымына айналды. Қазақ даласындағы киелі де қасиетті жерлерімізді өзгелерге насихаттап, біздің елдегі туристік саланың қарқынды дамып келе жатқанын айтып естелікке суретке түстік. Айтпақшы, сол елде білім алып жатқан қазақ жастарының бірнешеуімен сұхбаттасудың сәті түсті, үздік оқып, өз еліне оралуға ниетті замандастарымызды көріп қуанып қалдық. Осы жолғы сапарды сәттті ұйымдастырған іскер де білімді азамат Мырзахан Байболов әрбір істің тетігін тауып, сәтімен жолға салып отырды.  Түрік елінде бізді таңдандырған тағы бір жай, имандылық пен рәмізге деген құрмет. Қаланың да, даланың да ең көрнекті жерлеріне мұнаралы мешіт салынып, алып тулар ілінген. Бар жағдайы жасалған мешітке құлшылық жасауға келетіндер де аз емес. Қай мешітіне барсаңызда арнайы биікке көтерілетін эскалатор орнатылған, әрі тазалық жағына қатты қарайды екен, бір тамшылап тұрған суды немесе істен шыққан құралдарды көрмедік. Автокөлік жолдарының өзі бір секіріп немесе қазылып , үсті үстіне асфальт төселіп жамалған жері жоқ. Немесе  жолдың тегістігін көлік ішінде келе жатып ішкен суыңызды орындыққа қойсаңыз төгілмейтіндігінен аңғардық.  Ал сансыз тулардың бірі де кірлеп, жыртылып не тозып кетпеген. Көліктерде, үй терезелерінде, дүкендерде тұрған жалау ел тұрғындарының отаншылдық тәрбиесінің бекем екенін бірден байқатады.  Туризмы қарқынды дамыған, отандық өндірісі нығайған, имани тәрбиеге мән беріп, ұлттық құндылықтарын әспеттеген әлеуетті елден үйренуге тиісті жақтардың аз емес екенін көрдік. Әсіресе тәй-тәй басып келе жатқан туризм саласына сол жақтан алып қосарымыз әлі де баршылық екенін аңғардық. Себебі бір жылда 25 мл туристі күтіп алу деген ол сол саланы мықты меңгерген мемлекетпен болшағына зор үмітпен қарайтын жастары бар белін бекем буған тәуелсіз елдің ғана қолынан келеді деген ойға келдік. Ал бізде сол мүмкіндікті өз ретімен пайдалана алмай келе жатқан кемшін тұстарымыз аз емес. Тек істемей емес, қолымызда барды ұқсата алмай жүрген жайымыз бар. Халықаралық бас қосудан тағы бір түйгеніміз, өз ұлтыңның құндылықтарын мықты ұстана отырып, түркі баласы біріккенде ғана үлкен асулардан асып, толағай табыстарға жетеріне күмәніміз жоқ екеніне көз жеткіздік. Бұл ұшаққа мініп Түркияны көргендегі түйген ойымыз болатын.

           

            Сыздық Ерлан         Тұран телеарнасы.

 



ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

АКК. Степной Кубок – 2017

Алматинский карповый клуб (АКК) является одним из уважаемых среди карполовов обществ, которое активно проводит соревнования различных рангов и развивает данный вид рыболовства в Казахстане.

Қатонқарағай-4 бөлім.

Қайыңы мен қарағайы, қылқан жапырақтысы болмасын барлығыда табиғат ананың үйлесімімен астасып, Қатон қарағайдың табиғатын сұлуландырып жатыр. Жанымызды қинар қаланың қауырт тірлігінен ада, жан тыныштығын берер тылсым табиғат.

Комментарии

Войдите с помощью одного из сервисов, чтобы оставить комментарии

Комментариев нет!

Федерация спортивного рыболовства РК

Сейчас в эфире

17 Августа 2017 17:00

Инфотур город Туркестан

17 Августа 2017 17:40

Ясауи 850 жыл

17 Августа 2017 18:00

Живая книга

17 Августа 2017 18:20

Рыбалка в водоемах Казахстана

17 Августа 2017 18:30

Встречи в рыбацкой деревне

17 Августа 2017 19:10

Книга Абай. Оразалы Сабденов

17 Августа 2017 19:30

фильм о сайгаках

17 Августа 2017 20:00

2 международный турнир по футболу им.Каппарова

17 Августа 2017 20:30

Трофеи Авалона

17 Августа 2017 21:00

Ото всюду обо всем

Телепрограмма

Наши партнеры

Instagram